Қазақ орысты емес, қазақ қазақты кешіретін күн қашан келеді?

Мұхтар Әуезов драма театрында өткен «Құйын» спектаклі төңірегіндегі резонанс.

Режиссері: Әлібек Өмірбекұлы 

Автор: Ұжымдық жұмыс

Алғашқы «Құйын» спектакль премьерасы  өткен күзде қойылып, айналасында біраз шу көтерген. Әлбетте, мен оған қызығып барғым келді, өткен жексенбіде бұл спектакль көрсетілімі қайта басталып, осы мүмкіндік туды. Талқылайтын нәрсе көп, меніңше, мұның өзі жақсы көрсеткіш. Бірден айтқан жөн, мен қойылым негізімен келіспеймін, бірақ маған ұнаған шешімдер көп.

«Құйынды» қысқаша сипаттайтын болсақ, бұл Ресейдің отарландыру саясатына заманауи қазақ авторларының рефлексиясы. Сондықтан болар, бұл спектакльді бағалау қиын, онымен келісуге де, не келіспеуге де болады. Себебі, рефлексия  ұзақ, ой жинақтауға уақыт қажет ететін процесс. Қазіргі көптеген авторлар, әртістер, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері өткенге қарап, бұл қазақ тарихындағы қайғыға толы отарландыру кезеңі болғанын түсініп жатыр. Соны біле тұра, сен алуан түрлі сезімге бойлайсың. Бірінші сезімнің бірі ашулық сезім. Тап солай, мен үшін «Құйын» ашу мен ызаға толы болды. Бұл сезімдер диструктивті болғаны соншалық, осы спектакль 19-20 ғасырдағы қазақ тарихындағы болған маңызды элементтерді бөлшектеп көрсетіп, бәрін теріс айналдырып қайта орнына қойған тәрізді.

Спектакль айқайы: Романовтар әулетін қазақ өлтірді! Галошекинді қазақтар өлтірді! Анна Ивановна қазақтардың құрбаны! Спектакльдің осы кездеңінде, қазақ тұлғасы ретінде, мен өте ырза болдым. Рақмет авторларға! 

Одан бөлек, маған орыс патшаларын ақымақ, қайырымсыз және еріккендей көрсеткені қатты ұнады. Орыс патшалары өз қол астындағы адамдарын оңай қолмен жемтік қылып, қазақты «чурка» деп, қолдарына арақ беріп қояды.  Шынымен, сонша қазақты қырған хандарды басқаша қалай бейнелуге болады…

Маған спектакль барысында көрермендермен тікелей сөйлесу әрекеті аса ұнады: «сіз де, біз де бұл жердегі құрбандар» дегендей.

Спектакльдің бірден бір ойы бұл тарихи әділеттілікке қол жеткізу болса, «Қазақты сатқан – қазақ. Қазақ қазаққа – жау» екінші ойдың негізі. Егер мен спектакльдің бірінші бөлімінде өліп жатқан орыс хандарына қарап авторларға  риза болсам, екінші бөлімімен келісе алмаймын. Мәселе сонда, мен «Құйынды» нашар деп айтып жатқан жоқпын. Бірақ, спектакльдің авторлар мен көрермен диалогы ретінде құрылымына орай, өз ойымды ашық білдіре аламын. 

«Қазақ қазаққа – жау» деген ойдан неге арылмасқа? Неге осы ойды қоғамның санасына құюды тоқтатпасқа? Неге оны дәріптеуді тоқтатпасқа? Неге біз, өз – өзімізді ешқашан аямаймыз? Неге, тіпті, өзге халық бізді жоқ қылуға жақын болған кезде де біз кінәні өзімізден іздейміз? Жасанды ашаршылықты жасаған қазақ емес. Ал, бұйрық орындап өз ұлтына жауыздық көрсеткендер болса, кім сондай жағдай ұйымдастырғанын ұмытпайық, ағайын. Ол Ресей Империясы мен ҚСРО. Менің ойымша, бұндай көзқарас бізге дерт ретінде сіңген. Ол да отаршылдық саясаттың белгісі. Одан арылу, ұжымдасу біз үшін маңызды.

Психологиялық терапиядан өткен соң ұзақ уақыт емделу керек. Ал дұрыстап емделу үшін өзіңе кішкене болса да аяныш танытып, қамқорлық көрсету қажет. «Басымнан өткен жағдайларға байланысты, қолымнан ештеңе келмеді. Сондықтан өзіме ұнамсыз әрекет жасап, қасымдағы адамдардың жүрегін жараладым» дегендей. Өзіңе аяушылық танытып кешіру – өзіндік қабілеттің бір түрі.

Қыспақта қалғанда Ресейден көмек сұрағаны, ашаршылық кезінде қыздарын қараусыз қалдырғаны, Алаш Ордалықтарды атқаны үшін, бір-бірін жауыз қолына ұстап бергені үшін, бәлкім, біз де қазақ ретінде өзімізді кешірерміз? 

Неге осындай жағдайға алып келген күнәһарды саусақпен нұсқап мойындатпасқа?

Мүмкін, бізге ары қарай жылжу керек шығар?

Қазақ орысты емес, қазақ қазақты кешіретін күн қашан келеді?

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Зелёный — новый чёрный. Что нужно знать к концу #bratsummer Чарли XCX
Культура
#музыка
Зелёный — новый чёрный. Что нужно знать к концу #bratsummer Чарли XCX
Почему «Все совпадения неслучайны» Куарона нужно смотреть и смотреть до конца
Культура
#кино
Почему «Все совпадения неслучайны» Куарона нужно смотреть и смотреть до конца
Джокер: слишком мало безумия на двоих
Культура
#кино
Джокер: слишком мало безумия на двоих
Слушаем новый релиз Rusha — «Beinem Oiyńda»
Культура
#музыка
Слушаем новый релиз Rusha — «Beinem Oiyńda»
Фестиваль Yandex Park Live состоится уже в эти выходные
Город
#события
Фестиваль Yandex Park Live состоится уже в эти выходные