Стилі
Граймз, рэгги, блюз, афробитс пен R&B дыбыстық коктейлді, классикалық рэптің лирикалық стиль дәмдеуішімен толықтыру. Қысқаша айтқанда, Little Simz-ді жанрдық тұрғыдан анықтау ауырға тиеді.
Little Simz апокалипсис кезіндегі рейв болмаса да, соған үндес музыка жазады. Тыңдаушының ойын толқытып, жанын жұбата, көңілін көтерер едәуір қырлы әртіс.
Little Simz әнін тыңдағанда оның дауысымен құмарланасыз. Ол эксперименталды рэп қоспасы ерекше болғандықтан ғана емес, дауыс тембрінің өзі ерекшелігінен тамсанасыз. Ағылшынша акцентпен терең, төмен нотада, сенімді дауыс ырғағымен “Sim Simma, who got the keys to my bloodclaat Bimmer?” деп сұрағанда мұқият сала тыңдаймыз.
Егер Little Simz-дің ауқымды жұмысын сипаттау мүмкін болса, ол Vince Staples пен JID сияқты рэперлермен салыстыруға келеді. Солар тәрізді, әндеріне өмірлік тәжірибесі жайлы, нәсілдік теңсіздік сияқты қиын сұрақтарға рифмалар құрып жауап іздейді. Сонымен қатар, осы тақырыптарды эксперементтік тұрғыдан таныстырады.
Адикавоның басқа да эксперименталды әншілерден көзге түсетін қасиеті, мінезіне сай риясыздығы. JPEGMAFIA, Death Grips пен Kanye West тәрізді орындаушылар үшін әндердің ерекше жаңа дыбысы – өз сезімдерін ирониялық формада көрсету болса, Little Simz үшін ол – жүректің түбіндегі мөлдір сезімдерін ән жүзінде шынайылап жеткізуі. Мәселен, “I Love You I Hate You” – өз әкесімен қарым-қатынас құрудың қиыншылықтары туралы жазады: “Lyin’ to myself, pretendin’ I was never phased by it // Maybe ’cause you’re in my DNA, that’s why”. Ал “Wounds” атты әні, Харри Узока досының өлімінен кейін кешкен әсері мен құбылжуын баяндады.
Адикаво музыка жазу үшін жанжақты шабыт іздейді. Мысалы, “Miseducation of Lauren Hil” оның өзіндік білім-танымы үшін маңызы бөлек деп санайды. Kendrick Lamar, Nas, Biggie Smalls және Busta Rhymes сияқты рэперлер де әндердің жазылуына септігін тигізген.
Оның 2021 жылғы альбомы шығу барысында, Little Simz рэпер мен Симби Аджикаво арасындағы дихотомияға терең енетін көңілін көрсету үшін, ол Nina Simone мен Billie Holiday сияқты джаз жұлдыздары шабытты қайдан алғанын ашық айтады.
Бірақ музыкалық бағытқа әсер ететін ірі тұлғалар туралы айтсақ, көзге түсетіні – Inflo.
Шын аты Дин Ковер, әртістің жақын досы және продюсері, сыншылардың жоғары бағасына ие болған мистикалық SAULT тобының жетекшісі. “No Thank You” сияқты жұмыстар толығымен продюсердің көмегімен жазылған. Бірнеше Little Simz альбомдарынан басқа, ол Adele және The Kooks сияқты әртістердің альбомдарымен жұмыс істеді.
Визуалды әртіс
Симби тек рэпер Little Simz ғана емес, оның мақсатында кең көлемді музыкалық жұмысымен бірге жүретін визуалды тіл құру да бар.
“Introvert”-ке арналған музыкалық видеоның түсірілімі үшін Лондонның Табиғи Тарих Мұражайын жауып тастап, «ақ» мәдени орталықтың ішінде әдеттен тыс кейіптерді ұсынады. Бұл бейнеклип – үйренішті көрнекі тілдің ережелерін бұзып, оның жаңа формасын құрастыру мысалы. Оның бір бейнеклипі, атақты сенегал “Touki-Bouki” фильміне қатысты сілтемелерге толы. Ал келесі көрнекі проектінде Beyoncé мен Jay Z-дің “Apeshit” музыкалық бейнеклипінен үлгі алады.
“I Love You, I Hate You” атты синглы үшін, Симби әкесі арасындағы қарым-қатынасы жайлы 20 минуттық қысқаметражды фильмді шығарды.
2022 жылғы “No Thank You” альбомы үшін, 10 минуттық жарнамалық фильмде, ол фондық әндерді әсерлейтін таңғажайып визуалды бейнелер жасайды. Оның барлық көрнекі жұмысы өзгеше әлем түйсіну үшін ойластырылғандай. Жұмысымен толық танысқыңыз келсе, “Gorilla” және “Point and Kill” тәрізді клиптерін көруге міндеттісіз.
Музыкалық жұмысына шолу
Pre-Venom
Алғаш рет 2015 жылы фрешмен альбомы шығарумен қатар, оның атағы да, британдық рэп сцена деңгейіне жетті. “A Curious Tale of Trials + Persons” аталған альбомдік дебюті алдында Симбиді Kendrick Lamar: «қазіргі музыка алаңындағы ең талантты адам атағына ие» деп мадақтады. Ал 2017 жылы, ғажайыптар елінде кезіп жүрген қиялкейіпкермен, Симбидің тарихын баяндайтын “Stillness in Wonderland” концепттік альбом шықты.
Сонымен қатар, Little Simz үшінші альбомы Ivor Novello және NME сияқты жүлделерді жеңіп алып, Меркурий сыйлығының қысқа тізіміне енді. Британдық аттары белгілі The 1975, IDLES, және өзі сияқты жаңа Black Midi әртістерінің қатарына кірді. Бірінші жолы ұтылғанымен, 2022 жылы “Sometimes I Might Be the Introvert” альбомымен Harry Styles және Wet Leg сияқты әншілерден озып, Меркурий сыйлығын жеңіп алды.
Venom
Little Simz салыстырмалы түрде, сіз үшін аты баршаға танымал әртіс болмас. Алайда, оны дауысы арқылы бірден танитын шығарсыз. 2021 жылы оның “Venom” әні ТикТок желісінде танымал трендке айналды. Негізінен, феминистік мәселелер мен жас қыздарға өз құндылығын үйретуге бағытталған трендтің музыкалық фоны ретінде, “Venom” әнінің beat drop сәті қолданылған болатын. Бұл Simz-тің атағын еселей түсті. Өз тыңдарманын іздеудегі басқа да жас әншілер сияқты, ТикТок өзінің әндерін жаһандық ауқымда кеңейте түсті.
Post-Venom
“Venom” шыққаннан кейін, Simz жаңа екі альбом мен бір EP шығарып үлгерді. Айтарлықтай, сонымен қатар, “Venom” фильмінде де эпизодтық рөлге ие болды, сол үшін әннің арнайы ремиксін шығарды.
Симби қазір өзінің табысқа жету оқиғасын жазуда.
Мәселен, соңғы “No Thank You” альбомы, атағы бар тұлға ретінде күтпеген қиыншылықтары және өзінің индустриядан көңілі қалуы туралы тақырыптарды атап өтеді. Табысқа жету жолының өзі оңай болмаған. Little Simz өзінің тәуелсіз рэппер ретіндегі еңбегін сипаттай отырып, «эскалатор емес, баспалдақ болды, бірақ бағасы оған тұрарлық болды» дейді. Осындай толқулардың нәтижесінде “If the contract more than two page, it’s a bad sign // I was convinced it was fine, it’s my damn time” тәрізді жолдарды жиі көруге болады. Продакшн стилі мен әр түрлі жанрларды бір-бірімен қоса, бұрын аңғармаған ашулық пен түңілу сезімдері бар екенін қазір аңғаруға болады.
Little Simz-тің алдына қиыншылықтар тағы кездесті. Мысалы, ол шығындар өтелмейтіндіктен, өкінішке орай, АҚШ турынан бас тартуға мәжбүр болды. Себебі, Little Simz – тәуелсіз әртіс. Турдың барлық шығындары өз қалтасынан шығады, ол әзірше гастроль өзі үшін қымбатқа түсетінін түсінді.
Drop 7
Жақында Little Simz “Drop 7″ атты соңғы EP-ін ұсынған болатын. Бұл 2010 жылғы бірінші шығармаларынан бері келе жатқан EP атаулы мәнерінің жалғасы.
Little Simz брэндіне тән құлаққа өте таныс элементтер бар. Лирикалық және авторлық рифмалары да осында. Бірақ “Fever” әуенінде мүлдем жаңа тосынсыйлар кездеседі. Симби осы жолы «бразилиялық фанк» стилінде музыкалық туынды жазды. Үні афробиттерге тартатын мезеттері де бар болады. Үйреншікті стильге жаңа үн қосып, нәтижесі кринж болмай шығу да әр музыканттың қолына келмес. Drake ямайкалық акцентті өзінің хайпқа ұмтылу үрдісінің бөлігі ретінде қолданғаны әзілге айналса, Little Simz-тің португал тіліндегі толық эскперименттік өлеңін тыңдап, тек ләззат аласыз.
EP-дің ауқымдығына қарай, альбомдар қысқа болғанымен, жұмысты толығымен алғанда, логикалық басы мен ортасы, соңы бар. Ритмді, карнавалда ойнайтын әуенмен бастап, мереке бітіп, бәрі үйге тарар кездегі тәтті мелонхолияға толы әнмен жабылады.
EP, әрине, “No Thank You”-мен салыстырғанда билейтін, көңіл көтеретін сәттері көбірек. Сондай-ақ, әлі де классикалық рэп әсері анық. Бізге үйренішті әуенмен орындалатын музыкалық тәжірибесі сезіледі. Симбидің өзі мойындағандай, өзіне ғана тән дыбысы – осы.
Little Simz-бен танысқыңыз келсе
Орындаушы ретінде:
NPR tiny desk concert
Venom on Colors Show
Cover of Feel Good Inc. by Gorillaz
Рэппер ретінде:
No Merci
Fever
I Love You I Hate You
Визуалдық әртіс ретінде:
Introvert
Gorilla
Point and Kill