«№ 37» — ŞAM театры ұсынған драмалық қойылым

Режиссер: Фархат Молдағали

Бас рөлдерде: Еркебұлан Дайыр, Асан Мәжит, Зарина Кармен, Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Алмат Құрақ, Лиза Серікова

2022 жылы ŞAM тәуелсіз қазақ театрының негізін қалаушылар — Фархат Молдағали, Еркебұлан Дайыр мен Асан Мәжит — «№ 37» қойылымының премьерасын өткізіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Пьеса әзірбайжан авторы Исмаил Иманның «Астара бақтары» атты туындысы негізінде қойылды.

Спойлер! Оқиға желісі бойынша, Балқашқа жақын шахталардың бірінде жарылыс болады. Сонда жұмыс істеген Расул із-түссіз жоғалып, кейіннен сүйегі табылмаған күйі 37 деген нөмірмен жерленеді. Алайда жас жігіт апаттан аман қалған екен. Расул құқық қорғау органдарының қудалауынан сескеніп, басы ауған жаққа қашады. Өзімді жарылысқа кінәлі етер деген күдікпен үйіне оралмайды.

Қойылым премьерасы кемінде 248 адам қаза тапқан қанды Қаңтар оқиғасынан соң бірнеше айдан кейін өткендіктен қалың көрермен ŞAM театры осы трагедияға емеурін жасап отыр деп ұққан. Оның үстіне, қойылым кезінде Расулды апат орнынан қашуға, ұзақ жыл оқшау өмір сүруге билік өкілдері мәжбүрлегені белгілі болады.

Пьеса шетелдік қаламгердің шығармасына негізделгенімен, мазмұнын қазақ қоғамының шындығынан айыру қиын. Мәселен, ағайынның пікіріне жалтақтаған отбасы марқұм ұлының тірі оралғанын қалай түсіндірерін білмей бас қатырады; жесір қалған әйел әмеңгерлікпен қайын ағасына еріксіз қосылады.

Расул үй іші он бес жылда түбегейлі өзгергенін көреді. Әйелі Зейнеп күйеуінің өтірігін, өзін жалғыз қалдырып, жастық шағын баянсыз өткізгенін кешіре алмайды. Анасы ұлының өлімінен кейінгі күйзелістен арбаға таңылады. Расулдың әкесі де, бауыры да оның оралғанына аса қуанбайды. Ал кішкентай ұлы туған әкесін танымайтын естияр жігітке айналады.

Кейіпкердің әрқайсы өзінше бақытсыз. Бір үйде тұрса да, әрбірі іштен тынып, өз қайғысымен жалғыздықта күн кешіп жатады. Расул өзінің бұл отбасына бөтенге айналғанын түсініп, үйден кетеді.

Қойылымның өзіме маңызды тұсы — Зейнеп пен оның бақытсыз өткен он бес жылы. Ол қайын ағасы Әнуарды сүймесе де, ұлы әкесіз өспес үшін әмеңгерлікке көнеді. Күйеуін жоқтай алмай, жаңа отбасы үшін тез ес жиюға мәжбүр болады. Қазақ қоғамында да баласы үшін бақытсыз өмірге көндігіп жүрген маңдайының соры бес елі қаншама әйел бары есіме түсті.

Қойылымның мықты тұсы — актерлердің шеберлігі. Еркебұлан Дайыр, Асан Мәжит пен Зарина Карменнің перформанстары жоғары деңгейде. Көрерменді сендіре алды. Ал Ғалымжан Молданазардың «Жауап бар ма?» әні пьеса атмосферасына жараса кеткен.

Қойылым авторлары қазақ билігінің саясатын жанама сынап, біздің қоғамдағы әйелдің жай-күйін бір отбасының трагедиясы арқылы шебер көрсеткен. Цензура жайлаған, сөз еркіндігі шектелген, көзге түрке көргісіз қараңғыдағы қазақ өнеріне тәуелсіз театр шам түсірер деп сенемін.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски