Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы

Биыл қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Әлемдік державадағы саяси науқанды қашықта отырсақ та, елеусіз қалдыра алмаспыз. Таяуда Жо Байден саяси додадан шығатынын мәлімдеп, Камала Харриске қолдау білдірген соң Veep сериалының көрермені күрт көбейді. Саяси сатираға толы шоудың қайта танылуына не себеп?

Дөп түскен Veep

АҚШ президенті Жо Байден сайлауға түспейтінін мәлімдеген соң 2012 жылдан бері шығатын Veep сериалының бірінші маусымын көргендер саны 350 пайызға артқан. Бұған саяси шоудағы жайттардың шынайы өмірде қайталанып жатқаны себеп болды. 

Veep шоуы алғашқы маусымында АҚШ-тың (ойдан шығарылған) вице-президенті Селина Майердің саяси мансабы мен жеке өмірін көрсетеді. Майерді президент тапсырған маңызы жоқ шаруалармен айналысатын, саяси салмағы жоқ адам ретінде танимыз. 

Көрермен сериалда ойдан шығарылған вице-президент пен Байденнің орнына кандидат болғалы жатқан Камала Харристі қатты ұқсатты. Мәселен, шоудағы Майер (Камала Харрис сияқты) кезінде президент болуды қалағанымен, вице-президент лауазымын місе тұтқан. Ал сериалдағы президент Хьюз қызметінен кететінін мәлімдеген соң, Майер билікке келеді.

Бірақ Veep сериалына ойдан шығарылған сюжеттері дәл келіп жатқаны үшін ғана назар аударғанымыз дұрыс болмас. Бұл шоудың ең үлкен артықшылығы – шынайы да сапалы саяси сатирасы.

 

Саяси дағдарыс

АҚШ-тағы сайлау науқаны – негізгі екі партия арасындағы тартыс күшейетін кезең. Бірақ қалың көпшілік таңдау жасарда қатты қиналмайды. Партиялардың көзқарасы айқын әрі қарама-қайшы. 

Республикашылдар түсік жасатуға тыйым салуды қолдайды, дәстүрлі құндылықтардың сақталуын насихаттайды, ал демократтар – ЛГБТ-ны жақтайтын, феминистік, прогресшіл топ. Әйтеуір екеуі өзін солай көрсетеді.

Кейінгі жылдары Демократиялық партияның либерал көзқарасы оңшылдыққа ойысыңқырап, саяси топ әуелгі ұстанымынан тая бастады деген сын жиі айтылып жүр. Сондықтан сайлау шын мықты алға шығатын емес, екі жаманның бірі таңдалатын науқанға көбірек ұқсап кетті. Veep сериалының авторлары бұл саяси дағдарысты ертерек байқаған.

Пиар дода

Вице-президент Селина өзін елге әйгілі ететін, саяси ықпалын күшейтетін кез келген әрекетке әзір. Көздегені – президент болу. Оның халыққа жаны ашымайды. Мәселен, Конгресс мүшесінің қолдауына ие болу үшін мұнай өндірісін шектейтін заңнамаға жауапты комитетке мұнай лоббисін мүшесі етіп жібереді.

АҚШ-тың қазіргі саясаты – әлемдегі ең үлкен PR бәсеке. Бас жүлде – ядролық қару мен әлемдегі ең бай ел. Нені жақтап, не ойлайтыныңыз маңызды емес. Бастысы – халықты аузыңызға қарату, кем дегенде қарсыласыңыздан азырақ жеккөрінішті көрінсеңіз жетіп жатыр. 

Камала Харрис жарнама жағынан өзінің ойдан шығарылған әріптесіне қарағанда озық тұр. Мәселен, үлкен аудиториясы бар әнші Charli xcx-тің қолдауының арқасында (меммен болса да) ықпалды басылымдарға шығып, кандидат ретінде жас электораттың көңілін тауып жатыр. Әуесқой түсірілген күлкілі де шынайы видео мен мемдер сайлаушылар санын артырудың ең тиімді жолына айналды. Veep мұны да ертерек білген. 

Селинаның өз имижіне бас қатырып, оған нұсқан келтіруі мүмкін кез келген жайттың алдын алып отыратыны шоудағы біраз шығарылымға арқау болған. Авторлар дауыс берушілерді де мұқатады: сериалда көпшілік сайлауға барарда кандидаттың бағдарламасына емес, вайбына көбірек мән береді.

 

Саясаткерді құнсыздандыру

Ақ үйдегі өмір туралы сериал мен фильм жетерлік. «The West Wing» сериалы – соның бірі. Телехикая Ақ үйдің адамдарын ісіне адал, құрметке лайық азаматтар деп көрсетеді. Бұрын сенатордың көмекшісі болған, Ақ үйде істеген адамдар сценарийін жазса, әрине, романтизация мен тәтті естелік толы картина шығары анық. Сериал тым сентиментал, әлемде әділдік орнатқысы келетін күрескер батырлар туралы туынды дерсің. 

Ақ үй туралы тағы бір сериал – «House of Cards» билік үшін адамдықтан аттай салатын саясаткерлердің макиавеллист болмысын көрсетеді.  Бұл кейіпкерлерді асқақтатып көрсетеді. «Осы саясаткерлердің орнында болсаңыз, сіз де билігіңізді сақтап қалу үшін сөйтер едіңіз» дейді, «Олар бізден көбірек біліп тұрады, жай адам байқамаған нәрсені назарда ұстайды» деген ой тастайды. Оларды құрметке лайық етіп көрсетеді. 

Ал Veep-тің Ақ үйдегі ақ жағалыларға ұнары екіталай. Фильм авторы, шотланд сатиригі, режиссер Армандо Ианнуччи саясаткерлерді қолынан түк келмейтін екіжүзді етіп көрсетеді. Шоуда халық игілігі үшін жүрген адамды көрмейсіз. Бәрінің көздегені – билік пен байлық қана.

Авторлар меритократияны миф етіп, ал саясаткерлерді өз басын күйттеген тобыр ретінде көрсетеді. Оларды ұлықтау идеяларын жермен-жексен етіп, әбден мазақ қылады. Ықпалды шенеунікті жолы болғыш надан адам етіп көрсетеді.

Түсінгенім

(Спойлер!) Сериалдың аяғында ең жағымды кейіпкер, адамдығын жоғалтпаған Ричард Сплетт ақыры АҚШ президенті болып сайланады. 

Бұл шоу саяси өмірі онсыз да сұрқай, бәсекеден ада елдердегі көрерменді немқұрайды позицияға итермелеуі мүмкін. Бізсіз-ақ бәрі шешіліп қойған болса, сайлауға не үшін барамын деген сұрақ та туындайды. 

Бірақ Veep жанама түрде халықтың немқұрайды позициясын да сөгеді. Нигилизм танытпай, саяси белсенді болсақ, Селина Майер сияқты шала сауатты шенеуніктер билікке жетпес еді деген ой тастайды. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One