Хан Ата феномені

Хан Ата феномені

Комедия, оның ішінде сатира ұғымы – әу бастан әртүрлі әзіл құралдары арқылы тек қана бір сәттік күлкі тудыру мақсатында ғана емес, драма жанрының ең маңызды бөлігі мен қоғамның жеңіл де, ащы да әртүрлі әлемдерінің айнасы болып келді. 

Уақыт өте әзілді жеткізу формасы мен платформалары өзгерді. Әр кезеңнің өзіндік әзілкештері бар. Қазіргі тикток дәуірінің Қазақстандағы айқын феномені – Хан Ата.

Хан Досаев осыдан бес жыл бұрын кезекті жаңбырдан кейін балшықты лайға айналатын асфальтсіз көшелерге назар аударту үшін лай үстінде билеп, әлеуметтік желілерге салды. Би лезде тек қоғамның ғана емес, шенеуніктерің назарына түсіп, қала әкімшілігі үндеу жасап, аздаған уақыт өткеннен кейін бейнедегі көшеге жол салынды.

 

Фото: naimi.kz

«Лас би» Ханның жалғыз перформансы болмады. Одан бөлек Талдықорғандағы жерге тым жақын орналасқан аялдамадағы орындық, қараңғы көшелер мен өмірге қауіпті ашық люктер туралы бейнелер шықты.

2021 жылы Хан Ата өзін Пайғамбар, математикалық формулалардан тұратын Жер діни ағымының құрушысы, осыған дейінгі адамзат жіберген қателерді түзетуші атап, оның ұрығы коронавирус ауруынан емдейтінін мемлекеттік телеарнада жариялады. 

Бейне лезде қоғамда резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде үлкен шу көтеріліп, Ханды шайтан санап, өлтіру туралы қоқан-лоқылар келуімен жалғасты. Қоғам арасында дамып жатқан әртүрлі наным-сенімдер мен діни ағымдарға сену және коронавирус кезіндегі адамдардың зімбір шайі мен жануарлардың нәрін ішуімен жалғасқан қисынсыз сенімдердің артынан еруіне жасалған нағыз провокациялық көзқарас болды.

Биылғы жаз Ханға танымалдықтың жаңа толқынын алып келді. Оған себеп поп ММА-да тиктокер Брат Санимен пресс-конференциясы мен жекпе-жегінен кейін болды. Ханның сөздері әлеуметтік желілерде мемге айналып, тез таралып кетті. Хан Ата мен кәсіпқой ережесіз жекпе-жекші Артем Тарасовтың кикілжіңі 1982 жылы орын алған американдық абсурдты комик Энди Кауфман мен кәсіпқой рестлер Джерри Лоулер арасында өткен жекпе-жекті еске түсіреді.

 

Әйелдермен жекпе-жекке шыққан Энди өз кезегінде 80-жылдары аса қатты танымалдыққа ие болған рестлинг шоуларға сатиралық тұрғыда мысқылдаса, Ханның Поп ММА-ға қатысуы қазіргі жастар арасында аса кең танымалдыққа ие болып жатқан ережесіз жекпе-жек түрлері мен өсіп жатқан агрессияға мысқылдауы сияқты.

Қорытындылай келе, Хан Ата жаңа көзқарасты, комедия жанрының есте қаларлық тұлғалары сияқты сюр, абсурд, сатира, гиперболизация құралдары арқылы қоғам мәселелерін бір жерде ұштастырып, провокация мен резонанс тудырып, әртүрлі сезімдер мен пікірлерден бөлек, ең бастысы қызу талқы тудыратын қоғам айнасына айналды.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски