Қазақ жазуының тарихы: кириллицадан латынға 

Бейнеленген: биыл «Қазақ» апталық газетінің шыға бастағанына. Дереккөз: azattyk.org

Үздіксіз үш нәрсеге қарауға болады: судың аққанына, оттың лаулап жанғанына және адамдардың латын әліпбиі қандай болуы керектігі жайлы өзара дауласқанына.

Тіл мамандарының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін ретке келтіре алмай жүргендеріне бес жылдан асты. Бұрында қазақтар қандай әліпбиді қолданғаны және неге әлі латын әріптерімен жазбайтындығымызды білу үшін біздің материалды оқыңыз. 

Алайда латын әліпбиінің тағдыры ұзаққа бара қоймады. Ол 1929 жылдан 1940 жылға дейін пайдаланылды. Сол жылы «Латындандырылған қазақ әліпбиін орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге ауыстыру жайлы» заңнама қабылданды. Яғни, қазақтар енді кирилицамен жазатын болды. Содан бері Қазақстанда кириллица біржола тұрақтап қалды. 

Жазу пайда болған орта ғасырларда қазақ халқы көне түркі тілін қолданды. Кейін 10-20 ғасыр аралығында ислам дінінің таралуына байланысты араб әліпбиі қолданыста болды.

1912 жылы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне бейімдеп, жаңа әліпби жасады. Ол халық арасында «төте жазу» деген атпен кең тарады. Реформаналған араб әліпбиі қазақ-орыс мектептерінде, медреселерде оқытылды. Байтұрсынұлы өзі редактор болған «Қазақ» газеті араб графикасында жарыққа шығатын.

1920 жылдардың басында Кеңес өкіметі орыстілді емес елдерде тіл реформасын бастады. Реформа жергілікті әліпбилерді латын қарпіне көшіру жайлы болды. Кей тарихшылар реформаның мақсаты мұсылман елдерді ислам дінінен алыстатып, құндылықтарын ұмыттыру болғанын айтады.

 

Фото 1: azattyk.org
Фото 2: history1752.su

Латын әліпбиіне көшу идеясы қазақ зиялыларын екіге бөлді. Мәселен, тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлы бастаған кейбір қазақ зиялылары араб жазуының жақтаушылары болды. Олар латын жазуының казақ фонетикасын жеткізуде мүмкіндігі аз екенін алға тартты. 

«Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-терін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек», деді Байтұрсынұлы.

Өз кезегінде, латыншылар араб әліпбиінің бас қатыралық қосымша белгілері көптігін, солдан оңға қарай жазылуын, дыбыстарды дәл жеткізбейтінін сынға алды. Дау ұзыққа созылды (бірденені еске түсіреді, солай емес пе?). Ақырында, латыншылар жеңіп шықты

1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын «Жаңа алфавит туралы қаулы» шықты.

Фото 1: tengrinews.kz
Фото 2: tengrinews.kz

Алайда латын әліпбиінің тағдыры ұзаққа бара қоймады. Ол 1929 жылдан 1940 жылға дейін пайдаланылды. Сол жылы «Латындандырылған қазақ әліпбиін орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге ауыстыру жайлы» заңнама қабылданды. Яғни, қазақтар енді кирилицамен жазатын болды. Содан бері Қазақстанда кириллица біржола тұрақтап қалды. 

Бірақ қашан да болмасын араб графикасын қайтару туралы ұсыныс тоқтаған емес. Qazaq grammar жобасының авторы, Нұрсұлтан Бағидолланың айтуынша, латын әліпбиіне көшудің ең негізгі себебі қазақ тілінің төл дыбыстық заңдылықтарын қалпына келтіру:

«Қазақ тілі 1940 жылы кириллицаға көшкеннен кейін русификацияға, яғни орыстандыру саясатына қатты ұшыраған. Қазақ тіліне мүлдем қажетсіз дыбыстар қосылуымен қатар, кірме сөздердің түгелі дерлік орыс тіліндегі нұсқасы бекітілді. Яғни қазақ тілінің шетелдік сөздерді бейімдеу механизмі жойылып қалды. Мысалы 1940 жылға дейін «алюминий« сөзін қазақшаға бейімдеп «әлүмен» деп, «клуб» деген сөзді «құлып» деп айтатын, жазатын. Латын реформасының негізгі себебі осыларды жөндеу».

Источник фото: Центральный госархив кинофотодокументов РК

Латын әліпбиіне ауысу қаншалықты қымбатқа түсетінің жайлы нақты есептеу жоқ. Экономист Жандос Темірғалидің сөзінше, жалпы шығын 200 млн доллардан асып кетсе, таңғалатын түгі жоқ. Латын әліпбиіне көшуді құптамайтындар кеткен шығын ақталмайды, халықтың сауаттылығы төмендейді, кириллицада жарық көрген туындылар жоғалады деп қорқады. Аталған қауіптердің алдын-алу үшін бұл мәселе жан-жақты зерттелуі керек. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Плохая девочка»: кризис среднего возраста глазами женщины
Культура
#кино
«Плохая девочка»: кризис среднего возраста глазами женщины
Дэвид Линч: Смерть в искусстве
Культура
#кино
Дэвид Линч: Смерть в искусстве
ТОКИО СЛЕЗАМ НЕ ВЕРИТ: «О ЖЕНЩИНАХ И АСУРАХ» — ПРОНЗИТЕЛЬНАЯ ПОВСЕДНЕВНОСТЬ ЯПОНСКИХ ЖЕНЩИН
Культура
#кино
ТОКИО СЛЕЗАМ НЕ ВЕРИТ: «О ЖЕНЩИНАХ И АСУРАХ» — ПРОНЗИТЕЛЬНАЯ ПОВСЕДНЕВНОСТЬ ЯПОНСКИХ ЖЕНЩИН
Женский марш под запретом акимата: в Алматы пройдёт пресс-конференция с организаторками
Ликбез
#общество
Женский марш под запретом акимата: в Алматы пройдёт пресс-конференция с организаторками
Автора QazNews24 Темирлана Енсебека задержала полиция
Ликбез
#общество
Автора QazNews24 Темирлана Енсебека задержала полиция