Burning sun. Жазадан жалтарған айдолдар

Бұл дау 2019 жылы басталды. Әйгілі k-pop айдолдары (әртіс) есірткі тұтынды, қыздарды зорлап, онысын фото-видеоға түсірді деген айыппен сотталды. Бірақ жеңіл жазамен құтылды. 19 мамырда BBC арнасы осы жанжал туралы деректі фильм жариялап, Burning sunның көпшілік білмеген қырларын ашты.

Зорлықшылар чаты

Гангнам ауданында түнгі клуб, бар мен мейрамхана көп. Танымал айдол Сынри шығармашылықтан бөлек жеке кәсіппен де айналысуға кірісіп, Burning sun деген атпен түнгі клуб ашады. Онда қарапайым адамдар мен ауқатты v.i.p қонақтар бөлек отыратын. Клубта қыздар көп болуы керек деген ереже болды. 

Клубтың бұрынғы қызметкерлерінің сөзінше, ауқатты қонақтар клубқа келген қыздардың ішімдігіне есірткі қосып, есі кіресілі-шығасылы бойжеткендерді жертөледегі бөлмелерге не мәшинемен белгісіз бағытта әкетіп жүрген. Burning sun клубында нақты қанша әйел зәбір көргені белгісіз. Сотқа тек бес жәбірленушіден шағым түскен. 

Осы клубтан шықпайтын айдол әртістер — Чон Жун Ён, F.T.Island тобының мүшесі Чхве Чжон Хун мен әйгілі Big bang тобының мүшесі Сынри — ортақ чат ашып, қыздарға қалай қорлық көрсеткенін бөлісіп отырған. Қай қызды қашан және қайда зорлағаны жайлы сөйлескен. Чат мүшелері арасында CNBLUE тобының мүшесі Чжон Хен мен Highligt тобының мүшесі Чжун Хён де болған. Танымал рэпер Zico бұл чаттан хабардар болған деген қауесет бар. 

Сынри түнгі клубында жаппай зорлық болып жатқанына көз жұмды. Табысқа кенелу үшін қыздарды ауқатты адамдармен төсектес болуға да мәжбүрледі. Бұл әрекеті үшін айдол бар-жоғы үш жарым жылға (!) шартты жазамен сотталды. Big bang тобынан шеттетілді. Чхве Чон Хун — екі жарым жылға, Чон Жун Ён бес жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Айдолмен алысудың ауырлығы

Осы істі әшкере еткен журналист әйел де айдолдардың танымалдығынан жапа шекті. MBC Newsdesk арнасының журналисі Пак Хе Сил зорлықшылар чаты туралы жазғаннан кейін фанаттардың булиңіне ұшырады. Қатты күйзеліске түсіп, екі рет түсік тастаған. Фильмде Хе Сил бұдан былай бала көтере алмайтынын айтады. 2015-2016 жылдары айдолдар түсірген видеоларды тапқан SBS журналисі де жанкүйерлер қысымына тап болды. 

BBC түсірген деректі фильмде танымал айдол Гу Хараның өлімі жайлы айтылады. Гу Хара 2019 жылы өзіне-өзі қол салған. Көпшілік әуелде мұның себебін депрессиядан көріп еді. Алайда анықтай келе суицидтің түпкі себебі burning sun жанжалы екені белгілі болды. 

Хара мен зорлықшылар чатындағы Чон Жун Ён жасөспірім кезден жақсы араласқан. Бойжеткен Жун Ённан осы чатта Кан есімді офицер де барын біліп, бұл деректі журналиске хабарлайды. (Айтпақшы, қылмысы әшкере болған айдолдар тергеу кезінде осы офицерге арқа сүйеді.) 

Бұрынғы жігіті Хараны жалаңаш видеоларыңды желіде таратып жіберемін деп қорқытқан-ды. Өзі де сексуал бопсаны бастан кешкен бойжеткен айдолдардан зәбір көрген қыздарға осылай көмектескісі келеді. Алайда стреске шыдамаған Хара өзіне қол салды. Оның батыл әрекеті көп қыздың шала болса да әділдікке қол жеткізуіне септесті.

 

Биыл 19 наурызда Чон Жун Ён бостандыққа шықты. Ал Сынри түк болмағандай әлеуметтік желіде белсенді. Жанжалға қатысы бар Чжон Хен мен Чжун Хён де шығармашылығын тоқтатқан жоқ.

Бұл деректі фильм k-pop әлемінің көлеңкелі тұсына тағы бір назар аудартып, зәбір көрген қыздар әділдікке қол жеткізу үшін қандай қиындықты бастан кешетінін көрсетіп берді.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски