Подкасттар біраз уақыттан бері нарықтағы жанжақты қызығушылыққа ие болған медиалық тауар: бірде әріптесіңіз сізге сүйікті подкастын ұсынады, бірде алыс ағаңыз қонақ жүзінде қатысуы мүмкін, ал жақын досыңыз біраз уақыттан бері өзінің подкастын бастауға асық. «Spotify Қазақстан» өзінің тұтынушыларына подкаст жүйесін әлі ұсынбағанына қарамастан, ақырында Қазақстан осындай іс- шараға жол салды.
Qazaqfilm заман ағымына ілесу үшін де өз подкастын шығаруды ұйғарды. Олар instagram желісінде @qazaqfilm.live деп аталатын арнайы аккаунт ашып, оны «шығармашылық кеңістік» деп сипаттайды. Наурыздың ортасына қарай бірнеше тизерлерді посттап жіберген. Подкаст жүргізушісі Жандос Айбасовтың желідегі суретінің астында (менің түсінуім бойынша ғана, себебі жобаға қатысты нақты ақпарат өте аз) «Жаңа көзқарас. Жаңа бастама» деген батыл мәлімдеме жазылған.
Подкаст не туралы?
Шындап келе, біржақты жауап беру қиын. Бұл qazaqfilm туындысы, сондықтан жергілікті экрандық туындылармен байланыс болатыны анық. Әдетте, жобаның дебюттік уақыты келген кезде, промоушн бойынша ауқымды жұмыс жасалады. Кейде бірдей қайталанатын жарнаманы көргеннен басыңыз айнала бастауы мүмкін.
Әрине, әр жарнаманың мақсаты – аудиторияға шақырым жолдап, бірінші эпизодтың шығуын күту. Яғни, хайп тудыру.
Qazafilm подкаст «not like other podcasts» екенін көрсеткісі келеді. YouTube-те екі-үш күн бұрын аздап эпизод тизерлері, және байқауымыз бойынша, бірінші эпизодты мазақтайтын бірнеше жазбалар шыққан болатын. Жаһандық нарықта жобаны ерекшелететін қысқаша аннотация кездеспеді. Бағдарламаға қатысты «қалай? не үшін?» сұрақтарына нақты түсіндірме де жоқ. Осы екіұшты сезім подкаст көрерменіне теріс ой қалдырады. Жалпы алғанда, Youtube-те барлығына қолжетімді түрде шыққан дебюттік эпизод қызықты. Бірінші бөлімге қатысатын кейіпкерлердің тобы оғаш көрінеді. Олардың бір жерде жиналып сөйлесуі кездейсоқ оқиғаға ұқсас.
Ортасында шоу жүргізушісі – Жандос Айбасов. Актер, каскадер және продюсер. Он и Она-да дебюттік ролінен бастап, Марко Поло және Районы тәрізді проектілерінен белгілі.
Зарина Кармен – театр және кино актрисасы. Міржақып. Оян қазақ сериалында ойнап, Әуезов атындағы халық театры труппасының құрамына кіреді.
Рүстем Жаныманов – театр және кино актері. Келінжан сериалында Қылыш атты кейіпкер рөлінде елге таныс.
Санжар Мәди – актер, режиссер, продюсер. Бой Атбая мен Алтын Орда тәрізді фильмдерде ойнаған.
Аян Өтепберген – актер, әнші және композитор. Ақан Сатаевтың Жаужүрек мың бала фильмінен танымал.
Эпизод барысында актерлік өнер мен салаға қатысты көптеген тақырыптар қозғалады. Қатысушылардың қызуына біраз уақыт бөлінгенімен, 20 минуттан кейін ретімен қызықты әңгімелерге көше бастайды.
Бес маман қарапайым көрерменге жаңаша тұрғыдан өңделген актер кәсібі жайлы, сахнадағы сәтсіздіктер мен актерлік міндеттің әр кейіпкер үшін мәні мен мағынасы туралы сөз қозғайды. Жемқорлық оқиғасының куәгері болу туралы күлкілі анекдот, тіпті өсу гормондары мен сынған мұрын туралы боди-хоррор оқиғалары да бар.
Ең қызықты бөлімдердің бірі – шетелдік жобаларды түсіру уақытында әртістерді қандай көзқараспен қабылдағаны туралы әңгіме. Netflix қатарындағы үлкен студиялардан, әлдеқалай сыйламаушылық, шетелде кездесентін нәсілшілдік және аяусыз қарым-қатынас туралы шынайы баяндама, бәрі бір комедиялық скетч-шоудан алынған үзінділер тәрізді естіледі. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандық киноиндустрияның даму бағыты мен үлгі алатын елдердің мысалдары келтірілген.
Көрерменге танымал әртістердің байқамаған қыр-сырлары да көзге түсіп қалуы да бірталай.
Қоғамдық реакция
Жалпылай келсек, жұртшылық подкастты оң қабылдады. Алайда, жұрт құлағын қайрайтын мәселе де болды: Тіл!
Промоушнның барлығы подкастты толығымен қазақ тілінде өтетінін меңзеп тұрды. Ішінара шынымен де қазақша өтті. Qazaqfilm шоуында хронометраждың жартысынан көп болмаса, тең елу пайызын орысша алғаны пікір қалдырған қауымды ренжітті. Бір жағынан мұны да түсінсе болады.
Талқылау кезінде «Қазіргі көрермен санасы қазақ тіліне шөлдеген» дей тұра, орысша сөйлеудің өзі, ойлансаңыз – ирония.
Бұл «таза» қазақша тілді еңдіру туралы сауалүрдісін байқайтын мәселелердің біріне нұсқауы мүмкін. Осындай сұраныс та, бір шетінен, даулы мәселе. Бірнеше тіл меңгере тұра, өз орнымен, әрине, аралас сөзбен ойымызды әсерлейміз. Тілдің көркі осында. Осындайда, айрықша күш-жігермен «таза» неміс тілін еңдіру жүрісінен шыққан нәтиже, және Үшінші рейх тәрізді тарихи оқиғалар еріксіз еске түсе кетеді.
Қатысушылар кейде қай тілде сөйлейтінін ұмытып кеткен сәті болды ма? Иә. Сонымен қатар, олардың қазақша тілге бұрмалау талпынысын да байқаса болады. Бұл мәселе, менің ойымша, алдын ала нақтырақ бұйрық пен бағыт қою арқылы шешілетін еді. Дегенмен көптеген көрермендер тарапынан ашық сын, осы дауыл көзін түзеуге себептес бола алатынына сенімдімін.
Сөз барысында айта кетсек. осы сұрақтың түбі подкасттың негізгі мәселесін – «бағытсыздығын» ашқан тәрізді.
Сын
Әдетте, барлық салаларда жаңадан жасалған жобаларға жеңілдік беріледі. Әр проектінің жолында, бірде ой түтіп, көз салып, өзіндік тәжірибе үшін бақылайтын қателіктер мен сәтсіздіктер болады. Ол – процестің бір бөлігі.
Дегенмен, сұрақ көтерілді. Qazaqfilm-ге де осындай кепілдік бере аламыз ба? Мысалы, біздік болашақ жобаларға тек позитивті құлшыныспен қарастыру себебінің бірі – ресурстардың жетіспеушілігі. Ал Qazaqfilm бұл бөлімде кемшілігі жоқ екені анық.
Бұл – екі достың кішігірім подкаст үшін, секонд-хенд жазу жабдығын сатып алып, өздерінің ұнататын тақырып туралы шығатын подкаст емес.
Бұл – салық төлеушінің арқасында, қаржымен қамтамасыз етілген, кез келген мәселеде қаражаттан қысылмайтын студия. Бағдарлама үлкен, жайлы бөлмеде және сәнді стильде жасалғанын да байқаймыз. Жалпы дыбыс пен камера өндірісі де жоғары деңгейде. Продакшн тұрғысынан – подкаст мінсіз.
Бұл жобада көрерменді шатастыратын бөлек тұрғысы бар. Шәкенов атындағы ұлттық Qazaqfilm киностудиясы өз брендін жаңартуға күш салуда. Оның төрінде студияның жаңа шығармашылық директоры Жандос Айбасов тұр. Иә, подкасттың (потенциалды) хосты.
Осы жиналған дерек ішінде, толықтыру үшін маған жетіспейтін бөлік – подкасттың мақсаты. Белгілі бір себептерді шешуге келетін болсақ та, дегенмен өндіріс тобының форматы мен ниеті қандай екенін түсіну күрделік тудырып тұр. Тіпті эпизодтың атауы да осы бағыттық дағдарыстың айнасы болып табылады. Әдетте, потенциалды көрермендердің назарын аудару үшін, аз дегенде бір-екі ауыз сөз айтылады. Ал Qazaqfilm подкастының тақырыбы: «Жандос Айбасов, Зарина Кармен, Санжар Мади, Рүстем Жаныаманов, Аян Өтепберген | Qazaqfilm Подкаст».
Әрине, біреу эпизодты тек атаулары үшін шертіп көреді. Бірақ ол, қызығушылық арттыру үшін, аздап итермелеуді қажет ететін аудиторияның үлкен бөлігін ескермеді. Назар аудару – бүгінгі күнде баршамыздың еңбекпен табатын ресурс. Ал Qazaqfilm оны ұстауға көп күш салмай жатқан сияқты.
Шақырылған қонақтардың саны да нақты емес. Қонақ жүзінде қатысқан әртістің әрқайсысы өзінше қызықты, жиып келген пікірлерінің де өз құндылығы бар. Түсірілім барысында әртістердің қарым- қатынасы, сөз таласы жақсы химияға ие бола келе, бәрібір ортақ тілтабысу көрсеткіші болып табылмайды. Шоуда әр шақырылған әртіспен эпизод болмаса, ең болмаса жұптардың қарама-қарсы, немесе қызықты комбинацияларын шақыру оңай болар еді. Hollywood Reporter’s Actor Round Table орнына Variety’s Actor on Actor форматы подкастқа сай болар. Кем дегенде, бұл подкастты сапалық тұрғыда құбылмалы жағдайдан алып шығар еді. Бірыңғай үйлесімдік жетіспейді.
Тұтас алғанда, жоғары өнім сапасына қарамастан, подкаст жалындаған ынтасын/ құлшынысын анық ашпаған, ауқымды өндірістік топтың жай ғана тәжірибесі сияқты. Медиа-жобалардың астарындағы мотивтерге мән бермеген. Маркетинг тобындағы біреу, Dop Soz тәрізді подкасттарға көрермендік қызығушылық артып жатқанын аңғарып, «Біздің неміз кем? -Өзіміз де жасайық» деп шешімге келгендей.
Жандос Айбасов пен Qazaqfilm подкастының жаңа, қызықты бағдаралама болу потенциалы бар. Тек мен соны жеткізудің неғұрлым құрылымды тәсілі болса екен деп тілеймін. Дәл қазір, қазақ тілінде шығатын подкасттар көп емес. Каринаның эпизодта айтқаны рас, елде қазақ тіліндегі контентке деген құштарлық өсіп бара жатыр. Дәл бүгінгі ашылған тақырып, алайда, аудиторияға тиімді сапалы өнім болуға лайық емес. Студия не істесе де, біріншіден подкастты не үшін жасап жатқанын аңғарғаны, немесе хайп тудыратын шоуға нүктелсе, хайптың қайдан және қалай туып жатқанын анықтап алғаны жөн.