Ел тарихын таспалаған «Ағайынды»

Ел тарихын таспалаған «Ағайынды»

«Ағайынды» телесериалы — ауылда туып-өскен үш бауыр туралы әсерлі хикая ғана емес, Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің тарихын түгендеген туынды. Сериалда символизм мол.

Сатаевтың қолтаңбасы

«Ағайынды» телесериалы — режиссер Ақан Сатаевтың фильмографиясындағы көптің есінде ерекше қалған туынды. Сериал саундтрегіндегі «Өтеді-ау өмір, өтер, еркіңе көнбес, кетер» деген тармақты әуендете жатқа айтатындар көп.

Көркемдік жағынан «Ағайынды» Сатаевтың басқа картиналарынан озық тұр. Фильмге қарағанда телехикаяда кейіпкерді ашуға, қоғамдағы процестерді көрсетуге көбірек уақыт бар. Режиссер бұл туындысында уақытты тиімді пайдаланған.

Сатаевтың басқа фильмдерімен салыстырғанда «Ағайындыда» динамика бірсыдырғы, бірақ тым баяу да емес. Бұл телехикаяда Ақан Сатаев өзі жиі көтеретін 90-жылдардығы криминал мен дін тақырыбын қозғайды. «Ағайындыда» дін (үйдің тұңғышы Шыңғыстың мешіт салуы) қатені мойындап, дұрыс жолға түсудің бір жолы ретінде көрсетіледі. Айтпақшы, «Рэкетирде» де сондай сахна бар.

Бір отбасының мысалында

Көркем телехикая тұтас бір дәуірді бейнелейді. Алты бөлімде 1996-2009 жылдар аралығындағы оқиғалар қамтылған.

Сатаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда болған процестерді қарапайым отбасының өмірі арқылы бейнелеген. Үш ағайынды үш жолмен кетіп, осы арқылы елдегі түрлі әлеуметтік топтың сол жылдары қалай өмір сүргенін көрсетеді.

Үлкен бизнес жолына түскен үйдің тұңғышы Шыңғыс КСРО кезінде үлкен лауазым атқарған адамның қызы Анельге есеппен үйленеді. Оның ағасы Тәуелсіздік алғаннан кейін саясаттан кеткенімен, жеке кәсіп ашып, ықпалды азаматқа айналған. Шыңғыс әйелінің туыстарына жақындау үшін өз бауырларынан алшақтап, арасы суи бастайды.

Ортаншы ұл Қуаныш арқылы елде 90-жылдары етек жайып, ылаң салған криминалды көреміз. Тәуелсіздікдің алғашқы жылдары постсоветтік елдің ешбіріне оңай болған жоқ. Адамдар түрлі жолдармен ақша табуға тырысты. Фильм авторлары Қуаныштың образы арқылы әр істің өтеуі боларын көрсеткен.

Кенже ұл Бақыт — ата-анасына қамқор, дәстүрге берік, ауылын көркейту үшін еңбек етуге дайын жігіт. Ол — үміт тұнған, арманшыл кейіпкер, болашаққа деген сенімді бейнелейтін образ.

Түйін

Ашаршылықтан кейін қазақ жерінде қазақ ұлтының үлесі азайып қалды. Қазақтардың көбі өркениет жетпеген ауылдарда тұрды. КСРО ыдырағаннан кейін совхоздар қараусыз қалып, ауылдағы қазақтар жаппай қалаға көше бастады.

«Ағайынды» — ауылдан келген қазақтар осы бір алмағайып кезеңде қандай қиындық көргенін, жаңа ортаға бейімделу үшін басынан не өткергенін баяндайтын хикая. Сериал соңында Шыңғыстың елдің жаңа бас қаласы Астанаға көшуі — символизмге толы сәт. Ары қарай елдің жаңа тарихы жазыла бастайды.

Тек ескеретін бір жайт бар. Бұл телехикая 2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясына дейін түсірілген.

Сондықтан болар, «Ағайындыда» әркім өз жолын тауып, сериал бақытты, баянды аяқталады. Үш бауыр, олармен бірге көрермен де отбасындағы (елдегі) қиын күндер артта қалды деп сеніп, келешекке көп үміт артады. Ешкімде әзірше үрей жоқ.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
То, что внутри: убийство идеальных незнакомцев в Восточном экспрессе
Без рубрики
#кино
То, что внутри: убийство идеальных незнакомцев в Восточном экспрессе
Итоги Gorilla Style Wars 2024: Брейкинг вновь на вершине!
Город
#события
Итоги Gorilla Style Wars 2024: Брейкинг вновь на вершине!
Как прошёл юбилейный Х сезон Visa Fashion Week Almaty
Стиль
#мода
Как прошёл юбилейный Х сезон Visa Fashion Week Almaty
Созерцательная декоративность: откровения выставки «Русла моих рек»
Город
#события
Созерцательная декоративность: откровения выставки «Русла моих рек»
Кто такой Носферату и почему его стоит ждать
Культура
#кино
Кто такой Носферату и почему его стоит ждать