Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?

Let’s Go!

Глория Вудс АҚШ оңтүстігіндегі Мемфис қаласында дүниеге келген. Он балалы консерватив отбасында өскен қыз жастайынан әнші болуды армандайды. Сөйтіп біраз уақыт шіркеу хорында ән айтып жүріп, кенет дауысы жоғалады. Бұдан соң Глория рэп оқуға көшеді. Бұл нағыз тағдыршешті таңдау еді!

Глория алғашында бір-екі ән шығарып, Мемфисте таныла бастайды. Бірақ жұлдызын жаққан трек – Hittkidd атты продюсердің агрессив соққыға негізделген қарқынды басы көп биті еді. Ол биттің хитке айналарына кәміл сенеді. Hittkidd әуелде онысын Megan Thee Stallion-ға жібергенімен, хаты жауапсыз қалады. Кейін өзі бір кеште танысқан GloRilla-ға хабарласады. Екеуі студияда жарты сағат жұмыс істеп, жаңа ән дүниеге келеді. Еңбектері ақталып, «F.N.F. (Let’s Go)» расымен әп-сәтте хитке айналады! 

Аты жайылған Глорияға тенесилік CMG атты лейблдің көзі түседі. Лейбл басшысы өмірінде бұлай тез танылған әртісті көрмегенін айтып, «Оның хип-хопқа дәл қазір қажет өзгеше дыбысы мен тәсілі бар» деп бойжеткеннің тректеріне жоғары баға береді.

Мемфистің мәнері

Сонымен, GloRilla-ның ерекшелігі не? Алдымен, ерекше дауысын айтайық. Өзі де рэпті дауысын төмендетіп, ырғағын тездететіп оқитынын мойындайды. Бұл агрессив соққы көп стильмен жақсы үйлеседі. Глоға қосылып әндеткің келеді! 

Глорияның көп әртістен тағы бір ерекшелігі – екпіні. Мемфистің мәнерін бірден байқайсың. Өзінше әуезді реңкі бар. Ағылшын тіліндегі көп қазақ айтуға қиналатын «r» дыбысы күтпеген жерде ұшырасады. Мысалы, «мюзик» дегенді «мюрзик», «кубанды» «кюрбан» дейді. Көп дауыссыз дыбысты жұтып қояды. Мысалы, Glo-ның алғашқы альбомының атауындағы «Ehhthang Ehhthang» – «everything» сөзінің өз екпінімен айтқандағы нұсқасы.

Глоның екпіні өзі таңдаған стильмен керемет үйлеседі. Crunk – қайталанатын сөздері көп, қатты да ырғақты 808 битке бағытталған, оңтүстік рэптің ерекше стилі. Бұл стильмен жазылған рэптер клубта жұрттың бәрін дэнсполға шығарып, еріксіз билетіп жібереді. Мәселен, Lil Jon-ның «Get Low» трегі – осы стильдің тамаша үлгісі.

 

Yeah Glo!

 GloRilla-ның музыкасы көңілді. «Yeah Glo!» клибінде Глория көршілерін аралап, әйелдерге ақша таратып, ән айтып жүреді. 

Көп әнінде жастық шақтан, бойдақ өмірден ләззат алу туралы айтады. Онысын жігітпен танысу, өз теңін табу қиындығы туралы айтып жүрген бойжеткендерге үн қосуы деп түсінемін. Рэпте бос әңгімемен басын қатыратын жігіт жоғын мақтан тұтады. 

Бірақ бір қызығы, әйел рэперді көбіне әйелдер, ер рэперді әдетте жігіттер қауымы көп тыңдайды деген түсінік қалыптасқан. GloRilla-ны екі жақ теңдей жақсы көретін сияқты. Әйел тыңдарманға оның дыбысы мен мессежі ұнаса, ерлер қауымын агрессив стилімен, тың әрі көңілді стилімен баурап алған сияқты. Хайп әннің аты – хайп ән.

Глорияның қаншалық танымал екенін бір мысалмен түсіндіріп көрейін. Әйгілі баскетболшы Леброн Жеймс әніңді қосып қойып, оған қосыла шырқауы – көп рэпердің қолы жете бермейтін жетістік. Негізі танымал спортшының жанкүйерлері оның әдетте өзі тыңдайтын әндердің сөзін біле бермейтінен жақсы хабардар. 

«Ehhthang Ehhthang» 

Глорияның дебюттік жазбасы – тамаша party альбом. Гло онда өзін шынайы көрсетеді. Мысалы, «Nun Of Dem» әні тек қара нәсілді тыңдарманға арналған. Ақ америкалық трекке қосылып, дауыстап шырқай алмасы анық. GloRilla-ға әнді көпке ұнамды етуге тырыспайды. Менің ойымша, бұл – жақсы нәрсе. Дегенмен альбомда көпшіліктің көңілінен шығатын ән жетерлік. Megan Thee Stallion-мен жазған «Wannabe» әні – соның мысалы. 

Альбомның продакшны да қызық. «Bad Bih 4 Ya» трегінде рок сезіледі. Мұндай әнді рэп альбомда тыңдаған қызық. 

Оның көп әніне қосылып шырқай алмайсыз. Кейбірінің қайырмасы да жоқ. Бастысы, ағын мен соққыны сезсеңіз болды. Альбомға Kaytranada-ның агрессив компиляциясы ретінде қарасаңыз, тіптен қызық естіледі. 

Олай-бұлай тербеліп, басыңызды шайқап отырсыз ба? Демек альбом мақсатына жетті!

TGIF 

Бір ай бұрын шыққан TGIF трегі GloRilla-ның есімін одан әрі таныта түсті. Бұл жолы оның рэпін анау-мынау емес, Рианнаның өзі шырқап, видеосын жариялады! Бірақ оған дейін-ақ ән көп адамның репит плейлисінде тұрған. 

Танымал әртістің турында опениң болу – енді шыға бастаған өнерпазға зор мүмкіндік. Меганның Hot Girl Summer турының Солтүстік Америка бөлігін GloRilla-ның ашып бергені оған көп тыңдарман әкелді.

Әннің мәтіні тартымды, ырғағы зор, ал GloRilla-ның дауысы ерекше. Күні бойы қосылып шырқай бересің! «Кешкі жеті. Жұма. 35 градус ыстық. Жігітім жоқ! Бірде-бір жігітім жоқ!» (Ары қарай дауыстап айтуға болмайтын сөздер.)

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски