She Is Working Late Cos She’s A Singer: Сабрина Карпентер деген кім? 

Disney дәуірі

Поп жұлдызы ресурсы мол, промоушн күшті жерде қалыптасады. Мысалы, Disney біраз таланттың жұлдызын жақты. Бритни Спирс, Майли Сайрус пен Zendaya сияқты танымал әртістер өнер жолына Disney арнасы арқылы келді. Бірақ Disney болар баланы аңғаратын сол бір сиқырынан айырылып қалғандай. Дегенмен арна талантты балаларды танытуын тоқтатпай келеді. Сәтті жобаларының бірі ретінде Оливия Родригоны атап өтуге болады. Бүгін біз мақала арнап отырған Сабрина Карпентер де солардың қатарына кіреді. 

Disney жастарды актерлік қабілеті мен әншілігіне қарай іріктеп алады. Сабрина осы талапқа сай келді. Әуелі елеусіз рөлдерді сомдап, Disney әндерін шырқап жүрді. Алғашқы ірі жобасы 1990 жылдардағы Boy Meets World сериалының ремейкі — Girl Meets World шоуындағы бас рөл болды. Кейін Disney музыка студиясымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл серіктестікке Сабрина әлдеқашан әзір еді. Әндерін сыншылар мақтап, Disney мультфильмінің кейіпкерлерін дыбыстап, тікелей эфирде көрсетілетін фильмдерге түсті. Даусыз талантты болғанымен, көпті баурап алатын ерекшелігі болмаған сияқты.


Now I’m a homewrecker, I’m a slut

Көптеген Disney жұлдызы сияқты Сабрина да медиакомпаниядан кеткен соң таныла бастады. 2021 жылы бойжеткен Island Records-пен келісімшартқа отырды. Ал Disney-сіз жариялаған бірінші синглі Сабринаның индустриядағы орнын айқындап берген туындыға айналды. 

Сабринаның Skin синглін тыңдарман Оливия Родриго мен Жошуа Бассетт арасындағы махаббат үштағанына арналған ән деп қабылдады. Драманың жай-жапсарын интернеттен таба аласыз. Қысқаша айтып өтейін. Оливия мен Жошуа 2019 жылы көңіл жарастырып, біршама уақыттан соң айырылысады. 2020 жылы интернетте Жошуаның Сабринамен кездесуде түскен суреттері тарап, бойжеткен қос ғашыққа киліккен қыз деген сынның астында қалды. 2021 жылы Оливия drivers license хитін шығарғанда үшеуі жайлы гу-гу әңгіме қыза түсті. Оливия осы әнде сүйіктісі айырбастап кеткен өзінен жасы үлкен аққұба қызды фанаттар Сабрина деп түсінді. Екі аптадан соң Сабрина Skin әнін шығарып, қарша бораған хейтке жауап берді. Алайда бұл трек Оливияның әніндей қатты танылған жоқ. (Genius сайтының ақпаратына қарағанда, Skin әні — Сабринаның ең танымал туындысы.)

emails i can’t send

2022 жылы Сабрина Карпентер Disney-сіз жазған алғашқы emails i can’t send альбомын шығарды. Альбомдағы синглдар хит-парадтарға жеткенімен, көш бастай алған жоқ. Альбомды сыншылар оң қабылдады. Махаббат үштағанынан кейін because i liked a boy сияқты тректерде хейт, қоқан-лоқы мен интим мәселесі сияқты тақырыптар көтерілді. 

Альбом әйтеуір біреуі хит болар деген оймен шыққан кездейсоқ жинақ емес. Арасында әсерлі баллада да кездеседі. Бірақ тұтастай алғанда туындынының бір қайнауы кем көрінеді. Сабрина тамаша өнерпаз болғанымен, өзгелерден айрықша тұсы жоқ сияқты көрінетін.


Feather 

Бірақ Сабринаның айрықша тұсы бар екен. Мұны emails i can’t send fwd деген атпен 2022 жылғы альбомының кеңейтілген нұсқасы шыққанда білдік. Альбомдағы Feather синглі әлі күнге дейін хит. Әнді әсіресе TikTok қолданушылары қатты ұнатты. Сингл edit видеолардың саундтрегіне айналды. Әннің бұлай таралуы — табыс көрсеткіші, тыңдарман көбеюінің кепілі.

