CUUUUuuuuute, I LUV IT. Гиперпоп жанры тірі ме?

Бұл мақаламызда гиперпоп жанры қалай пайда болды, расымен ұмыт болды ма, осы жанрдағы қандай туындыларды тыңдауға болады деген сауалға жауап береміз.

Музыкаға қызығатын болсаңыз, гиперпоп терминін естіген шығарсыз. 2020 жылдардың басында танымал болған бұл жанр кейінгі кездері ұмыт болғандай.

«Гиперпоп» дегеніміз не?

Гиперпоп (hyperpop) — 2010 жылдары пайда болған музыкалық жанр. Онда поп продакшн элементтері бар. Алғаш тыңдаған адамға жайсыз естіліп, екіұдай сезім тудыруы мүмкін. Гиперпопты «стероидтердегі поп-музыка» деп те айтуға болады. 

Әр гиперпоп әртісінің өзіне тән иірімі болады. Бірақ әдеттегі поп-дыбыс авангард тәсіліне бейімделген электронды және хип-хоп музыкасы бар «смузиге» ұқсайды. Гиперпоп заманауи поп-музыканың конвенциялары мен троптарын тауып, бір-біріне қосу арқылы өзгеше сезімге бөлейді. Үш минуттық әнде мюзиклден алынған қайырманы, Skrillex стиліндегі клубтық бангер ырғақ пен қатты индастриал басс соққысын естісеңіз, гиперпоп тыңдап отырсыз деген сөз.

Нағыз жаңашылдық бейнесі. Поп-музыка өз ережесінің шеңберінен шыға алмай, тыңдарманды жалықтыра бастағанда хип-хоп тыңдауға қолайлы жанрға айналды. Гиперпоп поп-музыкада серпіліс жасап, жанрға балама дыбыс ұсынды.

Гиперпоп — өте ерекше жанр. Софи, Arca, Лаура Лес, 100 гек сияқты транс-әйелдерсіз, сондай-ақ дыбысты өміршең еткен ерекше фанбазасыз жанр қазіргі биігіне шыға еді. Бұл ыңғайлы поп-музыкаға қол жеткізе алмаған адамдарға арналған «поп» жанр.

Шығу тегі: PC music

Гиперпоптың қашан және қалай пайда болғаны туралы түрлі гипотеза бар. Оған қоса бұл жанр өкілі кім және оған тән дыбыс сипаттамасы қандай деген бітпейтін талқы да жүріп жатады. Қандай өнер түрі болсын, жанрды сипаттау дауласқан тараптар мәмілеге келетін мәселе емесі анық. Бұл жанжал әуеннің қадірін кетіретінін де білеміз.

Гиперпоп эволюциясы A. G. Cook өзінің PC music лейблін құрған кезден бастау алады деуге болады. Лейбл туындылары (жанрдың өзі сияқты) сол кезден-ақ қызу талқыға түсетін. Диссонанс электронды соққыларға негізделген, жоғары тонды вокалға толы әндер 2000 жылдарды еске салатын эстетиканы қолданып, тыңдарманға ұсынылады. Дыбыс көңілді не ырғақты әуеннің бәрін жұтып қояды. K-POP, bubblegum pop пен Eurohouse техникаларын қолдана отырып, өзіндік үнін қалыптастырады.

 

Charlie XCX

Әр қозғалыстың көшбасшысы болады. Гиперпопта бұл рөлді Charlie XCX алды. 2016 жылы Чарли енді өсіп келе жатқан поп-жұлдызы еді. Сол кезде-ақ қазіргі Игги Азелиямен Fancy хит әнін және Жон Гриннің Fault in Our Stars фильміне Boom Clap саундтрегін жазды. 

Чарли сол бағытынан таймаса, қазір Ariana Grande мен Dua Lipa сияқты жұлдыздармен қатар жүрер еді. Бірақ ол батыл таңдау жасап, экспериментал поп-продюсер Sophie-мен бірге Vroom Vroom EP атты альбомын шығарды. Бұл туынды қызу талқыға түсті. Мысалы, Pitchfork бұл әнге 4,5 балл ғана берген. 2016 жылы поп-музыканың іргелі ережелерін деконструкциялауды стандарттарға қол жеткізудің сәтсіз ұмтылысы деп қарастырды (Айта кету керек, Pitchfork жылдар өте рейтингіні қайта қарап, бұл әнге 7,8 балл қойды). Альбом тыңдарманның ыстық ықыласына бөленбесе де,  гиперпоп жанрының тарауына қадам жасалды.

 

«Feel so clean, like a money machine»

Гиперпоптың мойындалып, көп жанрдың қатарына қосылуына 100 gecs-тің money machine әнінің жаппай таралуы ықпал етті. Charlie XCX жанрға енудің жақсы ұмтылысы болса, money machine дыбыстың экстремал көрінісі саналады. Аuto-tune-мен өңделген постироникалық ән әдемі әуенінен бұрын тыңдарман құлағына «жайсыз музыка» ретінде танылды. Өлеңде ұйқас, үндестік, логика жоқ деуге болады. Соған қарамастан шын ұнатқандар да, ирониямен сүйсінгендер де аз болмады. Гиперпоп осы екі сезімді араластыруда алдына жар салмайды деуге болады.

TikTok та жанрдың дамуына ықпал етіп, жанрға жас аудиторияның назарын бұрды. Глитч ремикстер мен әндердің жылдам не баяу нұсқалары әлеуметтік желіде кеңінен тарап, гиперпоп сүйер қауым көбейді. Sophie-дің Faceshopping әні мен Odetari-дің дискографиясының танымал болуы — осының дәлелі.

Гиперпоп өлді ме?

Иә. Бірақ… өлмеген де сияқты.

Жанр бастаушысы болған адамдар музыка шығаруды қойды. PC music лейблі жұмысын тоқтатты. Charlie XCX поп-дыбысты тыңдарманға ыңғайлы етуге тырысатын болды. Жанр артында тұрған негізгі өнерпаздың бірі — Sophie қайтыс болды. Тыңдарманның жанрға қызығушылығы қалай тез өссе, тап солай жылдам бәсеңдеді. 

Гиперпопты жұрт «Исаның екінші келуімен» салыстырмаса, жанрдың жоғалғаны қатты сезілмес еді. Гиперпоп сөзі Youtube-та 2018-2019 жылдары қалай қолданылғанын іздесеңіз, жанрды негізсіз түрде «поп» дәуірінің жаңғыруы деп сипаттайтын видеолар ұшырасады. Ал сүйікті 100 gecs пен Charlie XCX — бәріміз күткен құтқарушылар. Әрине, жанрдың қазіргі халіне қарап, көп тыңдарман бұл бағыт үмітті ақтамады деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл жанр мүлдем жойылды деген сөз емес. Қысқа әрі өте анық дыбыс пен гиперпоптың продакшн стилі заманауи поп-дыбысқа сіңіп кетті. Оны Розалияның CUUUUuuuuute әнінен көре аласыз.

A.G. Cook — Beyonce-нің ALL UP  IN YOUR MIND продюсері. Arca Канье Уэст, Lil Uzi Vert пен Bjork сияқты әртістермен әріптес болды. Гиперпопқа тән дыбыс өлген жоқ, тек бейімделіп, қарапайым тыңдарманның құлағына жағымды стильге айналды. Мысалы, Charlie XCX-тің von dutch әуелгі музыкасына қарағанда қарапайымдау естіледі. Бұл гиперпоптың кейбір сипаттамасы поп-өндірістің заманауи тәсілдеріне сәтті еніп кеткенін көрсетеді.

Camila Cabello-ның I LUV IT

Музыкалық дискурста «гиперпоп» терминін естімегеніме біраз болды. Тренд — уақытша дүние. Charlie-дің Vroom Vroom шығармасы не money machine мүлде өшіп кетпесе, жанрға адал адамдар ұнатқан әуенін тыңдай бермек. Таяуда Камила Кабельо I LUV IT атты жаңа синглын шығарып, өзінің имиджін өзгертуге тырысып жатқанын аңдатты. Шашын аққа бояған, мінезі суыған, ал әуеннен… гиперпоп анық естіледі. Кенеттен жанрдың әрбір әуесқойы, өз ойын айтып шығу үшін ұзақ ұйқыдан шыққандай — «фейк», «артық-ау осы» және «қызықсыз» деген тіркестер жан-жақтан төгіле бастады.

Гиперпоп жасанды дыбыс пен әуенді шамадан тыс өңдеу тәсілімен танымал. Бірақ осы радикализмнің негізгі элементі — музыканың мақсаты. Мұның бәрі «поп» жанрына деген сүйіспеншіліктен жасалған. A.G. Cook пен Sophie поп-музыканы жақсы көріп, мэйнстрим әртістермен жұмыс істеуден ешқашан тартынбады. Олар тек шынайы поп-музыканың жұмбағын шешуге тырысты.

Кабельоның әрекеті әдейі есептелген сияқты. Бейнеклибі әдемі әрі кескінделген суретке толы. CANADA продюсерлік компаниясы музыкалық бейне ғана емес, Adidas пен Zara сияқты үлкен брендтерге арналған жарнамалық кампаниялар да жүргізеді. Бейнеклипте осы қызметінің ықпалы анық байқалады. 

Бүкіл ән, мазасыздық тудыруы мүмкін нүктеге дейін Оливия Родригоның дауысын еске түсіре бақыланатын, сол ұстамды түрде жасалғаны анық. Таза эксперимент пен көңілді музыкаға деген сүйіспеншіліктің жемісі болудың орнына маркетинг мамандары бірігіп жоспарланған өнім шықты. Ән тыңдағанда, цинизм сияқты негатив әсер туады.

Сонымен қатар, жүкті қызын тұншықтырғаны үшін қамауға алынған Playboi Carti-мен де фит бар. 

Гиперпоп өзінің музыка индустриясындағы орнын жақсы біледі. Vice гиперпопты «шикі, бірақ мінсіз» деп дәл сипаттайды. 

Hyperpop жанры жайлы бұрын естімеген болсаңыз, мына альбомдарды тыңдап көріңіз:

  • «Vroom Vroom» —  Charlie XCX
  • «Oil of Every Pearl’s Un-Insides» — Sophie
  • «Kick» трилогиясы — Arca
  • «ALIAS» — Shygirl
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски