«Персона» – «Трансформа» театрында қойылған құпияға толы спектакль-диалог

«Персона» – «Трансформа» театрында қойылған құпияға толы спектакль-диалог

Ингмар Берманның кинохикаясы бойынша «Трансформа» театрында қойылған «Персона» – естен кетпес сезім сыйлайтын спектакль-диалог. Кинохикаяда көрермендердің алдында өнер көрсеткен актриса Нұргүл Алпысбаеваның монологы арқылы авторлар бізге нені жеткізгісі келді? Осы құпияға толы спектакльді талдаған авторымыз қойылымның басты ерекшеліктерін атап өтті.

«Персона» – Ингмар Берманның кинохикаясы бойынша «Трансформа» театрында қойылған спектакль-диалог.

Режиссёр: Дмитрий Гомзяков

Басты рөлдерде: Нұргүл Алпысбаева және Юлия Шабайкина

 

Бұл спектакльге барайын деп жатқанда өзімді басты кейіпкерлердің образдарында табамын деп ойламаппын. Өйткені спектакль мен көрмеген Ингмар Берманның «Персона» кинохикаясының сюжеті бойынша қойылған. «Персона» киносында әйгілі актриса Элизабет Фоглер сөйлеуден саналы түрде бас тартады, сондықтан оған көмекке медбике Альма келеді. Медбике өзінің бүкіл құпияларын Элизабетке ашады, себебі ол өмірінде алғаш рет оны үн-түнсіз тыңдайтын жанды кездестіреді. Содан кейін барлық құпияларын жайып салған Альма өзінің ашылғаны үшін үн қатпаған Элизабетті кінәләйді. 

Алайда әртүрлі сайттардағы қысқаша сипаттамаларға алданбауымыз керек, өйткені Ингмар Берманның кинохикаясы басты элемент емес. «Персона» кинохикаясы біздің алдымызда өнер көрсетіп жатқан актриса Нұргүл Алпысбаеваның өмірін талдауға көмектесетін құрал. Менің ойымша, авторлар өте батыл қадам жасады. 

Сізге түсінікті болу үшін спектакльдің техникалық жақтарын сипаттап өтейін. Біріншіден, спектакль режиссер мен актерлердің арасындағы «подкаст» ретінде жазылған диалогтан басталады. Сол диалог арқылы авторлар бізді кино желісімен таныстырып, спектакль бойынша көптеген жайттарды, оның ішінде актерлер мен режиссердің ойларын әрі сезімдерін, дайындық туралы толғаныстарын және тіпті олардың өмірбаяндарын айтып өтеді. Көрермендерге дайындық барысын естігендей болатын сезімді сыйлау үшін «подкаст» әдейі шикі әрі бітірілмеген сияқты жазылған. Диалогтары өте қарапайым, өмірдегідей, сонысымен терең болып табылады. Бұл диалогтар бізге басты кейіпкерлердің рөлдерін сомдайтын Нұргүл Алпысбаева және Юлия Шабайкинаны түсінуге көмектеседі. Біреулер үшін бұл тым оңай және жалқау қадам болуы мүмкін, алайда мен сын айтуға асықпаймын. 

Себебі спектакльдің басты тақырыбы – өмірде кімге сенуге болатыны әрі махаббат жайында, шынайылық бар ма әлде біз бәріміз бетперде киіп жүрміз бе деген күрделі сұрақтарға жауап табуға тырысу.

Меніңше, осындай тақырыпты қозғаған кезде барынша қарапайым болу керек. Cірә, авторлар да солай ойлаған болар. Сол себепті авторлардың максималды түрде қарапайым болуға тырысқанын мен барынша қолдаймын. Сонымен қатар кеңістіктегі қызықты экспозициясын жасағанын атап өткім келеді. Камераның проекциясы және киноның үзінділері кейіпкерлердің тереңдігін көрсетуге көмектесті. 

Екіншіден, көрермендермен өзара әрекеттесу де болды. Бізге, яғни көрермендерге, ненің шындық, ненің өтірік екенін өзіміз үшін шешуге мүмкіндік берілді. Әрине, осы интеракцияның арқасында көрермен және кейіпкерлер арасындағы шекаралардың барлығы толықтай өшірілді. Біз де спектакльдің бір бөлігіне айналдық. 

Үшіншіден, спектакль өте театрлық және пафостық диалогтан басталып, басты рөлде ойнайтын Нұргүл Алпысбаеваның өзінің балалық шағы туралы монологымен аяқталады. Осы жерден мен Нұргүл туралы толығырақ жазғым келеді. 

Егер спектакль басында Нұргүл Алпысбаева және Юлия Шабайкина «Персона» кинохикаясындағы Элизабет пен Альманың рөлдерін сомдағандай болса, біртіндеп бұл жалған екенін түсіне бастаймыз. Шын мәнінде спектакль Нұргүлдің өз-өзін сомдағаны туралы екенін түсінеміз. Соңғы монологта Нұргүл өзінің психологиялық травмасы, қазіргі ересек өмірдегі үрейлері, өзін жеткілікті түрде қазақ сезінбейтіні жайлы айтады. Монологтың ақкөңілдігі мен шынайылығына қарамастан Нұргүл өзін сүттен ақ, судан таза секілді көрсетпейді. Біздің алдымызда ескі қара-ақ кино кейіпкері емес. Біздің алдымызда – тірі әйел. Кей кезде өз-өзіне сенімсіз, кей кезде өз-өзіне тым қатал. Нұргүл өзінің енді жазылып келе жатқан жарасын көрсетеді. Сонысымен Нұргүлдің бейнесінде өздерін тапқан жандарға ұялмауға әрі қорықпауға кеңес бергендей болады. Оған қарап мен өзімді көрдім. Өзге көрермендер де тап соны сезінген шығар.

 

Осы деңгейдегі шынайылық қазіргі заманда жаңа қағидаға айналған сияқты. Спектакльдің өзі де жаңағындай шынайылық күмән тудыратынын мойындайды. Себебі біздің қоғамда шынайы болу күмән тудырады. Сондықтан мен де көрермен ретінде Нұргүлдің соңғы монологына қаншалықты сенуге болатынын ақыры түсінбедім. Кенеттен бүкіл спектакль өмір жолында адасқан адамның хикаясына айнала қалды. 

 

Ақыр соңында мен Нұргүлдің батыл монологындағы бар айтылған сөздерге сенейін деп шештім.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Какие вечеринки на Хэллоуин пройдут в Алматы
Город
#события
Какие вечеринки на Хэллоуин пройдут в Алматы
Эволюция образа вампиров в кино: от монстра до гуманиста 
Стиль
#красота
Эволюция образа вампиров в кино: от монстра до гуманиста 
AIREA – крупнейший фестиваль EDM состоится в Алматы
Город
#события
AIREA – крупнейший фестиваль EDM состоится в Алматы
Искусство ужаса: как художники воплощали страх на холсте
Культура
Искусство ужаса: как художники воплощали страх на холсте
Фильм Мирлана Абдыкалыкова «Похищение невесты» теперь можно посмотреть онлайн
Культура
#кино
Фильм Мирлана Абдыкалыкова «Похищение невесты» теперь можно посмотреть онлайн