Жамбылды жаңаша танытқан көркем туынды

Режиссері әрі сценарисі: Жандос Құсайын  

Бас рөлдерде: Досжан Жанботаев, Асылбек Әйтіш, Индира Сабырова, Асан Мәжит.

Алғы сөз

Қазақ киносы қай бағытта дамып жатқанын көріп отыру үшін отандық картиналардың ешбірін жібермеуге тырысамын. Бұған дейінгі деректі фильмдердің бәріне ортақ бір кемшін тұсы – тарихи бейтараптық жоқтығы еді. Кейіпкердің болмысы бүкпесіз ашылмайды. Авторлар ессіз ғашық тұлғаны қаһарман ретінде ғана көрсетуге бейіл. «Жамбыл. Жаңа дәуір» картинасы бұл соқпаққа түспепті. Оны ақын, жырау ретінде ғана емес, пенде ретінде де танимыз.


Туындының негізгі ойы 

Фильмде жас Жамбылды да, қарт Жамбылды көресіз. Әуелде басы ноқтаға сыймаған асау адамның қысымнан соң қалай өзгергеніне куә боласыз.

Сүйінбайдың талантты әрі шыншыл шәкірті Жамбыл елді алаңдатқан бүкіл мәселені ашық айтып жүреді. Ешбір бай да, билік те, өзге ақындар да Жамбылға тойтарыс бере алмайды. 

Осындай ақынды кеңес үкіметі билік саясатының насихатшысы етуге күш салады. Жамбылға отбасы мен достары арқылы бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетеді. Ақын әуелде қарсылық білдіргенімен, өзінің кесірінен зардап шеккен жақындарынан қысылып, биліктің айтқанына көндіге бастайды. 

Совет билігі оны социализм мен Сталин туралы өлең жазуға мәжбүрлейді. Билік Жамбылдың атымен өзге авторлардың өлеңдерін де басып шығарады. Фильм авторлары Кенесары ханды қаралайтын өлеңді осындай шығарма ретінде көрсетеді. 

Еріксіз түрде ұстанымынан тайған Жамбылды пенде ретінде көреміз. Фильмдегі бас кейіпкердің болмысындағы құбылыстар шебер көрсетілген: монтаж, музыка мен актерлер перформансы мақтауға лайық.

Монтаж 

Қазақ киносының бәрін көрдім деуден аулақпын, бірақ оқиға желісі мен бас кейіпкердің болмысын аша түскен кәсіби монтажды осы фильмнен ерекше байқадым. Вижуал Жамбылдың бойындағы өзгеріс пен диалогтар ырғағына сай құрылған.

Ақынның жастық шағы мен бойынан қуат кете бастаған кезеңі қатар көрсетіліп отырса да, шатаспайсыз. Қарт Жамбылға қояр көп сұрағымызға оның жас кезінен жауап табамыз. 

Әуен көрерменге ақын ішіндегі арпалыс, қарсылық пен бұлқынысты сезуге көмектеседі. Фильмнің шарықтау шегіне дейін дыбыс күшейіп отырады да, соңына қарай саябырсиды. Осы арқылы Асау Жамбылдың көлеңкесіне айналған қарияның күйін көрсеткендей.


Диалогтар 

Фильмде Жамбылдың ғана емес, өткен ғасырдағы қазақтың біраз зиялысының образы жанама түрде ашылады. Бір мысал келтірейін.

Қазақстанда совет билігінің орнауына көп үлес қосқан саяси қайраткер Ораз Жандосов Жамбылды аға тұтады. Екеуі жақын араласады. Жандосов Жамбылды совет билігінің пропаганда құралы ретінде пайдалануды ұсынған залым көрінгенімен, ақынға жамандық ойламаған еді. Ол Жамбылдың атын бүкіл одаққа әйгілі еткісі келген. Оның үстіне, өзі совет билігінің болашағына шын сенген тұлға болатын. 

Сценарист қайшылыққа толы, күрделі тұлғаның болмысын жақсы ашқан. Жақтау да, даттау да жоқ. Шешімді көрерменнің өзі қабылдайды.


Актерлік шеберлік

Актерлер сендіре алды. Жас Жамбылдың кейпіндегі актер Асылбек Әйтіштің көзінен жас ақынға тән тентектік пен жігер көреміз, ал ақын өмірінің соңғы жылдарын сомдаған актер Досжан Жанботаев рөлдің салмағын шын сезінгені көрініп тұр. Өзі көп жылын сарп еткен совет билігі кейін сатқын деп атып тастаған Ораз Жандосовтың қайшылықты образын Асан Мәжит шебер алып шыққан. 

Операторлар жұмысы

Жамбылдың өте жақын алынған кадрларынан ішкі күйін көресіз. Үрей мен күйзеліс қысқанда кадр бұлыңғыр тартады. Мұндай тәсілді заманауи кинода жиі көріп жүрміз. 

Бірақ фильм авторы Жамбылдың айтыс кезінде қобалжығанын субьектив кадр, яғни бірінші жақтан түсірілген видеолар арқылы ашқаны жаңаша тәсіл көрінді. Режиссердің батылдығын қолдаймын.

Сценарий авторлары кеңес билігіне ашық сын айтады, тұлғасы төңірегінде әлі күнге дейін тартыс бітпеген Жамбылды жаңа қырынан тағы бір танытады. Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген фильмнің осындай заманауи әрі шынайы шыққанына таңқалдым. 

Жандос Құсайын басылымдарға берген сұхбатында бұл туындының ерекшелігін өзі айтыпты. «Ол кісі жайлы көп кітап жазылған, фильм түсірілген. Бірақ ол тарихи шындықтан гөрі сол кездегі жүйенің қажетіне жарайтын дүниелер болатын. Сондықтан қазіргі жастар сол кездегі әлеуметтік жағдайды білуі үшін, кейбір тарихи мәселелерге, тарихи тұлғаларға баға беруі үшін осындай фильмдерді көруі керек деп есептеймін» дейді ол.

Мен де солай есептеймін. «Жамбыл. Жаңа дәуір» – сөзсіз көруге тұратын фильм. Режиссер Жандос Құсайынды сәтті туындысымен құттықтаймын.

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски