Қазақстандық музыкадағы сайферлер

Сайфер — әртүрлі әртістердің бір инструменталға кезекпен өз шеберлігін көрсетуі.

Отандық сахнада сайферлер тек хип-хоп әртістер арасында емес, эстрада да кеңінен тараған. Көптеген әртістердің бір тректе бас қосуы белгілі бір кезеңнің жайты мен музыкадағы өзгерісін деректейтін шежіре іспеттес.

ASH ҚaZaҚ Pro және 30 рэпер

«All Stars KZ»

2012 жылы ASH ҚaZaҚ Pro шығармашылық бірлестігі қазақстандық хип-хоп әртістердің басын қосқан «All Stars KZ» трегін жариялады.

15 минуттық тректе отыздан астам әртіс әртүрлі бағыт пен өз аймақтарына сай оқу стилімен бір битке оқып, 2010-жылдардың басындағы қазақстандық хип-хоптың басты ағымдарын деректеп кетті.

MOLDANAZAR, Aldiyar, Darkhan Juzz, Ayau, Dequine, De Lacure

«Jusan: Senimmen»

2022 жылдың соңында отандық поп сахнаның әртүрлі бағытының жарқын өкілдерінен тұратын Jusan банкінің қолдауымен сайфер жария болды. Дидар Исаханның домбырасының әуезді әуені мен сенімге жол сілтейтін әртістердің мәтіндері дала еркіндігі мен соңғы жылдары орын алған тамырларға оралуды баяндайтындай.

G.H.A.D. Black Cost. Arlan. BK.

«Тас жарған гүлдей»

Режиссер Сәкен Битаев бастамасымен құрылған Salamalec Sound шығармашылық қозғалысының айналасында жиналған әртістер тректерінде басты акцентті мәтінге қоюмен ерекшеленді.

«Тас жарған гүлдей» сайфері 2008 жылы бейнебаянмен бірге жарық көріп, 2000-жылдардың соңындағы қоғам халінің шежіресінің қалдырғандай.

Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Қуандық Рахым, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржан

«Алақанымнан ұшқан аққуым»

Қазақстандық эстрадалық поп сахнасының ең басты жұлдыздарынан тұратын «Алақанымнан ұшқан аққуым» әні Төреғали Төреәлінің қарындасының тұрмысқа шығуына арналып жазылған. Жұлдызды құрамнан бөлек, әр әншінің бөлігінің алдында олардың танымал махаббат туралы әндерінің сэмплдері қойылып, мәтін қарындасын ұзатып жатырған ағалардың махаббатын көрсетеді.

AYRYS, JETI, dudeontheguitar, HIRO, Yenlik, Shiza, RYSO, YLW, De Lacure, Stels Travoltah, Аль-Хайям

«DISCLAIMER»

Хип-хоп жаңа мектебінің ең белді өкілдері отандық сахнаның жаңа толқынының айтар ойлары мен әртүрлі мәдениеттердің тоғысуынан қалыптасқан стилін деректеуге AYRYS-тің «ОХ УЖ ЭТИ РЭПЕРЫ» альбомының дөңгелек үстеліне жиналды.

Big Kajy, ZAQ, Attila, ШYNGYS, Loonylao (Soulbirkez)

«Qara Beri»

2018 жылы НТК телеарнасында Qara Beri атты елдің үздік хип-хоп орындаушысын табу үшін бүкіл қазақстандық ауқымды жоба өткен болатын. Жобаның промосына Ninety One мүшесі ZAQ-тан бөлек, қазақтілді рэптің ардагер негізін қалаушылары мен қазіргі таңда көптеген беделді әртістерге гострайтингпен айналысатын рэперлер жиналды.

Ninety One, Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Марсель, Мәди Сыздықов, ДинаЯ, Қарақат Башанова, Assyltas, Ренат Гайсин

«Ұмтыла бер тек алға!»

2021 жылы өткен халықаралық жазғы Олимпиада ойындарына арнап ҚР Олимпиада Комитетінің тапсырысымен отандық поп және эстрада сахнаның өкілдері ән жазды. Олимпиадаға қатысушы спортшылардың рухын көтеріп жігерлендіруге арналған ән бірнеше бөлікті ауқымды туынды болып шықты.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Фильм «Белек»: как не случилось принятие себя через чувство вины 
Культура
#кино
Фильм «Белек»: как не случилось принятие себя через чувство вины 
В Алматы состоится лекторий от «Book Культура»
Город
#события
В Алматы состоится лекторий от «Book Культура»
Велошах: Sen özingdi aldaisyn
Культура
#кино
Велошах: Sen özingdi aldaisyn
ОТ НЕОКЛАССИКИ ДО САУНДТРЕКОВ: ИНТЕРВЬЮ С ОСНОВАТЕЛЕМ TYNDA MUSIC
Город
#события
ОТ НЕОКЛАССИКИ ДО САУНДТРЕКОВ: ИНТЕРВЬЮ С ОСНОВАТЕЛЕМ TYNDA MUSIC
Отказаться от хитов и остаться собой: дебютный альбом Tommy Richman «COYOTE»
Без рубрики
#музыка
Отказаться от хитов и остаться собой: дебютный альбом Tommy Richman «COYOTE»