«Мәңгілік бала бейне» спектакль рецензиясы

Роза Мұқанованың шығармасының мазмұны және спектакль желісі, Семей полигонында, жарылыс толқынынан шыққан трагедияны Ләйлә (Ә. Сайлауова) атты мүгедек қыздың тағдыр тәлкегі арқылы бейнеледі. 

Полигондағы жарылыстан зардап шеккен Ләйлә – мәңгілік бала бейнесінде қалады. Балалық шақтан жетім қалған басты кейіпкер, қатыгез жүректі  Қатира әпкесінің (Д. Темірсұлтанова) қолында өседі. Қарауылда (Семей) әр түн сайын сырласып, көкейтесті армандарымен бөлісетін жалғыз дос-жараны – Ай. Аймен сыбдырласа, ол өзін сұлу, бойжеткен ару кейіпінде елестетеді. Ауылдағы есі ауысқан әйел- Шөкіш (Ш. Жанысбекова), осындай ардақты кештегі әңгімелерді естіп жатады. Бір күні Қарауылда той болды, сол сәтте Ләйләнің көз алдына балалық досы Құмар (Н. Қуанышбайұлы) кездеседі. Ләйләнің бала жүрегі, бойжеткен сезімін оятып, ендігі бақ қосу арманымен толқып бастайды.

Бұл шығармашылық оқиғамен таныс болмасаңыз, міндетті түрде әңгімелік түпнұсқаны, немесе спектакль желісін, әйтпесе шығармаға негізделген киноны қайсарлана ұсынамыз. Өкінішке орай мойындаймыз, осы заманда  шығарманың басты идеясы ел арасында әлдеқалай өзекті.

Роза Мұқанованың әңгімесі өз жалғасын театрда да, кинода да тапты. Мұхтар Әуезов драма театр сахнасы 1996 жылдан әлі күнге дейін толы зал жинайды. Әйгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Қызжылаған» атты киносы осы әңгіме негізін қамтиды.

Спектакль – театрдың заманауи классикасына айналған: диалог,актерлік перформанс, музыка, қоюшы  суретшінің жұмыстары мінсіз. Сынақ полигоны болғанына қарамастан,  әйелдер тұрмыс-тіршілік үшін арпаласып жатқаны ықыласқа тұрарлық бейне.
Қазақ тарихындағы үлкен трагедияны кішкентай адамның тұлғасы арқылы көрсеткені- хикаяның ерекшелігін дәлелдейді.

Мәңгілік бала бейнесі – күрделі спектакль. Спектакль меңіреу қалған Ләйләнің тағдырын ғана емес, Қарауылдың әр тұрғынының зардабын да құрсаулайды. Тіпті оны кемсіткен Қатира әпкесі, оны өлтіруге қыланған, ауытқумен азаптанған Шөкіш, және жазықсыз зардап шеккен Қарауылдың өзі. Үкімет ұзақ уақыт бойы елдің қамына қол сілтеп, Қарауылды тек пропаганда үшін қолданды. Спектакльде үкімет жүзін бөлек кейіпкер ретінде көрсеткен. Жоғарыда қабылдаған шешімдер еш бөгетсіз, тиянақты іске асырылу керек, ал оның салдары қаншалықты салмақты болатыны мүлде ешкімді мазаламайды. Үкімет – мейрімсіз, жүрек иманы түгіл, бет жүзі жоқ кейіпкер. Атқарушы жақ келіп-кетіп жатқанша, жұрт сынақ полигонының зардабын төзіп жүреді. Негізінде спектакль тек ҚСРО билегін емес, қазіргі билікті де сынайды. Себебі, полигон жабылып, жарылыстар тоқтатылғанына қарамастан, адамдардың денсаулығы әлі де нашар, әлі де жерде көмілген атом бомбаларың қайта зардап тудыру болжамы бар.

Билік жоспарлары құдайдың қаһарынан да күштірек. Үкімет қауымы спектакльде тіпті құдайға теңелгендей. Кей жағдайларда, тек оның дауысы (рупор арқылы) шығады. Ауыл тұрғындарының мазасыз уақытта жалғыз жұбанышы ішімдікке салыну.

Бұл қарғысқа ұшыраған Қарауылда, Ләйлә тек балалық кейіпімен ғана ерекшеленбейді, ол- жалғыз жан тазалығына бекім адам. Өзге тұрғындар, Қарауыл мен тағдырға деген өкпелерімен, жандары солып, жас Ләйләға аз болса да мейірімдік танытуға шама таппады . Ал Ләйлә, бойына таза сезім жиған: күлсе шын көңілден, мұңайса тереңінен, ал ғашықтық сезімін ашса, тек шын жүрекпен көрсетеді. Демек, соңғысы Құмарға қатысты. Осы жерде Ә. Сайлауова шеберлігін айрықша баса атап өтейік. Баладай бал дауыспен, екі сағат бойы бүкірейіп, мүгедек адамды сомдауы аса шынайы шықты.

Әйел жүзіндегі кейіпкерлердің арасында, мен үшін тұнық сезім қалдырған – Шөкіш. Ләйләнің Құмарға деген ғашықтық сезімі туралы білген Шөкіш, байқұс Ләйләні өлтіруге бейімделеді. «Мүгедектер ешқашан бақытты бола алмайды. Ол сау ұрпақ қалдыруға жарамайды, оларды қинамай өлтірген жөн» деген Шөкіштің сөзі тым күрт естіледі. Өз сөзіне бағына, Шөкіш өзінің мүгедек баласына қол салады. Бұл әрекеттен байқұс әйел толығымен есінен ауысты. Полигонның зардап жаңғырығы соншалықты қатты, тіпті аналар өз балаларын өлтірген. Шөкіштің залымдылығы, айналып келе, аянышты көңілге ауысады . Басты кейіпкер Ләйлә болғанымен, мен үшін – Шөкіш жауыз үкімет құрбандарының бет бейнесі.

Жалпы, “Мәңгілік бала бейне” түрлі әйел кейіпкерлер типін ашады. Мен үшін Данагүл Темірсұлтанова өзін жаңа қырынан көрсетті. Соңғы жылдары, ол мен үшін тек қатал ене образында есте сақталған болса, спектакльде қиын өмір соқтығысын бастан кешкен әйел. Иә, ол Ләйләға аса тәкәппарлық танытпайды.

Бірақ, кім қарауылдықтарға қайырымды болды? Кім Қарауылда ішімдікпен ұмтылмас? Қатира да ішімдікке құмар.Соңында, бәрібір Ләйлә үшін игілікті қалған. Құмармен бас қосқанын қаламаған себебі,  Құмардың арам ойлары бар екенін білген. Ақырында Ләйләнің ғайып болуы ауыр батып, ол да қайғыдан Шөкіш сияқты есінен ауысады. Солайша, ауылдың жынданған адамдар қатары есейіп түседі. (Бірақ мен, Шөкіш немесе Қатира кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ақтағаным емес. Айтқым келгені, олардың мұндай әрекетке қай сезім итермелегенін түсінуге болады деген ой толғау. Бұл кейіпкерлер, тереңінен шықпайтын ішкі құбылыстармен , сыртқы құбылыстардың оратсындағы жай ғана болмыс кешіп жүрген адамдар. Әр өмір құнды саналады).

Спектакльдің ашық финалмен қалғаны өте қайғылы. Демек, ештеңе өзгерген жоқ па? Ешкім соныңда жан емін тапқан жоқ па?

Бұл спектакльде баққыттан емес, қайғыдан жұрттың басы айналды. Алдымызда қарапайым өмірден ажыраған, бірақ дәл осындай өмірге мұқтаж адамдар.

Полигонның жаңғырық үні қашан басылады?

Бұл шығарма көп сұрақ ашып, үміт қалдырмайды. Бірақ, бәлкім, осындай қастандыққа жол беріп жатқан, өзіміз де үмітке лайық емес шығармыз.

Қосымша: Данагүл Темірсұлтанова 1996 жылы, алғаш қойылған спектакльде Ләйләні сомдады, ал осы жолы сахнаға Қатира образында шықты. Театрдың осындай ұрпақ арасындағы мирасқорлық дәстүрі бар болғаны жанға жылы сезім тудырады. 
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One