Дегенмен сүрінбейтін поп-жұлдызы жоқ. Сабринаның осы синглға түсірген бейнесі католик шіркеуінің шамына тиді. Клиптің бір бөлігі Бруклиндегі шіркеуде түсірілген. Сабрина pastel түсті крестер қойылған шіркеуде қара қысқа шілтерлі көйлек киіп билейді. Католик шіркеуінің бұл көрініске шамданғаны сонша — түсірілімге рұқсат берген қызметкер лауазымынан айырылды. Сабрина түсірілім алдын ала мақұлданғанын алға тартып, «Иса да ағаш ұстасы болған» деген күлкілі жауап айтты. (Карпентер сөзі ағаш ұстасы деп аударылады.) Осы тұста Сабрина Тейлор Суифттің Eras турын ашатыны белгілі болды. Бұл танымалдыққа ұмтылған өнерпаз еңбегі елене бастағанын көрсетті.


Me Espresso

Биыл сәуірде Сабрина Espresso әнін шығарды. Сингл HOT 100 чарттың ондығына кіріп, 4-орынға жетті. 70-жылдардағы жаның жай табатын жағажай бейнелері мен еріксіз билетіп жіберетін ырғақты туынды тыңдарманға дәл уақытында жол тапқандай. Бұл әнді жаз бойы тыңдап, қыркүйекке дейін that me espresso деп айтудан жалығып та кетерміз. 

Синглды сынағандар да болды. Оны Doja Cat-тың 2020 жылғы туындыларына ұқсатып, ерекшелігі жоқ екен деп жатты. Бірақ, кім не десе де, ән табысты болды. Осылайша Карпентер баяу болса да, еңбекқорлығының арқасында поп-жұлдыз мәртебесіне жетті.


Актерлік мансап 

Үздіксіз альбом шығарып, жиі гастрольдік сапарда жүретін Сабрина кинодағы мансабына да уақыт табады. Көп фильмге түспесе де, оны Disney мен Netlfix-тің қызық жобаларынан кездестіресіз. Әсіресе 2022 жылы жарыққа шыққан Emergency атты фильмді көруді ұсынамын. Комедия мен драманы ұштастырған триллер Сабринаның актерлік шеберлігін аңғарып қана қоймай, АҚШ-тағы нәсілшілдік тақырыбын өзінше ашады.

Стилі 

Сабринаның өзіне тән ерекше стилі бар. Керемет кекіл мен толқынды шаш үлгісін қалай істейтіні туралы туториалын интернеттен көп табасыз. Бойы аласалау келген бойжеткен биік платформа киіп билегенде көптің таңырқай да тамсана қарайтынын білетіндей. Сабринаны балет эстетикасын еске түсіретін шілтерлі қысқа көйлектерден тануға болады. Оның жүрек пішінді саңылауы бар көйлектері хит болғаны сонша — жұрт оның көшірмесін табуға барын салады.


We need a pop star…

Сабрина Карпентердің стилі қазіргі тыңдарман талабының үдесінен шықты. Espresso әні биылғы жаздың ең танымал әніне айналуға шақ тұр. Жеке өмірі де реттеле бастағандай. Қазіргі жігіті — актер Бәрри Кеоганмен түскен суреттері желіде тез тарап, көптің ыстық ықыласына бөленді. 

pop girlie нарығындағы бос кеңістікті Сабрина толтыруы мүмкін. Оливия Родриго мен Билли Эйлиш — рок пен мұңлы попта көш бастаған феномендер. Rihanna енді ешқашан альбом жазбауы мүмкін, ал Lady Gaga кино әлеміне бет бұрғандай. Dua Lipa да жаңа командасымен альбом шығарды да, көрінбей кетті. Beyonce мен Тейлор Суифт сияқты танымал әншілерден басқа, сахнада миллиондардың көңілін баурап алатын талантты поп-жұлдыз тумағанына біраз болған. Осы кезде Сабрина көздің жауын алған сахна киімдерімен, жоспарланған сэттерімен (мысалы, Коачелла), кәсіби хореографиясымен танымал өнерпазға айналып үлгерді.

Осылайша попсүйер қауымның шөлін басқан Espresso әні де, Сабрина да осы жанрдың келешегі жайлы үмітті қайта маздатты.

Автордың басқа мақалалары:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One