Атыраулық жас әртістер Жайық үнін қайта жаңғыртуда

Жақында атыраулық KILEN шығармашылық ұжымының «Estelik» жобасы жарық көрді.

«Estelik» жобасының басты мақсаты – ыстық махаббат пен жылы сәттерден ел жадында қашалып өз орнын алған халық әндерін қайта жаңғырту. Жас әртістердің орындауындағы әндер жаңа, заманауи кейіп алғанымен, соның өзінде бастапқы болмысын жоғалтпай, жас буынға халық әндерін паш ету. 

Жобаның алғашқы маусымы – барша атыраулықтардың ең алғашқы деген қайталанбас сәттері орын алатын Жайыққа арналады. Жайық – қаланы екіге бөліп, бірақ соның өзінде бір тұтас ұстап тұратын ерекше мекен. Жайық тек атыраулықты тербетіп қана қоймай, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Төлеген Айбергенов, Ілия Жақанов сынды белді ақындардың жүрегінен орын алғаны сонша, олар осы бір өзен туралы өлең жырларын қалдырып кеткен. 

Қазірдің өзінде «Estelik»-тің екі шығарылымы шықты: композитор Шәмші Қалдаяқовтың әуеніне жазылған «Ақерке-Ақжайық» пен осыған дейін Мақпал Жүнісова шырқаған «Жайықтың толқындары» әндерін kaden. мен Абзал Сиғуат атты жас атыраулық әншілер орындады. 

Қоңыр дауысты басты орындаушылардың артында тұрған хор әртістері әнді өз орындауымен аса үлкен күшпен толтырады. Хор әртістері орындаушының артында екі топқа, екі түрлі түске бөлініп, Жайықтың Атырауды Еуропа мен Азияға бөліп тұрғанын сипаттайды. 

Алдағы шығарылымдарда jeltoksan. Aidhn мен Quttay орындауындағы Жайық туралы әндер болады. Халық әндерін жандандырып жатырған жобаның келесі шығарылымдарын асыға күтеміз.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One