Арзан жолмен атағын қайтарғысы келген Эминем

2000 жылдары АҚШ-та Эминемнің әндері ең көп сатылатын туындылар қатарында болды. Содан бері оның шығармашылығы қалай өзгерді? Жалпы өзгерді ме?

Эминемнің сиқыры

Ақ нәсілді рэперлер үшке бөлінеді. Біріншісі – өнерінен бұрын нәсілі көзге түсетіндер. Мысалы, Жек Харлоу. Екіншісі – өзі де, өнері де сүйкімді өнерпаздар. Бірақ мұндай рэпер көп емес. Мәселен, Мак Миллер солардың қатарында. Үшінші түрі – рэпте ақша табу үшін ғана жүрген, өнерден бұрын қалтасын ойлайтындар. Өзім Эминемді осы үш санаттың ешбіріне жатқызбаймын. Жеке дара тұрған өнерпаз деп есептеймін. 

Ақ әртістер рэпті «қара нәсілді америкалықтардың музыкасы» деп, бұл индустриядан алыс жүретін. Мұның артында нәсілшілдік те бар еді. Осы кезде рэп сахнасында Эминем жарқ етіп, тез табысқа жетті. Ақ нәсілді жігіттің өнері рэп жанрына қызығушылықты арттырды. 

 Эминемнің бір сиқыры бар. Бала кезімде Hit TV арнасынан бейнебаяндарын жалықпай көре беруші едім. Рэпердің не айтып жатқанын ұқпасам да, видеосы, биті, өзі – бәрі баурап алатын. Эминем – поп әншілерді менсінбейтін поп өнерпаз. Бәріне қарсы, бәріне ашулы. Гвен Стефани, Бритни Спирс, бойзбендтер – бәрін жау көреді. Эминемді жас кезде тыңдағанда өзіңді басқадан артық, данышпан сезінесің. Сондықтан оны ұнатпаған жасөспірім аз болған шығар. 

Эминем рэп айтуда жылдамдығымен, мәнді ұйқасымен ерекшеленеді. Орфоэпия ережелерін де сақтауыңыз керек. Мамбл рэп дегенді Маршалл ағай жек көреді. Бірақ бұл стильде бит екінші орынға кетіп, рэп тез жалықтырады. 

Эминем – әлі күнге дейін өте агрессив рэпер. Рэпермен фит жазған Никки Минаждың «Roman’s Revenge» әнінің Lil Wayne нұсқасын тыңдайтын себебім де осы. Әнде Эминемнің фичасы болса, бүкіл назар соған ауып кетеді. 

 

 «The Death of Slim Shady»

Бірақ заманауи музыка сахнасында Slim Shady (өнерпаздың лақап аты) өмір сүре алмайды. «The Death of Slim Shady» альбомы – соның айқын дәлелі. Бұған әлдебіреулердің кэнселиңі емес, Эминемнің музыкасы сүреңсіз, солғын әуенге айналғаны себеп. Мәселен, оның жаңа альбомында маған ерекше әсер еткен бірде-бір ән жоқ.

Альбомды «Fuel» атты 9-трекке дейін тыңдамай-ақ қойсаңыз болады. Маршалл осы сегіз трек бойы өзінің Slim Shady образын тағы бір еске салады. Жұрттың бәрін қорлап шығады. Қарапайым адамдарға, мүгедектерге, әйелдерге және LGBTQ қауымдастығына зәрін шашады. Бірақ N-сөзін қолданудан, басқа нәсілдік кемсітуден аулақ. Шектен шықпау керегін Эминем жақсы біледі. 

Эминем өзін сотқар, дөрекі адам етіп көрсеткісі келгенімен, креатив тұрғыдан қарасақ, альбомда бірде-бір батыл әрі тың нәрсе жоқ. 

Альбомның соңында тосын тоналдық ауысу бар. 15-тректе Эминем аяқ астынан өз қызына арнаған рэп балладаға шырқай бастайды. Кез келген басқа жинақта мұндай ән жүрек тебірентер еді. Бірақ мына альбомда өте орынсыз көрінеді. Трансәйелдің гендерін әдейі қате айтып, мүгедек жігітті мазақ етіп, ақырында қызыңды қалай жақсы көретініңді айтуда логика бар ма? Эминем қиыстырып жіберемін деп, сүрініп қалды. 

