Орталық Азия әйелдері жайлы музыкалық монолог

Орталық Азия әйелдері жайлы музыкалық монолог

 Zere. Men Kaidamyn. 

Men Kaidamyn – 2023 жылдың 21 шілдесінде шыққан толық форматты музыкалық альбом. 

Бұл альбомның ерекшеліктері көп, және мен оны ертерек тыңдамағаныма өкінемін. Бірақ, бәрі өз уақытымен. Бұл альбом Зеренің алдыңғы шыққан әндері ойының жалғасы. Мысалы, әйел құқықтары, ұлттық болмыс, қыз армандары, Қырғызстандағы патриархалдық жүйе тақырып желісі. Осы жолы да Зере өзінің балалық шағын әндете отыра, кезекті осы тақырыптарды көтерді. Бәрі өз басынан кешкен естелік ретінде жазылғандай. Қырғыз ұлттық аспаптарын қолдану арқылы бұл әсер күшейе түседі.

Әр әуен бір-бірімен керемет үйлестірілген, сондықтан бір ауқымды жұмыс тыңдағандай сияқтысын. Әлбетте, бұл жаңа тәсіл емес, бірақ  мұндай әсерге қол жеткізу өте қиын. Альбомда толыққанды Зеренің монологы жиналған. Әнші өзінің бала кезі, туысқандары және өзінің ой-толғыныстары туралы баяндайды. Бұл өзге көңіл күй туғыздырады, солайша бізде сол естеліктің бір бөлігіне айналғандаймыз. Зере қырғыз әртісі болғанымен, қозғалған тақырыптар бүкіл Орталық Азия әйелдеріне жақын.

Альбомның асыл маржаны – сөздері! Әрбір әннің лирикасы соншалықты терең, мен әр тыңдаған сайын еңіреп жыладым. Бұл мақаланы жазған кезде, Зеренің өлеңдерін толығымен копипаст жасағым келді. Себебі, толық шыққан әннің әсемдігін басқаша түсіндіру мүмкін емес. Сондай-ақ, тыңдау барысында, міндетті түрде әннің сөзіне үңілуге кеңес беремін.

Мен үшін «Men Kaidamyn» айрықша жеке альбом. Өзге елдің өкілі болсам да, осы музыкалық шығармашылықтың арқасында өз-өзіме басқа қырлар аштым. Қоғамдағы қыз-бойжеткеннің мойынына асылатын түрлі шектеулер мен тыйымдар, көптеген армандарды тек жүрегімде сақтап жүруге мәжбүрлетті. Қазіргі таңда өзімді басқаша қабылдайтыным – үлгі. Бұл альбом бүкіл Орталық Азия қыздарына ортақ секілді.

Айтарлықтай, мен үшін  Зере тек Қырғызстандық қана емес, бүкіл Орталық Азияның жарқын жұлдызы. Оның дауысы, перформанстері және шығармашылығы ең қызықты– оның айтар сөзі,терең ойлары бар. Зеренің шығармашылығынан қапы қалмаңыз!

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Какие вечеринки на Хэллоуин пройдут в Алматы
Город
#события
Какие вечеринки на Хэллоуин пройдут в Алматы
Эволюция образа вампиров в кино: от монстра до гуманиста 
Стиль
#красота
Эволюция образа вампиров в кино: от монстра до гуманиста 
AIREA – крупнейший фестиваль EDM состоится в Алматы
Город
#события
AIREA – крупнейший фестиваль EDM состоится в Алматы
Искусство ужаса: как художники воплощали страх на холсте
Культура
Искусство ужаса: как художники воплощали страх на холсте
Фильм Мирлана Абдыкалыкова «Похищение невесты» теперь можно посмотреть онлайн
Культура
#кино
Фильм Мирлана Абдыкалыкова «Похищение невесты» теперь можно посмотреть онлайн