Жаңа альбоммен жарқ еткен Меган

Megan Thee Stallion – заманауи мәдениетте әлдеқашан жолын тапқан танымал әртіс. Ол тыңдарманға hot girl summer концептімен белгілі. Лейблімен ұзақ дауласып, ақыры тәуелсіз әртіске айналды. Өнерпаздың әндері қазір өзі құрған Hot Girl Productions-тан шығып жүр. 

2020 жылы Тори Лейнз атты әнші сол кездегі сүйіктісі Меганның аяғына оқ атқан. Бірақ Ториға жала жапты деп бойжеткеннің өзін қаралағандар аз болмады. Сотта Торидің кінәсі дәлелденіп, ол 10 жылға түрмеге кесілді. Сот үкімі шығарда бір топ әртіс Ториге араша түсіп, Меганды келеке қылған. Бұл жағдай Меганға оңай тиген жоқ. Ұзақ үнсіздіктен соң өнерпаз сөз алып, альбом шығарды.

Сэмпл патшайымы

Ремейкке әуестік кинодан музыкаға да жетті. Бұрыннан белгілі әнге ремикс жасау кейінгі кезде трендке айналды. Түпнұсқа әуеннің ностальгиясына түсіп кетпей, оны жаңа шығармаға айналдыру оңай емес. Мүлт кетсеңіз, ремикс емес, тағы бір кавер нұсқа шығаруыңыз әбден мүмкін. Әртіс әуендегі ерекшеліктерді аңғарып, оны өз талғамымен жалғастыруына не оған бейтаныс әнді қосуына болады. Бұған келгенде Меган – сэмплиңнің шебері. Оның таяуда шыққан «MEGAN» альбомы – осының айғағы.

Меган B.A.S. трегінде сэмпл ретінде Тиина Маридің 80-жылдардағы RnB әнін таңдаған. Ұзақ әрі баяу баллада Меганның токсик қарым-қатынасы туралы әніндегі хордың бір бөлігі ретінде қосылып, ырғақты әуенге айналып шыға келді. 

Меган бұрын аса таныла қоймаған «Booty Me Down» әнін өзгертіп, оған «Where Them Girls At» деген ат қойып, альбомына жаңа трек ретінде енгізіпті. Би алаңында алаңсыз асыр салатын ырғақты клуб хиті шыққан екен. Лирикалық әрі продюсерлік жағынан бұл ән Sexyy Red-тің «Looking for the Hoes» хитіне ұқсайды. Меганның арқасында көпке белгісіз ән жаңа орындаушы мен продюсерін тауып, тыңдарман жақсы әнге кенелді.

«BOA» әнін жазу Меганға оңай соқпаса керек. Гвен Стефанидің «What You Waiting For» әні онсыз да хит еді. Платинум деңгейіне жеткен әуенді алғашқы секундынан-ақ жазбай танитындар көп. Меган осы әннің импульсін пайдаланып, соны негізге алған сыңайлы. Түпнұсқада жиі қайталанатын «тик-ток, тик-ток» сөздері Меганның рэпіне жараса кетіп, вирус видеолардың сәніне айналды. Расымен, әннің түпнұсқасын біліп тұрсаң да, Меганның продакшнынан шыққан ремейкте трек жаңаша естіледі.  

Меганның сэмплиң шеберлігін әйгілеген тағы бір ән – «Otaku Hot Girl». Әуелгі жоспар бойынша, трек Нарутодағы «Blue Bird» опениңімен басталуы керек еді. Тек альбомның шығуына бірер күн қалғанда трек иесі серіктестіктен бас тартыпты. Бірақ Меган мойымай, әлгі трексіз-ақ жап-жақсы алып шыққан. Есесіне әнде Jujutsu Kaisen анимесіндегі саундтрек қолданылған. Итадори Южидің ағылшынша дубляж актері ұсынған арнайы кіріспе әннің көркін ашып, деңгейін арттыра түскендей. Меганның өзі айтпақшы, this is for all nerds everywhere!

 

Megan Thee Comedian

Билейтін ән жазудың білгірі Megan Thee Stallion жаңа альбомындағы «WAP» әнімен лирик өнерпаз екенін де аңғартты. Жинақта осыған ұқсас бірнеше ән бар. 

