Терме, поп, «эщкере», рэп. «КешYou» әлі тірі ме?

Терме, поп, «эщкере», рэп. «КешYou» әлі тірі ме?

Биыл «КешYou» тобының құрылғанына 20 жыл толды. Қазақстанда ең ұзақ жұмыс істеген герлзбенде жиырмадан аса қыз өнер көрсетті. Құрамымен қатар әуені де, тыңдарманы да құбылып отырды. Топтың жұрт жатқа айтатын әні де, сәтсіз шыққан тәжірибесі де аз емес. Бір анығы — «КешYou» қазақ эстрадасының тарихындағы ең ықпалды топ болды. Қазір ше? ʼ98mag авторы Дәрия Темірхан талдап шықты.

Алғашқы жылдар

«КешYou» тобының тарихы 20 жыл бұрын басталған. Әуелде топты қазақстандық продюсер Алуа Қонарова «Saf» деген атпен құрды. 2004 жылы топ «Жасыл ел» атты алғашқы әнін шығарды.

Герлзбенд 2006 жылы продюсер Баян Алагөзованың қарамағына өтіп, қазіргі атын алды. Ол кезде топ құрамында Әсел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова мен Зумрад Гараева болған.

Сол кездегі клиптеріне қарап, бүгінгі тыңдарман «КешYou»-ді танымас еді. Ашық киініп, орысша ән айтқан қыздар Ресейде аса танымал болған «ВИА Граға» ұқсауға тырысқандай. 2000 жылдардың басында соларға еліктеген жалғыз «КешYou» емес еді. «FM», «Tequila», «Дауыс International» топтарындағы «орысша шырқайтын шығыс арулары» естеріңізде шығар?

2007-2008 жылдары топтың құрамы мен стилі өзгеріп, қазақша әндер шығарды. «Арман-ай» мен «Сүгірдің термесі» топтың танылуына жақсы ықпал етіп, өнердегі қадамы нығая бастады.

Жаңа образ әсіресе Мөлдір Әуелбекованың жұлдызын жақты. Домбыра шертетін, үні қазақи әнші көптің көзайымына айналды. Ал 2010 жылы шыққан «Ғашық жүрек» фильмінде Мөлдір ауылдан шыққан қарапайым да талантты қыздың рөлін сомдап, миллиондардың жүрегін жаулап алды.

Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау, әдемі қыз-ай! Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз-ай!»

«Алтын құрам»

Продюсер Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың арасында кикілжің болып, әнші топтан кетті. Оның орнына Жанар Дұғалова келді.

Тыңдарманға тосын көрінген бұл жайттардан «КешYou»-дің атағы кеміп қалған жоқ. Керісінше, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденова көпшілік «Алтын құрам» деп атайтын ұжымға айналды.

«Алтын құрам» небәрі екі жыл жұмыс істеді. Бірақ 2012-2014 жылдар топ тарихында ең өнімді кезең деуге болады. Үш қыздың әрбірі өзінше сұлу, өзінше талантты болды. Үш түрлі өнерпаз керемет үйлесім тапты.

Бұл құрамның әр әні хитке айналып жатты. «Қазақ қыздары», «Асықпа», «Туған жер», «Ризамын», «Махаббат» әндерін жатқа айтатын адам аз емес. Оларға түсірілген клиптер де ұжымның шығармашылық ізденісін анық байқататын.

Жанар Дұғалова композитор ретінде топтың әуеннін өзгертті. Оның ырғақты әрі сыршыл әндері топтың заманауи поптағы салмағын арттырды.

2014 жылы шілде айында Жанар жеке кетіп, топқа Мөлдір қайтып келді. Бірақ бұл құрам үш ай ғана жұмыс істеді. 2014 жылы қыркүйек айында Мөлдір топтан тағы кетті де, оның орнына Жұлдыз Өмірғали қосылды. Бұл құраммен топ жұмысы жарты жылға жеткен жоқ: Айдана тұрмысқа шықты, ал Кәмшат соло мансабына бет бұрды.

2012-2017

Бұл бес жылдықта топ белсенді жұмыс істегенімен, рейтингі құлдырап бара жатты. Көпшілік жаңа топ мүшелерін «алтын құраммен» салыстыра берді және ешбірі әйгілі үштіктен асып түсе алмады. Топ мүшелері жиі ауысып, көбіне әнімен емес, жеке өміріндегі шулы оқиғалармен танылатын болды. Музыка мен визуал жағынан да жаңашылдық болмады.

Бірақ 2017 жылы топ квартет ретінде «Қалай ғана?» әнін шығарды. «Лашын» тобының әншісі Сара Амангелді «КешYou»-ға рэп әкелді. Топ ақыры заманауи стиль тапқандай болған-ды. Бірақ көп ұзамай топтан Сара кетіп, ұжымның жұмысы тағы ақсап қалды.

2018 жылы «КешYou» рэпер Baller-мен «Swala La La» әнін шығарды. Элизат Берікованың «эщкере!» дейтін әні есіңізде болар? Мұндай әнді ешкім күткен жоқ! YouTube-тағы қаралым саны топтың барлық әні мен бейнебаянынан асып түсті. Бұл ән «КешYou» нарықта «тірі қалуға» барынша тыраштанып жатқанын көрсетті.

«Бриллиант құрам»

«Бриллиант құрамда» Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина мен Наргиз Алтайбай болды. Олардың «Ұят емес» атты алғашқы әні қазақ қоғамдағы мәселелерді көтереді. «Ұят деген пара алып, пара беріскенің. Ұят деген қараны аппақ дегізгенің. Ұят дегенің жұрт көзінше жұмсақ болып, қамшымен әйеліңе таяқ жегізгенің».

Бірақ кейінгі бес жыл бойы топ, өкінішке қарай, музыка мен визуал бойынша өте көп сәтсіз эксперимент жасады. Продюсер Баян Мақсатқызы жеке өміріндегі жайттарға байланысты бұл құрамның жұмысына көп арала алмағанын айтқан.

«КешYou»-дің осы құрамы ең ұзақ жұмыс істеп, ең көп ән шығарған ұжым болды. Бірақ хит болған әнін айтшы дегенде қиналатыным рас… Оның үстіне, шыққан әндер тізіміне қарап отырсаңыз, құрам жүйесіз жұмыс істегендей әсер қалдырды. «Серттің қайда?» деп той әнін жазды, Jaman T, B.Jigga-мен мизогин шумақтары бар фит шығарды, нашар визуал эффектілер қойылған «Қазақстан» бейнебаянын жариялады, күтпеген жерден орысша «Между нами любовь» әнін айтты, жаңаша болса да, топқа таңсық «Hula Hoop» бейнебаянын шығарды.

Вокалы мықты үш қыздың шеберлігін көрсеткен жалғыз ән «Hosh endi» деуге болар.

Бәрі де құр елес, бос енді. Болмаймыз ешқашан біз жақын дос енді. Жүректі қинайды, қайтейін. Қош енді, қош енді, қош енді, қош енді!»

Жаңа дәуір

2024 жылдың жазында «Бриллиант құрамның» келісшарты аяқталып, топ тағы жаңарды. Қазіргі құрам мүшелері — Ләззат Сұлтанова (ескі құрамнан қалған), Диана Қожагелдина мен Сагдиана Бұхарбаева.

Бұл құрамның алғашқы релизі — «Ya Krasiva» әні ресейлік поп әндерді еске салды. Өзім бұл әнді жиырма жыл артқа кету деп білемін. Шығармашылық дағдарыстағы топ әлі де өз жолын таба алмағанын көріп күрсіндім.

Екінші релиз Snoop Dogg-пен фит болатынын естігенде елең ете қалдым. Өзіме бейнебаянда әп-әдемі шыққандай көрінді. Бірақ YouTube-тағы комментарийге қарасақ, көпшілікке клип ұнай қоймағандай. Біраз адам образ бен бейнебаяннан бөлек, әннің сөзін де сынап жатыр екен. Сындары орынды сияқты.

Басталады өмір нағыз сенбіліктей. Демалысың келдің-ау көптен күткен. Өтінемін, жаным, жексенбішім бітпей, Ертең қайта оралуыма күнделіктей. Туй, не хочу! Um-mmh-mh!»

Алғашқы екі релизіне қарап, бұл құрамнан енді қандай жаңалық күтерімізді тіпті болжаудың өзі мүмкін емес сияқты.

Қысқаша айтқанда, «КешYou» қазақ сахнасында бәсеке аз кезде жарқ етті де, талант пен кәсібилік ұштасқан батыл тәжірибелер арқылы жылдар бойы халық ықыласына бөленді. Алайда топтағы дағдарыспен қатар, сәннен қалмауға тырысқан сәтсіз ұмтылыстар арасында «КешYou» өзін жоғалтып алды. Қазір «КешYou» қандай топ деген сұраққа тыңдарман түгілі топтың өзі де жауап беруге қиналатын сияқты.

«КешYou»-ді биікке шығарған продюсер Баян Алагөзованың бұл жобаға бұрынғыдай бар күшін салмайтыны да топтың қазіргі халіне әсер етіп отырғаны сөзсіз. Мұны биыл ақпанда «Замандас» подкасына келгенде Баянның өзі де мойындаған.

Продюсер «Мен «КешYou» жобасын қатты жақсы көремін. Топты қазір-ақ жауып тастауыма болар еді. Себебі қазір ол менің негізгі бизнесім емес. Бірақ бұл топ — менің махаббатым. Топты 10 жыл бұрынғыдай жақсы көрмегенім үшін ғана оны тарата салғым келмейді. Сол кезде бұл топ ең маңызды жобам болды. Қазір, әрине, олай емес. Сондықтан қазір идея мен хит жоқ. Бәлкім, бұл топты тап бұрынғыдай жақсы көруім керек шығар?!» деп еді.

Баян топты тап бұрынғыдай жақсы көруі керек пе, қалай ойлайсыз?..

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Алматинский бар провёл гест-бартендинг в Италии
Бизнес
#люди
Алматинский бар провёл гест-бартендинг в Италии
Четверо в лодке, не считая собаки: как «Поток» стал главным фаворитом Оскара
Культура
#кино
Четверо в лодке, не считая собаки: как «Поток» стал главным фаворитом Оскара
Искусство Алматы: что посмотреть в феврале
Город
#события
Искусство Алматы: что посмотреть в феврале
«Eusexua» от FKA Twigs: будущее поп-музыки теперь в Y2K, и это нормально
Культура
#музыка
«Eusexua» от FKA Twigs: будущее поп-музыки теперь в Y2K, и это нормально
Что происходит с «Домом на Барибаева, 36»?
Город
Что происходит с «Домом на Барибаева, 36»?