Орыс жазушысының «Аюын» қойған Корей театрына сын

Орыс жазушысының «Аюын» қойған Корей театрына сын

Алматыдағы Корей театры орыс жазушысы Антон Чеховтың «Аю» пьесасын сахналады

Қойылым не туралы?

15 маусымда Корей театрының ұжымы Антон Чеховтың «Аю» пьесасын қойды. Алматыда біраз уақыттан бері тұрсам да, Корей театрына алғаш рет бардым. Өнер кеңістігі Әуезов пен Лермонтов театрларынан кішілеу болғанымен, тарихының тереңдігі жөнінен еш кем түспейді екен.

«Аю» – бір актіден тұратын қысқа ғана қойылым. Аю – славян халықтарында ерлік пен зор күшті білдіретін тотемдік жануар. Өзін-өзі ұстай алмайтын оспадар адамды да «аю» деп жатады. 

Қойылымның желісі жесір қалған Елена Попова мен оның марқұм күйеуінің танысы Григорий Смирновтың қарым-қатынасына құрылған. Елена – қара жамылып, бақилық болған күйеуін жоқтап жүрген әйел. Марқұм күйеуін аза тұрып, риясыз махаббатының мәңгілік екенін дәлелдегісі келеді.

Әйелдің тыныштығын күйеуінің қарызын өтеп беруді сұрай келген Григорий бұзады. Елена қарызды бірер күннен соң қайтаруға келіседі. Мұны естіп ызаланған Смирнов ашу үстінде ақшаны қолма-қол алмайынша, бұл үйдің табалдырығын аттамаймын деп қиғылық салады. 

Григорий бұған дейін де бірнеше адамға қарызын сұрай барған, бірақ Еленадан басқа ешкімге тісін батыра алмайды. Ол Еленаның үйіндегі заттарды қиратып, қызметшісіне зәбір көрсетеді. Жесір әйелді күйеуін көзбояу үшін жоқтап жүрсің деп қаралайды. 

Смирнов негізінен әйел қауымын ұнатпайды. Оларды тым сезімтал, нәзік әрі ештеңеге пайдасы жоқ жаратылыс деп қарастырады. Бұған қорланған Елена қонақпен жанжалдасады. Әйелдің тауып айтқан өткір сөздері Григорийді ойландырып тастайды. Бұл – романтикалық комедия. Сондықтан, әрине, екеуі аяғында бірін-бірі ұнатып, көңіл жарастырады.

 

Жаңа замандағы ескі көзқарас

Қойылымдағы перформанстар күлкілі шыққан, ал декорация көздің жауын алады. Бірақ өзім спектальді аса ұната қойған жоқпын. Неге екенін түсіндіріп көрейін.

Кейінгі жылдары маған орыстың классикалық шығармаларын қабылдау қиын. Заман да, мәдениет те мүлдем басқа. Орыс шығармаларындағы кейіпкерлердің болмысы да бізге жат. Оның үстіне Украинадағы соғыс көп нәрсені өзгертті. 

Ғасырлар бұрын жазылған шығармаға шүйлікпей-ақ қояйық дерсіз. Бірақ орыс классикасы отарландыру саясатынан қалған «мұра» екенін ұмытпайық

Отарланған біз ғана емес. 1930 жылдары қазақ жеріне миллиондаған халық күштеп көшірілді. Оның ішінде корейлер де бар. Тарихымыздағы ақтаңдақтар мен оның салдары сараланған жоқ, бейотар өлшеммен саяси бағасы берілмеді. Сондықтан орыс классиктерінің еңбегіне қатысты әлі күнге дейін екіұдай күй кешіп жүрмін. 

Корей театрына да айтар сыным бар. Орыс халқының туындыларын сахналап жүрген театрлар Қазақстанда аз емес. Корей театрының бірнеше рет қойылған, көрермен әбден тойған пьесаны қайталағаны сәтсіз шешім болған сияқты. Ұжым жаңа тақырыптар көтеріп, тың тәжірибе көрсетсе, әлдеқайда ұтымды шығар еді. 

Постсоветік елдердің халықтары орыс мәдениетімен жұмыс істегенде сақ болуы керек. Отарлау саясатынан қалған сарқыншақты айна-қатесіз көшіріп алмай, оған жаңаша көзбен қарап, сынға алып, жергілікті халықтың сұранысына сай өзгертіп берген дұрыс. 

Әйтпесе көп халықтың төл өнерін тұқыртып, орыс мәдениетін бәріне мәжбүрлі түрде құбыла қылған совет билігінің дәурені әлі жүріп тұр ма деп қаласың. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски