«Артыңа қарашы». Өмір мен өлім туралы аниме

«Артыңа қарашы». Өмір мен өлім туралы аниме

«Артыңа қарашы» (Look back) — әйгілі Танцуки Фудзимотаның мангасы бойынша түсіріліп, биыл жарыққа шыққан аниме. Аниме сценарийін жазған, дизайнын жасаған — режиссер Киётака Осияма. ‘98mag авторы Дәрия Темірхан шынайылығымен тәнті еткен туынды туралы баяндайды.

21 жастағы Тацуки Фудзимото — кейінгі онжылдықта зор танымалдыққа ие болған жапон мангакасы. Ол оқырманға тың туындыларымен танылып, сёнэн жанрын өзгертті.

Сёнэн — жасөспірімдерге арналған аниме не манганың бір түрі. Оның сюжеті әдетте әкшнге бай, ал бас кейіпкері мейірімді һәм әділетсүйгіш болады. Сенэнге мысал ретінде «Наруто», «Уан-Пис», «Драгонболл» анимелерін айтуға болады.

Ал Фудзимотаның туындыларды, мәселен «Шынжырлы ара адам» (Chainsaw Man) мен «Лаулаған соққы» (Fire Punch), біз білетін сёнэндерден басқаша. Ондағы бас кейіпкер адамзатқа жақсылық ойлайтын ержүрек қаһарман емес, ал сюжеті жақсылыққа деген сенім мен үмітті оятпайды.

Бұл өлшемге салсақ, «Артыңа қарашы» мүлдем басқаша туынды. Ол көрерменді Фудзимотаның шынайы суретші ретіндегі болмысын ашады.

Оқиға желісі

4-сынып оқушысы Фуджино мектеп газетіне шағын комикстер салады. Үлкен де, кіші де талантына тамсанады. Бірақ Фуджиноның комикс салудан бәсекелесі пайда болады. Ол — көпшілік орында жүруден қорқатын, сабақты үйден оқитын Киомото.

Киомото суретті Фуджиноға қарағанда әлдеқайда шебер салады. Одан қалыспау үшін Фуджино бар уақытын шеберлігін шыңдауға жұмсап, көп күш салады. Бірақ Киомотоның деңгейіне жету оңайға соқпайды. Ақыры Фуджино жеңілгенін мойындайды.

Бастауыш мектепті бітірерде қыздардың сынып жетекшісі Фуджиноны Киомотоның атестатын үйіне апарып беруін сұрайды. Осы кезде бас кейіпкерлер танысып, сөйлесіп кетеді. Екеуі де бір-бірінің жұмысына қызыққан болып шығады. Фуджино мен Киомото жақсы табысып кеткені сонша — ақырында бірге манга саламыз деп шешеді. Фуджино сценарийін жазса, Киомото суретін салады.

Қыздар мектепті бітіргенше көп манга жазып, зор жетістікке жетеді. Бірақ Фуджино бірден жұмыс істеп кетуді армандайды, ал Киомото әуелі бейнелеу өнерін оқып алғысы келеді. Сөйтіп екеуінің жолы екіге айырылады.

Шынайы аниме

«Артыңа қарашы» анимесінің сценарий жазған тағы бір автор әрі осы картинаның режиссері, дизайнері — Киётака Ошиями. Бұл Фудзимота екеуінің алғашқы серіктестігі емес. Киётака манганың атмосферасын анимеге шебер бейімдейтін дарынымен танылған.

Бұл анимеге жапон композиторы Харука Накамура саунтрек жазған. Анименің алғашқы бөлігі қамсыз балалық шаққа тән жеңіл де ойнақы әуенге толы болса, сюжетпен бірге музыка да ауырлай түседі. Анименің саунтрегі кейіпкерлердің қарым-қатынасымен бірге тереңдей түседі де, сюжеті өзгергенде музыка психологиялық драмаға тән реңкке боялады.

Анименің тағы бір өзгешілігі — бас кейіпкерлерді дыбыстауға әдеттегідей кәсіби аниме әртістері емес, кино әртістері Мидзуки Йошида мен Юме Каваи шақырылған. Содан болар, кейіпкерлер шынайы сөйлейді. Анимеге тән жасанды дауыс жоқ.

Өмірдің өзі

«Артыңа қарашы» қайғылы аяқталады. Киомото университетке қарумен басып кірген жігіттің қолынан қаза табады. Осылайша арман қуған бойжеткендер туралы аниме жақын адамыңнан айырылу туралы драмаға айналады.

Фуджино мен Киомототың хикаясы — есею туралы баяндайтын әсерлі туынды. Бір сағатқа созылатын аниме асықпай отырып-ақ, өмірдің ақ-қарасын көрсетіп тастайды.

«Артыңа қарашы», мәселен «Шынжырлы ара адаммен» салыстырғанда, аса танымал болмаса да, тереңдігі мен шынайылығы жағынан Танцукидің барлық картинасынан озық тұр. Оны көріп отырып, өмір сүресіз: табысасыз, армандап, бақытты күй кешесіз, жақыныңыздан айырылып, жалғыздықтан азап шегесіз.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
ВЕЛИКИЙ, УЖАСНЫЙ И БЕЗНАДЁЖНЫЙ: НОВЫЙ АЛЬБОМ МАСЛО ЧЕРНОГО ТМИНА «WAFA»
Культура
#музыка
ВЕЛИКИЙ, УЖАСНЫЙ И БЕЗНАДЁЖНЫЙ: НОВЫЙ АЛЬБОМ МАСЛО ЧЕРНОГО ТМИНА «WAFA»
Teez: как нашумевший отечественный маркетплейс стремительно покоряет рынок
Бизнес
#технологии
Teez: как нашумевший отечественный маркетплейс стремительно покоряет рынок
Как прошла предновогодняя вечеринка d’Alba
Стиль
#красота
Как прошла предновогодняя вечеринка d’Alba
Идём на этно-концерт «Жаңа күн»
Город
#события
Идём на этно-концерт «Жаңа күн»
Зимнее солнцестояние и сай-фай-брутализм: идём на дневной рейв в Алматы
Город
#события
Зимнее солнцестояние и сай-фай-брутализм: идём на дневной рейв в Алматы