«Алма-ата’89» — «Art и Шок» 

P.S. Виктор Цой ағаш отырғызды, бірақ ол жеміс берген жоқ. 

«Кино» тобы мен Алматылық андеграунд өкілдерінен сұхбат алу арқылы жүзеге асырылған документалды спектакль. 

Режиссері: Дмитрий Мышкин, Ирина Михейшина 

Актерлер: Қуантай Әбдімади, Евгений Игнатов, Салим Балгазин, Айғаным Сағынбаева, Софья Гордеева, Анастасия Тарасова, Антон Болкунов.

«Алма-ата89» 80/90 жылдары болған қалалық мәдениетті зерттейтін спектакль. 

Спектакль осы шақтан өткен шаққа хабарлама алып келген курьер бейнесін көрсету арқылы басталады. Сол сәттен бастап, біз Алматыдан Алма-атаға аттанамыз. Қойылым үш бөлімнен тұрады: Апорт, Концерт 89, Музыкант на кухни. Барлығын Виктор Цой мен «Кино» тобы байланыстырады, Виктор өз әндерін айтып жатқан кезде ҚСРО құлап жатты. Сол сәтті Алматылық Х буыны қалай еске алады екен? Спектакль желісі осы тақырыпты жанайды. 

Апорт Виктор Цойдан сұхбат алғысы келген жас журналист жайлы. 

Бұл жас журналист кейін Караван мен КТК редакторы болған Александр Шухов. Александр осы сұхбатты еске ала отыра, Қазақстандағы журналистика өзгеше болғанын айтты. Виктордан сұхбат алған заман өзге болатын, журналистер шыншыл сұрақтарды әртүрлі тұлғаларға қоюға қорқыпайтын еді. Сұхбат барысында мен мұңая түстім: 90 жылдардан 2000 жылға, содан кейін «Жаңа Қазақстанға» аяқ баса, біз бір нәрсе жіберіп алған сияқтымыз. Бәлкім, ол Цой әндеткен өзгерістер? 

«Концерт 89» бөлімінде Алматылық жастардың алғашқы рок концертінде кешкен әсерін көре аламыз. Кім қалай «Кино» тобын қабылдаған, қалайша уақыт өте келе естеліктер жоғалып, бұлдырлап, өзгере бастайды, қалайша сол  өткен концерт адамдардың өміріне әсер етті. Бұл нағыз еркіндіктін алғашқы лебі… . 

«Музыкант на кухни» өткен ғасырдағы Алматылық андеграунд жайлы. Бұл музыка жаралу аңызы есіртке, шарап пен темекіге толы болған ескі пәтерлердің асүйлерінен бастау алады. Кейбірлері осы кезеңнен өтіп, жаңа өмір бастаған болса, қалғандары, сол кезеңнен мойын сұға алмай қайтыс болды. Андеграунд пәтерлерде пайда болды, және тап сол жерде өз соңына жетті. 

Жалпы айтқанда, осындай еркіндікті аңсап, соған қол жеткізген буын, қалайша жаңа/ескі биліктің қыспағында қалып қалғаны жайлы ой қозғалады.

ӨЗГЕРІСТЕР!- деп бір дауыспен айқалаған жұрт, қалайша цензурадан қорқатын болған? Шыныменде өзгеріс болды ма? Әлде, біз тек қатал авторитарлық режимнен, жұмсақ авторитарлық режимге өттік пе? Соншама мүмкіндігі болған алғашқы буын, ақыры ештеңе өзгерте алмады, қайта сол қыспаққа түсті.

 Осы сұрақтарға спектакль көре отыра, мен тек бір жауап таптым. Бүкіл үміттер мен асау армандар Виктор Цоймен бірге кеткендей. Қайта құрылыстың дауысы «Виктор Цойдің өлімі тым үлкен жара» деп бекітеді. Ол өз балаларын тағдырдың еркіне тастаған әке секілді. Сондықтан болар, Х буыны жалғыз қалған жасөспірімдер кейіпінде жүздеседі. Егер Виктор тірі болса, біз батылдырақ болар ма едік?! Кім білсін… бірақ, мен бұл мақаланы Салтанат Нукенованың ажалы, су тасқыны туралы жаңалықтарды оқи отыра жазып жатырмын. Және айтарым, бізге де 30 жыл бұрынғы өзгерістер қажет!

P.S. Виктор Цой ағаш отырғызды, бірақ ол жеміс берген жоқ. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски