Q-pop қайта тірілуде ме?

Осы жылдың ақпан айында басылымымызда «‎Қазақстанға неліктен Q-pop жанры сіңбеді»атты мақаламыз шыққан болатын. Мәтінде бір уақыттары отандық сахнада ондаған кью-поп топ өнер көрсеткенімен, қалай уақыт өте барлық топтар тарап кетіп, соңғы жылдары жанр үлкен үнсіздікке кетіп, тоқырауды бастан кешіп жатқандығы баяндалған болатын. 

Алайда осы жылы аяқасты үлкен камбэктер мен дебюттер орын алып, жанр жаңа дем алғандай болды. 

JUZIM-нің камбэгі

Осыдан бес жыл бұрын 2018 жылы JUZIM қыздар Q-pop тобы құрылған болатын. Тыңдармандардың көз алдында құрылған топ бір жылға жетпес уақыт өткеннен кейін жеке себептерге байланысты тарап кетті. 

Араға төрт жыл салып, ұжым Bikesh жаңа атауымен, бірақ таныс жүздермен қайта оралды. Дебюттік «SAG’YZ» тыңдармандарға ерекше ностальгия сезімін сыйлай отыра, бұрын топта болмаған жаңа, сапалы дыбысты берді. 

T’OI

Juz Entertainment-тың жаңа T’OI герлз-бенды бір жылдан астам уақыт тиянақты түрде ойластырылған жоспар арқасында жарқын дебют алды. Қазіргі таңда аса үлкен танымалдыққа ие бола қоймаса да, топ бірнеше үлкен концерттерде бой көрс етіп, EP-і шығатыны жарияланып, сапалы бейне мен әуен арқылы жаңа тыңдармандарды өздеріне тартуда.

IMZ1 және WinL

CRYSTALZ алғашқы қыздар Q-pop тобының мүшелерінен қайта құрылған IMZ1 екі жылдан бері белсенді болып келе жатырғанына қарамастан, ұжым музыкалық топ ретінде емес, тикток жұлдыздары ретінде көбірек танымал. Олардың тикток-парақшасында 1.1 миллион оқырман бар. 

WinL бойз-бенді осы жылдың басында құрылып, IMZ1 секілді әндері мен бейнебаяндары басқа Q-pop жанрының топтарымен салыстырғанда үлкен назарға ілікпесе де, тиктокта 300 мыңнан астам оқырмандары бар.

Жоғарыдағы мәліметтерге бір қарағаннан соңғы төрт жыл ішіндегі Q-pop топтардың ең белсенді шарықтап тұрған шағы екенін көреміз. Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет жаңа топтар құрылып, бұрыңғы топтар қайта оралуда.

Алайда, Q-pop жанр ретінде көп ұзамай қайта дағдарысқа ұшырайтындай кейіп танытады. Оған бірнеше себеп бар.

Бірнеше жыл бұрын кью-поп ұжымдардың жаппай жабылуының басты себебі тек карантиннің басталғаны, қаражаттың жоқтығы емес, топтардың Q-pop идеологиясын толыққанды түсінбеуінде. Боялған шаш, эпатажды сырт келбет жанрдың бетінде жатқан қаймағы болса, тілдің деңгейін көтеру, мәдениетті дамыту жанрдың бастапқы идеясы болып келеді.

Alpha бұл ойларды тереңірек түсінбеуінен, не жанрмен тығыз байланысты қалыптастырмау үшін өздерін Q-pop-қа кірмейміз дейді. Бірақ тыңдармандарға Alpha нағыз Q-pop жанрының өкілдері екені айқын көрінеді.

Егер IMZ1 мен WinL топтарына назар салсақ, басты салалары музыка емес, тиктокта билер мен көңілашар бейнелер түсіру екенін көре аламыз. Бұл идея анығында Q-pop топқа қарағанда, тикток-хаус/ұжымдарды еске салады.

Сөзсіз, әлеуметтік желілерді дамыту, ол арқылы әндердің промосын жасау заман талабы. Алайда, өз әндеріннің промосымен айналысу мен 4girls team-ге айналып кетудің арасында үлкен айырмашылық бар.

Жаңа Q-pop ұжымдар басты акцентті музыка жазу мен шығаруға қоймай, өз танымалдығын арттырып, тиктокта кезекті жүзімен сауда-саттық жасайтын тиктокерлер болғысы келетіндей.

Ал Bikesh көптен күткен камбэк жасағанымен, ән шыққаннан кейін әлеуметтік желілер мен медиа-кеңістікте промомен мүлдем айналыспады. Бұл және басқа да жайттар T’OI-дан басқа жаңа топтардың саналы, жоспарлы түрде индустрияға келгеніне үлкен сұрақтар мен күдік тудырады. 

Ninety One қанша жерден осы жылдан кейін демалысқа аттанамыз дегенімен, коммерциялық келіссөздердің көптігінен бұл сөздер жай ғана маркетингтік қадам секілді көрінеді.

Жоғарыда қойылған сұрақтардан кейін туындайтын ой бәлкім біздің жыл басында жазған мәтінде айтылған басты ойымыз еш өзгермейтін болар. Тек қана жоспарлары бар үлкен продюсерлік топтар өз жұмысын жалғастыратындай. Бәлкім Q-pop жаңа бағыт алып, өз орнын нығайтады. Уақыт еншісінде.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски