Ересек адамдарға әке-шешенің қажеті неде?

Ересек адамдарға әке-шешенің қажеті неде?

Бақытжан Әлпейісов, Дінмұхаммет Нұрлыбай, Шыңғыс Бейбітұлы, Эльмира Қалбай, Нұрболат Рахатов, Назым Төлеубаева және Арнур Қусаингазин басты рөлдерді сомдаған «Әке» лирикалық комедиясы көрермендерді өзіне баурап аларлық қасиетімен ерекшеленді. Атмосфералық музыкаға бай, сырларға толы кейіпкерлерімен есте қалған хикая шынымен де трагикомедия ма? 

Авторымыз Дәрия Темірхан спектакльді барлық қырларынан толықтай талдап, хикая барысында туындаған күрделі сұрақтардың жауабын табуға тырысты.

«Әке» – «Жас сахна» театрында қойылған лирикалық комедия. Режиссёр: Алексей Шемес. Басты рөлдерде: Бақытжан Әлпейісов, Дінмұхаммет Нұрлыбай, Шыңғыс Бейбітұлы, Эльмира Қалбай, Нұрболат Рахатов, Назым Төлеубаева және Арнур Қусаингазин.

Спектакль желісі бойынша, бір түні Шыңғыс (Дінмұхаммет Нұрлыбай) досы Сайрашпен (Шыңғыс Бейбітұлы) музыкалық фестивальдан қайтар жолда автобусқа кешігіп, айдалада қалып қалады. Сол себепті олар бірінші кездестірген үйге жылынуға кіру үшін өтірік айтуға мәжбүр болады. Шыңғыс өзін үй иесі Рахатов Есхат Болатовичтің (Бақытжан Әлпейісов) ұлымын деп таныстырады. Бүкіл Рахатовтар әулетінің мүшелері, тіпті әкелерінің өзі де оған сенеді.

«Әке» спектаклінің бірінші акты маған таза қуаныш сезімін сыйлады. Жақсы тұстары көп, олар жайлы толығырақ айтып өткен жөн. Ең алғашқысы – музыка. Әндер көп болмаса да, олар бірден спектакль желісіне қажетті ырғақ беріп, көрерменді хикаяның атмосферасына баулайды. ARShaT – «Tyndarman Bol Tunde», Kazybek Kuraiysh – «Korkemim» және Ernar Amandyq – «baribir» деген әндер спектакль барысында өте орынды қолданылған және кейіпкерлерді тереңірек түсінуге көмектеседі. 

Екінші ұнаған тұсы – Шыңғыс пен Сайраш кейіпкерлері. Олар маған басында шындыққа жақын және заманға сай болып көрінді. Шыңғыс – жақсы тәрбиеленген, кішігірім қаладан келген жас жігіт, сондықтан өтірік айтқанды аса ұнатпайды. Теміртаудан Алматыға студент болып келіп, музыкалық фестивальда алғаш рет шөп шегіп көрген Шыңғыстың бейнесіне қарап, өзге сондай студенттер еске түседі. Сайраш болса Алматылық барлардың біреуінде жұмыс істеп, болашағы туралы еш уайымдамайтын қаланың баласы. Сайраш үшін өтірік айтқан түкте емес, жәй әзіл түрі. Олардың соншалықты әртүрлі болуы екеуінің арасында конфликт туғыздырып, желіні алға итермелейді.

Үшіншіден, «Әке» спектаклінің басты артықшылығы – актерлік перформанстар. Меніңше, барлық актерлер жақсы жұмыс жасады. Бірақ мен үшін Нурикті сомдаған Нұрболат Рахатовтың ойыны есте қаларлық болды. Оның жүріс-тұрысы және мимикасы алғаш рет жауапсыз махаббатты бастан кешіріп жатқан жасөспірім образын нық суреттеді және күлкі туғыздырды. Жас актерлер арасында, бірінші акттегі Шыңғыстың (Дінмұхаммет Нұрлыбай) ойыны да өте шынайы болды. Басында Шыңғысқа сеніп, оны аяғын келеді. Ал Бақытжан Әлпейісов туралы айтудын да қажеті жоқ деп ойлаймын. 

Алайда спектакльдің барлық жақсы тұстарына қарамастан, осал спектакль желісін ештеңе алып шыққан жоқ. Өте жақсы басталған өмір туралы трагикомедия соңында кенеттен махаббат туралы драмаға айналды. Шыңғыстың өтірік айтуға басты мотивациясы оның әкесіз өскені болды. Сондықтан ол отбасы мүшелерінің әсіресе әкелерінің оған бауыр басып қалғанын көріп, оңай кете алмайды. Солайша Шыңғыс Рахатовтар әулетінің күнделікті өміріне белсенді араласа бастайды және барынша көмектесуге тырысады.

Маған спектакльдің ортасында айтылған сөз қатты ұнады: «Ересек адамдарға әке-шешенің қажеті неде?». Мен спектакль осы ой маңайында құрастырылады деп ойлағанмын, сондықтан да желінің әрі қарай қалай дамитының асыға күттім. Мен Шыңғыс шындығын мойындап, өзі үшін жаңа отбасы тауып және балалық шағында көрмеген әкелік махаббатты ақыры ержеткен кезінде сезінеді деп ойлағанмын. Осындай жағдайда біз ересек адамдарға әке-шешенің қажеті неде деген күрделі сұрақтың жауабын спектакль соңында өзіміз үшін табатын едік. Ата-ананың махаббаты бізге әрдайым қажет және оған қол жеткізуге ешқашан кеш емес деген қорытындыға келеміз деп ойладым. Бұл спектакль өте әдемі, заманауи трагикомедия болар еді, бірақ авторлар мүлдем басқа жаққа кетіп қалды.

Авторлар Шыңғыс және үйдің үлкен қызы Назым арасындағы махаббат желісін кенеттен алдыңғы қатарға шығарды. Енді Шыңғыстың басты мотивациясы әкелік мейірбандықты тану емес, Назыммен бірге қосылу болды. Олар неліктен бір-біріне ғашық болғаны да түсініксіз, сондықтан мен бұл қарым-қатынасқа аса сенген жоқпын. Шыңғыс үйдің кенже ұлы Нурикке інісіне сияқты қамқор болса және үйдің иесін өз әкесіндей құрметтесе, неліктен Назымға қарындасындай қарамасқа? Олар қай кезде бір-біріне ғашық болғаны маған әлі де түсініксіз. Назым мен Шыңғыс арасындағы қарым-қатынастың кесірінен хикаяның негізгі мәні жоғала бастады. Егер спектакль басында хикая барлық адамды өз балаларындай жақсы көретін мейірбан ӘКЕ туралы болса, спектакль соңында ағасы мен қарындасы арасындағы біртүрлі махаббат туралы қарым-қатынасқа ауысып кетті. Өкінішке орай, осылай біткен спектакльді мен үшін тіпті жақсы актерлік перформанстар да алып шыққан жоқ.

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One