Aged Like… Токсик қарым-қатынасты тәтті етіп көрсеткен дорама

Мектеп балаларының кіршіксіз махаббат хикаясын баяндап, миллиондаған көрерменнің жүрегіне жол тапқан «Ойнақы өбіс» дорамасының шыққанына 15 жылға таяп қалды. ’98mag авторы Дәрия Темірхан өзі бала кезде қызыға тамашалаған телехикаяны тағы бір көріп, заманауи көзқараспен талдап шықты. 

«Ойнақы өбіс» («Itazura na Kiss»)

Сценарист: Каору Тада, Ко Ын Ним

Бас рөлдерде: Ким Хен Жун, Чон Сон Мин

Мазмұны

«Ойнақы өбіс» – 2010 жылы шыққан оңтүстіккореялық дорама. Ол 1990 жылы жарияланған жапон мангасы негізінде түсірілген. Бұл манга – көбіне жас қыздарға арналған сёдзё деп аталатын романтикалық манга жанрында жазылған танымал туындының бірі. Бірнеше тілде экранизацияланды. 2009 жылы – Кореяда, 2013 жылы – Жапонияда, 2016 жылы – Тайваньда, ал 2019 жылы Қытайда таспаналанды.

Бас кейіпкерлер – ақылды да салмақты Бэк Сын Жо мен үлгерімі нашар болса да, үнемі жайдары жүретін О Ха Ни. Екеуі де мектепте оқиды. Бойжеткен Ха Ни сырбаз жігіт Сын Жоға ессіз ғашық. Бірақ Сын Жо оны елемейді. Дорама жауапсыз махаббат хикаясын баяндайды.

Бір күні қалада жойқын жер сілкінісі болып, Ха Нидің үйі опырылып құлайды. Далада қалған отбасы әкесінің ескі досының үйін паналауға барады. Ха Нидің бақытына орай, Сын Жо сол үйдің баласы болып шығады. Сөйтіп екеуі бір үйде тұра бастайды.

Сюжеті қарапайым романтикалық оқиға миллиондаған адамның жүрегіне жол тапты. Біраз жыл бұрын сүйіп қараған телехикаяны тағы бір көргенде балалық шағым еске түсіп, қатайған жүрегімді қайта жібітті. Бірақ дораманың өзін бұл жолы басқаша қабылдадым. Неге екенін айтайын. 

Ескі көзқарас

Ха Ни – қылықты, сүйкімді әрі епсіздеу кейіпкер. Дорамада оны инабатты, мейірімді, ұялшақ бойжеткен етіп сипаттайды. Сёдзё мангалар мен дорамаларда Ха Ни сияқты кейіпкер көп. Мұндай образбен қазір ешкімді таңқалдыра алмайсың. Кейінгі жылдары шыққан романтикалық дорамаларда бас рөлдегі әйелдер батыл, күрескер, тіпті қаһарман ретінде көрсетіліп жүр. 

Сымбатты, білімді, тұйық әрі танымал Сын Жо да – сёдзё манга мен романтикалық дорамаларда жиі кездесетін образ. Ха Ни сезімін ашық білдіре алмайтын біртоға жігіттің ойын оқуға мәжбүр. Сын Жо бойжеткенге бірде жылы шырай танытып, бірде немқұрайды қарап, әбден қинайды. Соңында не болғанын айтпай-ақ қояйын.

Жөнге салғыш жігіт пен көнбіс қыз

Бұл жолы маған екеуінің қарым-қатынасы токсик көрінді. Ха Ни жігітті ессіз жақсы көріп, оның жүрегін жаулап алуды өмірінің мәні деп санайды. Сын Жо қандай қателік жасаса да, көз жұмады. Меніңше, біреуді өзіме қайтсем де ғашық қыламын деп тыраштанған дұрыс емес. 

Сын Жо Ха Нидің оқу үлгерімін жақсарту үшін түрлі манипуляцияға барады. Мысалы, Ха Ни емтиханын сәтті тапсырмайынша екеуінің некесін қиюға келісім бермейді. Әрине, жігіт бойжеткеннің білім алғанын, тұлға ретінде өскенін қалайды. Бірақ Сын Жоның Ха Ниді тәрбиелегісі келетіні маған оғаш көрінді. Сау қарым-қатынаста жігіт қызды жөнге салуға тырыса ма?!

Ха Нидің Сын Жоға шектен тым кешірімді екені де жақсы үлгі емес. Адам өзінің жүрегін жаралаған, сезімін аяқ асты еткен адамды кешіре берсе, мейлінше шыдап бақса, түбі махаббатқа бөленеді деген месседж анық көрінеді. Поп мәдениет те мұндай токсик қарым-қатынасты романтизациялағаны дұрыс емес. 

Бас кейіпкерлердің образы таптаурынға айналды, ал дораманың немен аяқталарын әу бастан-ақ біліп отырасың. Заманауи көрерменге, әсіресе, жас қыздарға мұндай дорама ендігі қызық болмас.

Тағы бір деталь

2014 жылы Сын Жоның рөлін сомдаған Ким Хен Жун кездесіп жүрген қызына қол көтерді деген айыппен істі болды. Кейіннен қызы одан бала көтеріп, Ким Хен Жуннан алимент сұрағаны, алайда оның төлеуден бас тартқаны хабарланды. 

Ақырында актер көптің сынына қалып, әскерге кетті. Біраз жылдан кейін Ким Хен Жун бұрынғы қызын жала жапты деп сотқа беріп, өзін ақтап шықты. 

«Жігіттің сабаздары» мен «Ойнақы өбіс» дорамаларынан соң көптің көзайымына айналған жігіттен ешкім мұндайды күткен жоқ. Қазір Ким Хен Жун музыка жазып, кейде дорамаларға да түседі. Бірақ бұрынғыдай беделі жоқ. Көрермен оның әйелге зәбір көрсеткенін кешіре алмады.

Қорыта айтқанда, «Ойнақы өбістің» желісі 90-жылдары шыққан манга мен 2010 жылдары шыққан телехикая үшін жаңа дүние болды. Алайда оның уақыт сынына шыдамағанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл дораманы еміс-еміс есте қалған балалық шағымның бір естелігі деп қана қалдырамын.

AGED LIKE…

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски