Хаос сүйемелдеген ой. Magdalena Bay-дың кереметі

Аптап ыстық басылып, күздің белгісі көріне бастағанда-ақ «биылғы жаздың сәнін келтірген brat-тың орнын енді қай альбом басады?» деген ойға баттық. 98mag авторы Әлима Әмірәлина Magdalena Bay дуэтінің Imaginal Disk үнтаспасын ұсынады. Неге?

Мұқаба фото: Lissyelle Laricchia

Аз-маз тарих

Charlie xcx-тің brat альбомы жаз бойы чарттардың басынан да, жұрттың аузынан да түскен жоқ. Интернет заманында трендтің мұншалық ұзаққа созылғанын көп көре бермейсің. Дегенмен альбомдағы сыршыл лирика мен сергек әуен жазға керемет жарасқанын жоққа шығара алмаймыз.

Ал күзде не тыңдаймын десеңіз, Magdalena Bay дуэтінің Imaginal Disk атты екінші студио альбомын ұсынамын.

Magdalena Bay дуэтінде Мика Тененбаум және Мэттью Льюин өнер көрсетеді. Екеуі орта мектепте оқып жүргенде Tabula Rasa атты прогрессив рок тобын құрған. Бірақ аса көп табысқа жеткен жоқ. Университетке түсерде Мика мен Мэттьюдің жолы ажырап, топтың жұмысы да аяқталды.

Жылдар өтіп, екеуі 2016 жылы қайта қосылды. Бірақ бағытын өзгертіп, рок емес, альтернатив попты таңдады. Бұл кезде гиперпоп жанры дүркіреп тұрған. Magdalena Bay де Charlie xcx-тің Vroom Vroom мен Grimes-тың Art Angels альбомдарынан шабыт алды.

Танымал болуға талпыныс

Музыка индустриясында табысқа жету қиын. Оған жетудің барлық жолын байқап көруің керек. Мұны дуэт айқын түсінді.

Алдымен бірнеше сингл шығарды, содан кейін 2019 жылы алғашқы EP жұмысы жарияланды. Бұған кейін Luminelle Recordings лейблы оларды қамқорлығына алды.

Дуэт түрлі форматты байқап көріп, ән мен әр трекке сай, қысқа да нұсқа визуалы бар микстейптер шығара бастады. Топ музыканы кескінмен көркемдеу маңызды екенін, осы арқылы тыңдарман тартуға болатынын түсінді.

Дуэт Grimes пен Charlie xcx-тің Tiktok-та вирусқа айналған тректерінің мэш-ап нұсқасын шығарды. Қолданушының бірі дуэттен миксті не себепті Spotify-ға жүктемейтінін сұрағанда екеуі музыка индустриясының көпке беймәлім қырларын түсіндіре бастады. Лейблмен бірлесіп қалай ән шығарады, фонограмманың не керегі бар дегендей сұрақтарға берген жауабы Tiktok-та көп көрілді. Әзіл видеолар да жариялап тұрды. Аудиториясы тұрақты түрде өсіп жатқан тұста дуэт дайындаған «Killshot» трегінің баяу да реверб нұсқасы фанедиттер қауымдастығы арқылы үлкен хитке айналды!

Мұның бәрі топтың танымалдығын арттырғанымен, олар күткен үлкен жетістік бұл емес еді.

Mercurial World

2020 жыл. Локдаун. Осы сәтті пайдаланған екеу күнделікті жұмыстан үзіліс алып, музыка жазуға отырады. Бір жылға жалғасқан қарқынды ізденістен соң дуэттің Mercurial World атты алғашқы студиялық альбомы шықты.

Бұл дебют — дуэттің көптен күткен жетістігі еді. Лайық қаржыландыру мен лейбл қолдауының арқасында топтың экспериментал поп-дыбысы жаңа деңгейге көтерілді.

Mercurial World альбомның соңғы трегі бірінші трекке жалғасатындай етіп жасалған. Сондықтан үнтаспа тылсым әлем туралы шексіз сыр шертетін сияқты. Бұл жинақтан кейін келген табыс топқа қарбалас жұмысты қойып, музыкамен терең айналысуға мүмкіндік берді.