«B.A.S.» – жігітін сынаудан бастап, «екеуіміз де оңбағанбыз» деген сөзбен өзінің де кемшілігін мойындайтын, жылдам ырғақты ән. «Downstairs DJ» – Меганның жеке ләззаты туралы трек. «Батарея біткенше аркейд режиміндемін» деген тармағын мастурбация туралы ең ықшам әрі тапқыр теңеудің бірі дер едім. «BOA» бейнебаяны – слэпстик стиліндегі комедияға толы туынды. Меган косплейге қызығып қана қоймай, бұл бағытта өзінің стилін де тапқаны көрінді.

Сырын ашқан Меган 

Меганға көп айтылатын сынның бірі – ол жазатын тректер тақырыбында әр алуандық жоқ. Оған қоса, Меган тректеріне екіұдай, астарлы мән қосқанда, оны кейбір әртіс түсінбей қалып жатады. Мысалы, Меган заңы туралы «Hiss» сілтемесі Дрейкке не жалпы музыканттарға бағытталған болуы мүмкін еді ғой? Бірақ Никки Минаж оны жеке өзіне қабылдап, Меганға дисс шығарады.

Меган жеке өмірі туралы айтудан қашқақтайды. Жігітпен де, қызбен де кездесетінін, клубтан шықпайтынын ғана білетінбіз. Алдыңғы альбомда Меган ашыла бастағандай көрінсе, «MEGAN»-да бұл ойы айқын аңғардық. Мәселен, «Worthy» трегі Меганның мантрасы сияқты: «Мен бар жақсыға лайықпын, түкке тұрғысыз адам емеспін» дейді. Бұл әнде Меган сүйетін әдеттегі соққылар емес, гитараның нәзік аккордтары естіледі. Осылайша әртіс осы әнге келгенде көңіл-күйі өзгергенінен хабар береді.

«Moody Girl» – Меганның тағы бір hot girl қырын көрсеткен трек. Бойжеткен бұл әнде жігітімен сексті қаламайтын ашық баяндайды.

«Cobra» – Меганның рок дыбысымен тәжірибе жасаған ерекше туындысы. Бұл әнде күйзелістен ішімдікке салыну, ата-анасына деген сағынышы мен жігітінің опасыздығын білуі сияқты көпке беймәлім тақырыптар қозғалады. Бұл мұңды тректе ешқандай ұйқас не тапқыр тармақ жоқ, тек тұнған эмоция. Тыңдарманымен сырласа бастаған Меганның жан-дүниесін ақтарған соңғы трегі бұл болмаса екен деп тілеймін. 

Жаңа Меган қайда? 

Меган – керемет фристайлшы, талантты хитмейкер, көрнекі бейнелер шебері. Альбомдағы бірнеше әнді плейлисіме қосып алмақпын. Әннің көбі жақсы шыққан, кейбірі керемет естіледі, бір-екі трек тіпті жаздың хитіне айналудың аз-ақ алдында тұр. «Cobra»-ны альбомның бірінші синглі етіп қойғаны жаңалық күткен тыңдарманды баурап алған. Жаңа жанр, ерекше стиль мен тосын лирика Меганның шығармашылығындағы өзгерістің нышанындай көрінді. Бірақ үмітім ақталмады.

Мен Меганның әртіс ретінде біраз жаңалық әкелеріне сенемін. Алайда мына альбомын бастан-аяқ тыңдап шығып, өнерпаздың әлі ескі соқпақпен келе жатқанын түсіндім. Жинақтағы көп туынды Меганның әдеттегі стилінде жазылған. Мына альбом өзінің комфорт зонасынан шыққысы келмейтін не лейблінен кеткен соң өзіне дереу жаңа альбом шығаруым керек деген міндет алған өнерпаздың асығыс жұмысына ұқсайды.

Тап қазір Меганның артында тұрған команданың тыңдарманды таңдай қақтырар туынды жасауына жеткілікті ресурсы мен еркіндігі бар. «MEGAN» осындай альбом болғанын қанша қаласақ та, шындыққа тура қарауымыз керек.

Автордың басқа мақалалары:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One