Сафина Ақтайдың «Burger King-тегі Элвис Пресли» кітабы жарық көрді

Сафина Ақтайдың «Burger King-тегі Элвис Пресли» кітабы жарық көрді

«Aspan Books» баспасы жазушы Сафина Ақтайдың «Burger King-тегі Элвис Пресли» кітабын жарыққа шығарды. Бұл — жазушының алғашқы әңгімелер жинағы.

Қазақстандық «Aspan Books» баспасы жазушы Сафина Ақтайдың «Burger King-тегі Элвис Пресли» алғашқы әңгімелер жинағын жарыққа шығарды. Кітап автордың әр жылдары жазған шығармаларынан топтастырылған.

Сафина Ақтай әңгімелерінде адамның туғанынан өмірден өткенге дейінгі кезеңі саналатын тән түсінігі арқылы әртүрлі өмір тәжірибесін қаузайды. Кейіпкерлердің өмір кеңістігін еңсеруге деген ұмтылысы уақыт рухына ұласып, алайда онымен ешқашан кездеспейді. Кітапта жазушы көші-қон тәжірибесі бар адамдарға, дене саясатына, тән мен жанның қайшылығына, әйел бейнесі және постсоветтік өмірдің жаңа шындығына үңіледі.

Мәселен, «Бағдаршамның жасыл шамы» әңгімесінде Астана қаласының бейнесі арқылы жазушы қала өмірінің атмосферасынан, тұрғындарының болмысы мен ғимараттар сұлбасынан өз кейіпкерлерін іздейді. Оның шығармашылығында фастфуд өнімдері мен киімдер жиі кездеседі, автордың туындылары Қазақстан қоғамына әйел оптикасымен көз тастаудың ерекше тәжірибесі секілді әсер қалдырады.

Сондай-ақ Сафинаның әңгімелеріңде қоғам мен жеке адамның қақтығысы, тәннің отарлануы мен авторитаризмге деген протест, постсоветтік адамның өз тағдырына иелік ете алмауы сияқты әртүрлі тақырыптар қозғалады. Кітапты жақында кітап дүкендерінен, сондай-ақ Friedrich Shegirtke парақшасынан сатып ала аласыздар. Сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында кітаптың тұсаукесерін өткізу шарасы жоспарланған.

Аталған кітаптың мұқаба суретінің авторы — суретші Дәрия Темірхан, түзеткен және өңдеген — Сара Бекжан, фотограф — Әсел Кәрібай.

Сафина Ақтай — жазушы, аудармашы, журналист, кино мен тәуелсіз өнер туралы жазатын автор. Ол 1996 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Шығармалары ағылшын, орыс, түрік тілдеріне аударылып, «Дауыс» антологиясында, «Angime», «Дактиль» және т.б басылымдарда жарық көрген.

Өнер және философия туралы «Friedrich Shegirtke» жобасының авторы. 2023 жылы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының қолдауымен басылып шыққан ғалым Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын қазақ тіліне аударған.

Сафина Ақтайдың «Қожа. Жаңа саяхат» фильм туралы соңғы шолуын оқыңыз.

Ал бұл мақалада ’98mag авторы қазіргі қазақ поэзиясы туралы ой қозғайды.

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Год цензуры в Казахстане
Ликбез
#общество
Год цензуры в Казахстане
jeltoksan. «korgasyn» құйғанына бес жыл толды
Культура
#музыка
jeltoksan. «korgasyn» құйғанына бес жыл толды
Всё, что нужно знать о 9-м сезоне Eurasian Fashion Week
Стиль
#мода
Всё, что нужно знать о 9-м сезоне Eurasian Fashion Week
Казахстан примет участие на фестивале Avignon Off 2025
Ликбез
Казахстан примет участие на фестивале Avignon Off 2025
Как превратить понедельник в чилловый день
Ликбез
#общество
Как превратить понедельник в чилловый день