Куир поптың жарық жұлдызы – Chappell Roan

Әлемге әйгілі Бостандық мүсіні кейпінде ән шырқаған Chappell Roan туралы естіген боларсыз.

Chappell Roan – Миссуридегі шағын қалашықтан шыққан 26 жастағы Кайли Роуз Амстутцтың сахналық есімі. Марқұм атасы Деннис К. Чаппеллдің есімімен өнер көрсетіп жүр. Ал «Роан» сөзі тұлпар туралы классикаға айналған «The Strawberry Roan» кантри әніне сілтеме болса керек. 

 

Алғашқы қадам

Roan әлі Кайли атымен өнер көрсетіп жүрген шақ. «Die Young» атты алғашқы әнімен Atlantic Records-тың көзіне түсіп, 2015 жылы лейблге қосылды. Youtube влоггері болған Трой Сиван оған көп қолдау көрсетті. Қазіргі Chappell-ді ғана білетіндер сол жылдары әртісті көрсе, танымас еді. Оның «School Nights» атты алғашқы шығармасынан Lorde мен Лана Дел Рейдің ықпалы айқын сезіледі. Туынды сол кезде трендте болған блюз бен төмен дыбысты синтездің қоспасы еді. Тек қай әнін қоссаңыз да, Roan-ның қатардағы әнші емесін бірден байқайсыз.

Chappell-дің дауысы зор. Жоғарғы нотадан төменге оңай қалықтайды. Бірақ өнер жолындағы басқа да адамдар сияқты, оған туындыларын өңдеп, уақытылы ән шығаруға көмектесетін тәлімгер қажет болды. 

2020 жылы Chappell Roan «Pink Pony Club» әнін шығарады. Яғни, «Батыс Голливудтағы гей-клубта биші болу» деген мағынада өзіңізге адал болу туралы ұран. Ізін ала «Love Me Anyway» және «California» атты екі ән тыңдарманға жол тартты. Бірақ релиз сәтсіз уақытта жасалды. Локдаунның қақ ортасында билейтін ән сату қисынсыз екенін мойындайық. Осылайша, 2020 жылы Чаппелл Atlanta Records Roan-мен жұмысын тоқтатты.

Тәуелсіз әртіс жолы

Үлкен лейблмен сәтсіздікке ұшыраған Roan үйіне оралады. Туып-өскен шағын қаласында бір-екі жыл бойы өзі ән жазып, көлік жүргізушілері тамақ алатын орында жұмыс істеді. 

«Naked in Manhattan»Roan-ның тәуелсіз әртіс ретіндегі алғашқы туындысы. Тура сол жылы Chappell Оливия Родриго мен Fletcher-дің концерттерін ашып беріп жүрді. Әртіс ретінде шығармашылық тәртібі қалыптаса бастады. Өзі ән жазып, өзі тіккен киімімен концерт берді. Интернетте шығармашылығын жарнамалай бастады. Кейін өзі мұны «Музыкада мансап құру миллиондаған қарыс қадамнан тұрады екен» деп сипаттады.

Оливия Родригомен гастрольдік сапарға шығу, хит синглдар жазу, 2023 жылдың «Ең үздік поп-альбом» атына үміткер болған туынды шығару – Roan-ның өнер жолындағы табанды еңбегінің жемісі. 

Ал биыл сәуірде бірден хитке айналған «Good Luck, Baby» әні шықты. Spotify қосымшасында оның тыңдарман саны бір айда 500 пайызға өсті. Tiny Desk концертін миллиондаған адам қарады. Барлығы жұмбақ Chappell Roan-ның кім екенін сұрай бастайды. Осылайша әртістің он жылға жуық еңбегінен нәтиже шықты.

 

Chappell – дрэг кейіпкер

Chappell Roan әншінің лақап аты екенін ендігі білесіздер. Соның арқасында әртісті дрэг тұлғасы ретінде де қарастырады. Оның үстіне Роанның өзі де алғашқы турын ашарда сахнаға әуелі драг куиндерді шығарған. Бұл идея Орвилл Пекке тиесілі. 

Сахна артында куиндердің бірі оның әрекеті нағыз дрэг екенін растаған соң Chappell перформанстарын осы жанрда көрсете бастады. Оның стилі «камп» деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, «камп» – талғамсыз, ұсқынсыз, көріксіз саналатын, бірақ бірте-бірте көз үйреніп, сүйкімді көрініп кететін стиль; жасандылық тұнып тұрғанымен, артында шынайы сезім бар эстетика. 

Tiny Desk концерті – Roan-ның «кампын» көрсететін тамаша мысал. Әртіс бетін сайқымазақша аппақ етіп алған, екі ұрты мен ернін қып-қызылға, қабағын ашық көкке бояған. Бұл 80-жылдардағы стильді де еске түсіреді. Басына үлкен парик киген, ал ерін далабы тісіне жағылып кеткен. Үстінде арзан көрінетін ашық қызғылт көйлек, басына кішкентай диадема тағып қойған. Тап осындай театралды костюм киіп, қатты боянған бір топ әйелдің ортасында Roan шынайылығынан таймай, ішіндегі сырын бүкпесіз ақтарып отыр. Мұның бәрі – «камп». Chappell өзінің шоуларында да осындай – бір қарағанда циркте отырғандай көрінгенімен, айтар ойы терең де шынайы.

Куир-поп 

Chappell Roan – лесбиан екенін ашық айтатын әртіс. Қазіргі шығармашылығы осы тақырыпты қозғайды. 

«Femininomenon» әнінде Roan жігітіне көңілі толмайтыны туралы айтады. Ал «Good Luck, Baby» – өзінің куир екенін мойындамайтын қызбен көңіл жарастыру жайлы трек. Әндерінде сүйіктісінің гендерінен хабар беретін есімдік болмаса да, оның қызға арнап жазылғанын білеміз. 

Қоғамдағы прогресті өлшеу қиын. Гомофобия – көп жерде кездесетін өзекті мәселе. Тіпті Роан туған АҚШ-тағы Мидуестте де бұл анық байқалады. Дегенмен бұрынғыдай емес. Әйтпесе Роанның «Мен сенің қызыңды сүйгім келеді» деген жолдары бар әні 2014 жылы тап қазіргідей қабылданбас еді.

Оған қоса, Роанның стереотип girl in red тәрізді мұңлы да баяу әуен емес, ырғақты да көңілді музыка жазғаны жанрдың дамуына өз үлесін тигізеді. Куир тұлғалар гомофобия туралы әнге қайғыра бермей, билегісі де келеді. 

Chappell-дің музыкасына ғана емес, әңгімесіне де құмар аудитория үлкен. «You don’t have to stare, comе here, get with it» деп ашық мойындап, консерватив ата-әжейге HOT TO GO! әнінің биін үйрету – Roanға қалыпты жағдай. 

Прогрессив көзқарас зор үміт сыйлағанымен, адам құқығы мәселесінде көп түйіткіл бары анық. Қазір АҚШ-та куир тұлғалардың құқығын шектеліп, ЛГБТ өкілдеріне заңды некеде тұруға қайтадан тыйым салу керек пе деген мәселе көтеріліп жатыр. Мұны Chappell де біледі. Әнші Ақ үй Прайд айына орай өтетін шарасына қатысудан бас тартты. «Біз бәріне әділдік пен бостандық тілейміз. Ал ол орнатылмайынша мен мұнда аяқ баспаймын» деп нүкте қойды.

 

 

The Rise and Fall of a Midwest Princess

Roan-ның дебют альбомы сапалы поп-альбомды ұнататын кез келген тыңдарманға арналған. Оны клубқа барар алдыңда тыңдайтын көңілашар альбом деуге болады.

Альбом – 14 тректен тұратын ұстамды хаос. «Femininomenon» атты бэңгермен басталып, «Guilty Pleasure» атты соңғы трекке дейін қарқынын жоғалтпайды. Альбомда баяу әндер де бар. Әсіресе балладасының күші сезіледі. Roan өзінің сәтсіз қарым-қатынастардан қалған бар эмоциясын вокалдық таланты арқылы сыртқа шығарады. Бұл бәріміз білетін әңгімені баяндайтын no-skip альбомы: ғашық болып, жүрегі жараланғанын, кейін басқа қуаныш тауып, олардан да көңілі қалғанын баяндайды. Мидуест ханшайымының көтерілуі мен құлдырауы – кез келген тыңдарманның көңілінен шығатын туынды.

Chappell-дің музыкадағы он жылдық еңбегі енді жеміс бере бастады. Жаңа альбомы қашан шығары белгісіз. Әртістің жұмысы енді тіптен қыза түспек. Роанның ерекше де терең туындылары мұнымен тоқтамайды деп сенемін. Good Luck, Chappell.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Парадокс Родри: как незаметный герой завоевал «Золотой мяч»
Культура
Парадокс Родри: как незаметный герой завоевал «Золотой мяч»
Увлекающий, убивающий, утомляющий «Ужасающий»
Культура
#кино
Увлекающий, убивающий, утомляющий «Ужасающий»
«Спираль»: неудачная экранизация хоррор-манги Дзюндзи Ито
Культура
#кино
«Спираль»: неудачная экранизация хоррор-манги Дзюндзи Ито
«Казахстан стал для меня открытием»: интервью с фотографом Кэлли Эх
Бизнес
#люди
«Казахстан стал для меня открытием»: интервью с фотографом Кэлли Эх
Почему все смотрят «Ван-Пис» 25 лет спустя
Культура
#кино
Почему все смотрят «Ван-Пис» 25 лет спустя