Енді, міне, дебюттан үш жыл өткенде Magdalena Bay жаңа дүниемен оралып отыр. Imaginal Disk альбомында дуэт қиялға, галактикаға және ғылыми фантастикаға деген сүйіспеншілігі мен хаос әуенді әсем үйлестірген. Ондағы дыбыс топтың экспериментал екенін тағы бір еске түсірді.

Альбомның айтары

Imaginal Disk жинағының негізгі ерекшелігі — лирикасы. Magdalena әр тыңдарман өзінше түсіне алатын мәтін жазатынын айтқан. Дегенмен нақты мессежі де жоқ емес сияқты.

Альбом мұқабасынан біреу бойжеткеннің басына диск енгізіп тұрғанын көреміз. Үнтаспа жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы, қалыптасуы туралы баяндайды. Кейіпкердің саяхаты туралы хикая көңілді естілгенімен, музыка кейде мұңлы тонға ауысады. Ал соңғы тректің аккордтары қуанышыңды су сепкендей басып, беймаза күйге бөлейді.

Үнтаспадағы ғылыми фантастика элементтеріне қарамастан, мазмұны адам өмірдегі түрі сезімдер туралы сыр шертеді. Көкірегін өкініш кернейтін, өзіне көңілі толмайтын жастар миын әп-сәтте ретке келтіретін қиял дискін іздейді.

Жинақтағы бірінші және соңғы тректегі сөздер мен музыкалық мотив қайталанып, өзін іздеген адамның арпалысы ешқашан бітпейтіндей әсер қалдырады.

Жағымды какофония

Жинақтың дыбысын сөзбен сипаттау мүмкін емес! Сонда да байқап көрейін. Прогрессив рок пен синт-поп стильдерінде басталатын дыбыс өте жиі өзгеретін битке ұласады.

Күтпеген жерден басталатын басс дыбысы сізді «She Looked Like Me!» атты бірінші трекпен таныстырады. Бұл әннің ырғағына үйрене бастағанда, бәрі кенет өзгеріп кетеді.

Альбомда тұрақты ештеңе жоқ. Әндер қауызын жаңа жарған гүлдей баяу ашылып, бірер сәттен соң құлпырып шыға келеді.

brat альбомында контраст әндер арасында жасалса, Imaginal Disk-те қарама-қайшылықты әннің өз ішінде естисіз. Соқтығысқан жоғары және төмен тондар ең жағымды какофонияның мысалындай әсер қалдырады.

Альбом көтерген тақырыптар ауыр болса да, дыбыс жеңіл, тәтті әрі көңілді естіледі. Әрбір бөлшектің, әрбір кішкентай әуеннің өз орны бар.

Magdalena Bay бұрын-соңды мұншалық ашық, боямасыз сөйлеген емес. Осы альбомға дейінгі ең қызық, экспериментал тректері осы жұмысының көлеңкесінде қалып қойғандай болды.

Бұрын прогрессив рок не экспериментал поп тыңдап үйренбеген болсаңыз, альбом бірден ұнай қоймауы мүмкін. Бірақ тағы бірнеше мәрте тыңдап көріңіз. Әуелі бейберекет хаостың үніндей естілетін дыбыс альбомның астарын түсінген соң сүйікті жинағыңызға айналып кетуі ғажап емес.

Мақала ішіндегі фото: Lissyelle Laricchia

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Qazaqstan Coffee Festival пройдёт впервые в Алматы
Город
#события
Qazaqstan Coffee Festival пройдёт впервые в Алматы
Первый в ЦА фестиваль театра «Место — действие» пройдёт в Бишкеке
Город
#события
Первый в ЦА фестиваль театра «Место — действие» пройдёт в Бишкеке
Кто представит Казахстан в финале танцевального соревнования в Мумбае?
Ликбез
#общество
Кто представит Казахстан в финале танцевального соревнования в Мумбае?
КАОС — безумное переосмысление древних мифов
Культура
#кино
КАОС — безумное переосмысление древних мифов
Wukong: о лоре первоисточника, ставшем поп-культурным феноменом
Ликбез
#истории
Wukong: о лоре первоисточника, ставшем поп-культурным феноменом