Соғыс құдайын сөйлеткен «Бата» театры

Идея авторы: Вероника Насальская

Актерлер: Вероника Насальская, Нодар Машуров, Ян Томингас, Станислав Насальский, Ира Хольцман, Вячеслав Евстафьев, Юлия Шабайкина және Нұргүл Алпысбаева. 

Коллаж by @sugarrydoggo
Photo by @koshkindrug, @teddybeer85

«Холиуар» фронтал концерті – «Бата» кеңістігінің биылғы театр маусымын қорытындылаған спектаклі. 

Холиуар (holy war) – интернет дәуірінде пайда болған термин. Көзқарасы кереғар адамдардың желідегі мәнсіз талқы мен бітпейтін қырқысын осылай атайды. Театр ұжымы осы тартыстың табиғатын зерттеп, үш жарым сағаттық қойылым әзірлеген екен. 

«ARTиШОК» театрының негізін қалаушы әрі «Бата» театрының көркемдік жетекшісі Вероника Насальская – осы қойылым идеясының авторы. Насальскаяның сөзінше, Қазақстандағы және әлемдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларға байланысты «Холиуарды» қоюға үш жылға жуық уақыткеткен.

 

Алуан түрлі үш акт

Қойылым үш актіден тұрады. Бірінші акт танысудан басталды. Келген қонақтар қаз-қатар тізілген орындықтарға жайғасып, актриса оларға сұрақ қоя бастайды. Құдай бар ма, жоқ па? Соғыс басталса майданға аттанасыз ба, әлде бармайсыз ба? Кофе күшті ме, шай жақсы ма? Сұрақтың көбі – адамдардың пікірі екіге жарылатын, екі тарап та өзінің дұрыстығына кәміл сенетін тақырыптар. Келіспеушілік табиғатын түсіндіру үшін идея авторы осындай әдіске жүгінген екен.Көркемдік шешім ретінде мұнысы сәтті идея көрінді.

Екінші актіде қойылым көрсетті. Бас рөлде – cоғыс құдайы Марс. Ардагерлер мен соғысқа қатысқысы келетін бір топ адам Марстың алдына келеді. Марс олардан соғысқа неге құмар екенін сұрайды. Бірі мұны ойын ретінде көреді, кейбірі өз шындығын дәлелдегісі келеді, ал басқа бір топ мардымды уәж айта алмайды. Бұл диалогте Украинадағы соғыс туралы талқыда айтылып жүрген көп аргументті естисіз. Бұл бөлімде әртістерді ғана емес, түрлі эмоция танытатын көрерменді де бақылаған қызық.

Үшінші акт – фронтал концерттің өзі. Концерт толықтай әскери тәртіппен өтіп, біз, көрермен, бір уақ солдатқа айналып кеткендей болдық. Әр әннен кейін шапалақтауға, билеуге пәрмен беріліп тұрды. Бұлжытпай орындадық. Концертте жанды дауыспен әлемдік хиттерге каверлер орындалды. Қойылымдағы актерлер ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнады.

Ақтау ма?

Қойылымның бірінші актісінде театр өкілінің көрерменге неге сұрақ қойғанын кейін ұқтым. Осы әрекет арқылы авторлар әр адамның өз шындығын дәлелдеуге тырысатынын, ол үшін тіпті жанжалдасуға да әзір екенін көрсетті. «Бұл – адамның табиғатында бар нәрсе» дейді. Расымен, залдағы көрермен «Құдай бар ма, жоқ па?» деген сауалға келгенде біраз дауласып қалды.    

Ал екінші актіде соғысқан, соғысқысы келетін және соғысты ашық сынамайтын адамдарды сөйлетіп, олар да біз сияқты адам екенін, олардың да өз шындығы барын көрсетті. Қойылым авторларының идеясы бойынша, біз бітпейтін даудың нүктесін қоя алмаймыз, талқының әділ бағасын да бере алмаймыз. Себебі өзіміз де – белгілі бір шындыққа сенетін тараптың біріміз. 

Екінші актіде театр ұжымы Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылағандай болды. Кей тұсында әртістер Ресейдің қылмысына орыстардың неге бейжай қарап отырғанын түсіндіргісі келгендей көрінді.

Бұл олардың әрекетін ақтау амалы емес деп үміттенемін. Бейкүнә адамдар жаппай өліп жатқандаагрессор елдің азаматтары үнсіз отырғаны – ештеңе деп ақтауға келмейтін әрекет.


Түрлі эмоция тудырған қойылым

«Бата» театры кеңістіктің артық және кем тұстарын сәтті қолдануды, дыбыс пен жарықты декорациямен үйлестіруді шебер меңгерген. Өзіме әсерлі болғаны – қойылымдағы дыбыс. Екінші актіде авторлар кейіпкерлердің дауысымен қызық тәжірибе жасаған. 

«Холиуар» – құрылымы күрделі қойылым. Әр актіден соң алдыңғы сахнаның астары ашыла түсіп, сан түрлі ой салады. Үш акт бөлек-бөлек болғанымен, бірін-бірі толықтырып тұр.

Театр ұжымы біз үйренген шеңберден шығып, көрерменді бірде бишіге, бірде желі қолданушысына, енді бірде солдатқа айналдырып жібереді. 

«Бата» театры әлемдегі түрлі сұмдыққа рефлексия жасап, ой түйгенге жақсы спектакль әзірлеген. Ашу-ыза, қуаныш пен қайғы, махаббат пен жеккөрініш – үш жарым сағатқа созылатын қойылымда көрермен бастан өткеретін эмоцияларды түгел тізіп шығу мүмкін емес. 

Дәрия Темірханның басқа мақалалары:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Властелин колец: Война рохирримов»: никому ненужная аниме-экранизация
Культура
#кино
«Властелин колец: Война рохирримов»: никому ненужная аниме-экранизация
Как прошёл дневной рейв в Алматы — фоторепортаж
Город
#события
Как прошёл дневной рейв в Алматы — фоторепортаж
НАШ ХОККЕЙ: ТРУДНОСТИ «БАРЫСА», ПЕРЕСТРОЙКА PHL И УСПЕХИ СБОРНОЙ
Ликбез
НАШ ХОККЕЙ: ТРУДНОСТИ «БАРЫСА», ПЕРЕСТРОЙКА PHL И УСПЕХИ СБОРНОЙ
Жараның бетін тырнайтын «Жауап бер» фильмі
Культура
#кино
Жараның бетін тырнайтын «Жауап бер» фильмі
Перформанс QYSTAU: новые коллекции алматинской четвёрки на сцене ARTиШОК
Стиль
#мода
Перформанс QYSTAU: новые коллекции алматинской четвёрки на сцене ARTиШОК