Альбом рэпердің 2007 жылы нашақорлықтан бас тартпағандағы өмірін елестеткен балладамен аяқталады. Бұл трек те альбомға еш жараспай тұр.

 

Эминем неден мүлт кетті?

Альбомнің ең үлкен кемшілігі – басқаларды балағаттауы емес, Эминемнің жаңа ойы болмағанында. Кейде айтарың жақсы болмаса, ештеңе демей-ақ қойған дұрыс. Эминемнің дөрекі сөйлеу стилінің өз кезеңі мен орны болған. Бірақ ол уақыт әлдеқашан өтіп кетті. 

Хип-хоп үздіксіз дамып келеді. Жаңа жанр, стиль мен ағым пайда болып отырады. Эминем осы құбылыспен күрескісі келетіндей. Әлде ерікті, әлде еріксіз – әйтеуір Slim Shady образымен заманауи музыка сахнасында өзекті әртіс болып қалуға тырысады. 

Маршалл көп рэпер ешқашан жете алмайтын табысқа кенелді. Ұзақ уақыт бойы көп адам үшін жанрдың бетке ұстары да саналды. Бірде Мадонна ол туралы: «Маған Эминемнің дөрекі, ашулы әрі әдепке жат өнері ұнайды. Жұртты дүрліктіріп, қанын қайнатады. Қазір қоғамда не болып жатқанын көрсетеді. Өнер сондай болуы керек» деген. Бұл өткен дәуірдің Эминемі болса керек.

Эминемнің көпшілік оның өнеріне назар аударған кездерді сағынатындай. Сыншылар оның ақылды лиризмін, даулы ұстанымын мақтайтын күндер артта қалды. Ақылды әртіс уақыты қашан өткенін жақсы біледі. Былайша айтқанда, Эминем заман ағымына ілесе алмаған тағы бір рэперге айнала бастағандай.

Қазіргі заманда rage-baiting немесе көптің ашуын тударатын әрекет істеу – танымал болудың ең тез әрі арзан жолы. Бірақ бұл танымалдық ұзаққа созылмайды. Эминемнің жаңа альбомына 120 мың жуық лайк жинаған қысқа ғана жазба – «Бұл адамның рэп айтуына тыйым салу керек» деген туит. Жұрттың ашуына тиіп, көптің аузынан түспеймін деп ойлаған Эминем ешкімге қызығы жоқ әртіске айналғандай. Жаңа альбом шықпай жатып-ақ ұмыт болды. 

Эминем жүгінген арзан да арандатушы әдіс ешбір әртіске абырой әпермейді. Әйтпесе бір сәтте-ақ «Эминем бе? О, маған Lose Yourself әні ұнайды!» деген сөз «Эминем? Түу, анау кринж ағай ма?» дегенге айнала салады. Зейнетке шығу туралы ойланып көрсеңіз қайтеді, Маршалл ағай? Бәлкім стиліңізді өзгертіп, тың дыбыстарды байқап көрерсіз. Әйтпесе ескі әуенді қайта қолданып, жалқау жолмен хит жасау да сізге қиын болып тұр.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Парадокс Родри: как незаметный герой завоевал «Золотой мяч»
Культура
Парадокс Родри: как незаметный герой завоевал «Золотой мяч»
Увлекающий, убивающий, утомляющий «Ужасающий»
Культура
#кино
Увлекающий, убивающий, утомляющий «Ужасающий»
«Спираль»: неудачная экранизация хоррор-манги Дзюндзи Ито
Культура
#кино
«Спираль»: неудачная экранизация хоррор-манги Дзюндзи Ито
«Казахстан стал для меня открытием»: интервью с фотографом Кэлли Эх
Бизнес
#люди
«Казахстан стал для меня открытием»: интервью с фотографом Кэлли Эх
Почему все смотрят «Ван-Пис» 25 лет спустя
Культура
#кино
Почему все смотрят «Ван-Пис» 25 лет спустя