Киімнің наразылық нысаны ретінде әртүрлілігі  

Киім мен сән – саяси мәселелер. Тігетін матаны таңдау, кім өз қалауынша киінуге құқылы деген сауалдарға ұқсас талқылаулар үлкен саяси сұрақтарды туындыра алады. Сонымен қатар сән наразылық білдіру үшін пайдаланылатын құрал да бола алады. Жанель Шаханның соңғы жұмысы мен маршқа шақыратын күрткесімен шабыттанып, наразылық сәнінің әртүрлі формаларына назар салғым келеді.

Once you go black

Қара түс әртүрлі контекстте революциялық түс болып саналған. 

Мысалы, Ресейдің басқыншылығында болған Польша үшін жоқтауға арналған қара көйлек қарсылықтың символына айналды. Символдың таралғаны соншалықты, Польшаның тәуелсіздігін болдырмау үшін 1863 жылы киімнің түсіне қатысты арнайы ережелер енгізіліп, қара көйлек киюге тыйым салынды. Айтпақшы, қара көйлектер символдық түсі үшін ғана емес, сонымен қатар қарсыласу үшін қаруды жасыру мүмкіндігі бар болғандықтан киілген болатын. 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде француз қарсыластары қара берет киген. Бұл дәстүр кейінірек кубалық революционер Че Гевараны тура сондай қара берет киюге жетеледі. Қазіргі кезде оның көпшілікке танымал бейнесін қара беретсіз елестете алмаймыз. АҚШ-та нәсілдік әділетсіздікке қарсы күрескен «Қара Пантера» партиясының негізін салушылар фашистік басқыншылықтағы Франция туралы фильмді көріп, қара беретті киімдерінің бір бөлігіне айналдыруды ұйғарды. Олар сондай-ақ полицияның өздерін тануына жол бермеу үшін күннен қорғайтын көзілдірік және қатысушылардың көпшілігінде бар былғары күртке киген. 

Осы күнге дейін солшыл наразылық акцияларының көпшілігінде қара кию кең таралған тәжірибе болып табылады. Бірдей қара киіну адамдар көп жиналатын жерлерде жолдастарды табуға оңай болуымен қатар, полициядан жасырынуға мүмкіндік береді.

Лифчикті шешейік

Кейбір саяси жағдайларда хабарламалар киім кию арқылы емес, оны шешу арқылы жасалады. Феминистік қозғалыстардың екінші толқыны кезінде белсенділердің арасында көкірекшелерін өртеу үшін жиналып жатқан жынды адамдар тобы ретіндегі бейнесі басым болды. Осы уақытқа дейін феминистік топтардың осындай суреті адамдардың есінде қалды. 

Бір қызығы, атақты шараға қатысқан әйелдің айтуынша, өртеу өткізілмепті. Шерудің мақсаты – әйелдерге қысым көрсететін символдарды «еркіндік қоқыс жәшігіне» тастау болды. Швабра, биік өкшелі аяқ киім мен қызыл далаптан басқа бір жас келіншек көкірекшесін шешіп, қоқыс жәшігіне лақтырып жіберіпті. Өрт туралы түсініспеушілік бір тілшіні ерлер соғысқа шақыратын билеттерін тәрізді әйелдер лифчиктерін неге өртемес деген сұраққа итермелеген. 

Бірақ осыдан бастап көкірекшелердің еңсе көтертпейтін киім ретіндегі бейнесі тамыр алды.

Қазіргі Иранда хиджаб кию барлық әйелдерге міндетті. Осы заңға халықтың төрттен үш бөлігі қарсы. Бұған наразылық білдірген әйелдер көшеге шығып, көпшілік алдында орамалдарын шешіп, наразылықтарын білдіреді. Осыны шектету мақсатымен «дұрыс емес хиджаб киген» деген сылтауды қолданып әйелдерді тұтқындау тәжірибесі кең тарады.

Мұның ең танымал мысалдарының бірі – Махса Аминидің өлімі. Ол хиджабты «дұрыс емес» кигені үшін қамауға алынып, кейінірек жүрек ұстамасына ұшырады деген болжаммен қайтыс болды. Дегенмен оның полицейлердің қолынан қаза тапқаны – кең таралған теория. Оның өлімі хиджабқа қарсы наразылықтардың жаңа толқынын тудырды. Осы оқиғалар кезінде кейбір әйелдер шынымен жамылғыларын шешіп, өртеп жіберген. Осылайша әңгіме шындыққа айналды.

Фото: Yorgos Karahalis / AP

Міне сіздің төсбелгіңіз! 

Төсбелгілер 20-шы ғасырдың басында ойлап табылғаннан бері адамдардың нені жақтайтынын көрсетудің қарапайым және арзан әдісі болды. 1910 жылдардағы әйелдерге дауыс беру құқығын тиесілі етуге шақыратын түймелер музейлерде сақталған. Сондай-ақ 1950 жылдардан бері табиғатты ластамауға шақыратын төсбелгілер киілген. 

Белгілерді жасау арзан, сөмкеге және/немесе күрткеге оңай тағылады. Қара пантера партиясы сияқты ұйымдардың саяси тұтқындарды босату туралы үндеумен былғары күрткелерін безендіруі таңқаларлық емес. Дэвис заңсыз тұтқындалып, ФБР-дің «Ең көп ізделінген» ондығына енгізілген кезде американдық қалалардың көшелерінде «Free Angela» төсбелгілері кең таралды.

Қазір үлкен қалалардағы адамдардың сөмкелері әдетте өздері сенетін саяси ұрандар жазылған төсбелгілермен безендірілген. Егер сіз Нью-Йорктің метросында немесе Алматының автобустарында назар аударсаңыз, аниме белгілерімен қатар «Black Lives Matter» немесе «Love is love» тәрізді жазулар көзіңізге түсуі мүмкін.

Ұран-киім

Ұранды футболкалар бұрыннан бар болған, бірақ көбінесе сайланатын саясаткерлердің промоушендарының бір бөлігі еді. Вивьен Вествуд пен Кэтрин Хэмнетт сияқтылар оларды поп-дискурсқа қайтарды. Трендтің өзектілігі Хэмнетт Англиядағы атом электр станциясының құрылысына наразылық білдіретін көйлек киіп, Тэтчердің қолын қысып тұрған суретке түскен кезде кеңінен таралды.

Саяси ұстанымның маңыздылығы соңғы жылдары тағы да алға шығып, «Dior» дизайнері Грация Кюри өзінің 2017 жылдың көктеміндегі дебюттік топтамасында «we should all be feminists» футболкасын ұсынды. Футболка басқа дизайнерлерге бағыт беріп, келесі жылы «Vetements», «DKNY» және «Alexander Wang» сияқты сән үйлері саяси ұрандар жазылған дизайн шығарды.

Шамамен сол уақытта өзінің сирек перформанстарының бірінде Фрэнк Оушен де ұраны бар жейде киіп шықты. 18 жастағы жасөспірімнің твитінен шабыттанып жасалған футболка: «Why be racist, sexist, homophobic or transphobic when you could just be quiet?» (ауд. – үндемей жүруге таңдау барда, неге нәсілшіл, сексист, гомофоб немесе трансфоб болу керек?), – деп сұрайды. 2017 жылы Оушеннің атағы қатты тарады. Сол кезде көп әншілер гомофобты хип-хоп индустриясы мен жалпы поп-мәдениeтінде ашық бисексуалдар еді. Сол футболка арқылы ол өзіне жақын мәселелерге назар аударды. 

Бірақ осы тренд мүлдем сынсыз емес. «Dior» футболкасының бағасы шамамен 700 долларды құрайды. Қарапайым ұран футболкасы үшін мұндай баға көпшілікке ұнамады. Біраз қоғамдық қысымнан кейін үй сатылымнан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын хабарлады. 

Ал қазір «girl power» деп айқайлайтын футболкаларды кез келген fast fashion дүкенінен оңай табуға болады.

 

Марш Болсын!

8 наурыз күні шеруді өткізу үшін күресте қазақстандық белсенділер жеке пикеттер өткізе бастады. Мәселеге шығармашылықпен кірісіп, Жанель Шахан матаның кесектерін алып, пальтосының артына «Марш Болсын» деген ұранды жазды. 

Алматының аязды ауа-райында пальто киюмәселеге назар аударудың тиімді жолы. Ұран өз киіміңде жазылғанда бір жерде тұрудың қажеті жоқ, хабарлама органикалық және мобильді түрде таратылады. Бұл сондай-ақ басқаларды пикеттерді шығармашылық түрде өткізуге шақыруы мүмкін. 

Әлемдегі «Dior» және «Vetements» дизайндарынан айырмашылығы Қазақстандағы әйелдердің өткір мәселелеріне ықпал ететін шынайы хабар екені. 

Ұрандары бар киім Қазақстанда бұрыннан танымал. Мысалы, «Born Qazaq» және ру атаулары бар футболкалар отарсыздану кезеңінде бірегейлікті құрудың бір жолы деп қарастыруға болады. Соған ұқсас, жақында ғана жеке пикетін өткізген тағы бір феминист Диана Жумагулова-Матвеева «qyzbolsyn» жазылымы бар жейделерін сатылымға шығарды. 

View this post on Instagram

A post shared by Qyzbolsyn (@_qyzbolsyn)

Мұнда келтірілген мысалдар сәннің саяси аспектілерін көрсететін айсбергтің бір басы ғана. Біздің қазіргі саяси жағдайда мәлімдеме мүмкіндігінше қатты және анық болуы керек сияқты. Ұраны жазылған киім – осы қажеттіліктің белгісі.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Культура
#кино
Второй сезон «Аркейна»: больше, громче и ярче
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Город
#события
Идём на перформанс «Корова» Маши Голым
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Культура
#кино
Как создавался казахский дубляж «Моаны 2»
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
Стиль
#мода
Фэшн-перформанс QYSTAU четырёх казахстанских дизайнеров состоится в Алматы
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One
Город
#события
В Астане пройдёт ярмарка талантов Creative One