Қаһарманнан күнәһарға айналған Жанна д’Арк

2act театрының шығармашылық құрамы соғыстан жеңіспен орала сала күнәһарға айналған Жанна д’Арктың сотын сахналаған. Әйелдің алдынан шыққандар оны бірде «таңдаулы тұлға» деп құрмет тұтса, енді бірде «ауылдан шыққан алаяқ» деп балағаттайды. 

Қойылым авторлары «төртінші қабырғаны бұзу» арқылы жүз жылдық соғыс пен Жаннаның тұлғасын ашатын оқиғаны баяндайды.

2act сахналаған тарихи қойылым

Режиссері: Виталий Шенгиреев

Автор: Бернард Шоу, Жан Ануй 

Бас рөлдерде: Юлия Шенгиреева, Элиза Молчанова, Артём Горбунов, Виталий Шенгиреев, Диана Жиникаева

Қойылымда аталатын «жүз жылдық соғыс» — тарихи дерек. Англия мен Франция арасында 116 жылға созылған ұрыста Франция әлсіреп, жеңілудің аз-ақ тұрады. Сол кезде шаруа отбасынан шыққан Жанна д’Арк қол бастап, майданға аттанады. 

«Төртінші қабырғаны бұзу» — театр мен кино бағытында кеңінен тараған баяндау тәсілі. Бұл көбіне комедияда қолданылады. Режиссер Эндрю Антуанның айтуынша, театр мен кинода көрінбейтін виртуал қабырға бар. Ол актер мен көрерменді бөліп тұрады. Актер қойылым кезінде көрерменмен сөйлескенде осы қабырға «құлайды».

Спектакльдің бірінші актісінде бас кейіпкер көрерменге теріс қарап отырады. Өсекшілер гу-гу сыбырласып, жанжал қырғын төбелеске ұласып жатса да, Жанна міз бақпай отыра береді.

Алғашқы актіде жұрт Жанна lesbian ба, жоқ па деп таласады. Қойылым барысында да бұл тақырып бір-екі рет жанама қозғалады. Көпшілік «Жанна шынымен періштелердің даусын ести ме? Неге ол соғыста еркек сияқты киініп жүрді?» деп бас қатырады.

Жаннаның жеңісіне сеніп, оны ер киіммен майданға аттандырған, шын мәнінде, шіркеу мен патша еді. Әйел әскерімен бірге жеңіске жеткенде биліктегі еркектер қаһарман әйелді лезде ұмытып, Жаннаны көппен бірге күнәһар деп қорлайды. Сотқа тартады. Ал Жанна періштелерді еститін тылсым қасиеті барына, майданға баруға итермелеген солар екеніне сендіре алмай қиналады. Бұл хикая қалай аяқталғанын білетін шығарсыз… 

Қойылымдағы перформанстар мықты. Бас рөлді сомдаған Юлия Шенгиреева жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап, көрерменді Жанна екеніне сендіре алды. Ал басқа актерлер қойылымда бір емес, бірнеше рөл сомдап үлгерді. Музыка мен жарық ұтымды пайдаланылғанын да айта кетейін. 

«Таңдаулы әйел» тақырыбын ашып, авторлардың көпке белгілі Жаннаның оқиғасын сахналауы кездейсоқ емес. Тақырып өзекті мәселені қозғайды. Жаһандық мәдениетте әдетте Құдайды естіп, адамзатқа жол бастайтын — ерлер. Батырлар, пайғамбарлар, хандар… Тізім ұзақ. Ал Құдайдың дауысын естіген әйел мыстан не жезөкше болып шыға келеді. 

Қиын сәтте батылдық танытып, көш бастаған әйелді жұрт көпке таңсық болмысы үшін күнәһар деп күстаналап, тірідей көме салуға дайын. Қанша ғасыр бұрын болған оқиғаны көріп отырғанда осы шақтағы көп мәселе ойыңа орала береді екен.

Фото: Дмитрий Шигапов
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски