Әйгілі имидж сәулетшісі – Лоу Роуч

Зендая, Аня Тейлор Жой мен Селин Дион тәрізді танымал жұлдыздардың атышулы образдарын кім таңдайды екен деп бір рет болсын ойланған шығарсыз. Ендеше Лоу Роучпен таныс болыңыз.

Чикагодағы тұрмысы орта, көп балалы отбасынан шыққан, бір кездері секонд-хендтерден винтаж киім жинап жүрген Лоуренс Роучты қазір сән әлемінің сыншылары «имидж сәулетшісі» деп атайды. 

 

fuck you элементі

Лоу Роуч әр адамға киімді ерекшелігіне қарай таңдап береді. Айтары бар, астары бар образ құрастырады. Сондықтан болар, ол жасаған әр киім үлгісі адамның мәлім де беймәлім болмысын ашады. Луктары көздің жауын алып, сән әлемінде қызу талқыға түседі.

Лоу Harper’s Bazaar-ға берген сұхбатында өзінің method dressing-пен айналысатынын айтқан. Лоу қандай да бір жұлдызды киіндірерден бұрын ивент тақырыбынан бөлек, адамның жеке бренді мен дүниетанымына мән береді.

Роуч жасаған образдарға ортақ дүние – батылдық. Өзі де «Мен киіндіретін барлық қыздың бойында fuck you деген элемент бар» дейді. Алайда оның образдары барлық адамның бірдей көңілінен шығады деу қиын. Әсіресе басынан бірнеше есе үлкен, қап-қара қалпақ киген Зендаяның 2014 жылғы образы есімнен кетпейді. Дегенмен Лоудың луктарында месседж барын ұмытпаған жөн. Әр элемент – шаш үлгісі, зергерлік бұйым мен мейк-ап – образдың маңызды бөлігі. Оның философиясын түсіну үшін бірнеше жұмысын талдап көрейік.

«Эмманың премьерасындағы Аня Тейлор Жой» (2020) 

Роучтың жеке мұрағатынан алынған Боб Макидің винтаж көйлегі Аняға жараса кетті. Маки My Fair Lady фильміндегі Одри Хепберннің образынан шабыт алған. Образ Аня промоушн жасап жүрген ағылшын дәуіріндегі реженси көйлектерін еске салды. Мойын бөлігі жеңіл әрі нәзік көрінеді. 

Бұл лук Аняның Emma фильміндегі рөлі мен фильм тақырыбына сай келді. Көйлектің ашық арқасын есепке алмағанда, осы образ арқылы Аня мен Лоу өткен дәуірдің сән үлгісіне емеурін жасайды.

 

Грэммидегі Ариана Гранде

2020 жылы Ариана Гранденың шығармашылығы ерекше көзге түсіп, өз жанрындағы үздік әртістің біріне айналды. Оның thank u, next альбомы көп рекордты жаңартып, марапаттың астында қалды. Оның ішінде Грэмми жүлдесі де бар.

Ариана Гранденің Грэммиді табыстау салтанатындағы лугы ханшайым образына келгенімен, атлас матадан тігілген көйлегі өте жеңіл әрі ерекше көрінеді. Көйлек әншінің сүйікті бұлт эмодзиіне ұқсайды. Бір жылдан кейін киген Жамбаттиста Валли тігіп берген көйлегі де сұр түсті селдір матадан тігілді. Өзі сүйетін әдіспен түйілген шашы Ариананың образын аша түсті.

Бұл лук Ариана шығарған Cloud парфюмін еске салды. 2018 жылы сатылымға түскен гүл жұпарына әлі де сұраныс жоғары. Жеңіл де тәтті парфюмді көпшілік «адамды баурап алатын иіс» деп сипаттайды. Ариананың мойыны ашық көйлегі мен атлас қолғабы осы жұпардың сипаттамасына ұқсайды. Бұл образ арқылы Лоу әнші әрі кәсіпкер Ариананы өте жақсы білетінін танытты.

 

Париждегі Селин Дион

Селин Дионды тыңдарман шоу-бизнестегі әртістің бірі ретінде емес, аты аңызға айналған ертегі кейіпкеріндей қабалдайды. Рас қой? Селин Дионның әні «Титаник» фильмінің ажырамас бөлігіне айналып, аты да сол туындымен біте қайнасып кетті.

Лоу Роуч мұны өзгерткісі келіп, Селинді жаңашылдықтан қорықпайтын әйел ретінде көрсетті. Бұл үшін 2014 жылы құрылып, тез танылған Vetements сән үйіне жүгінді.

Елестетіңізші. 2016 жылы. Жаз. Париждегі кутюр апталығы. Тар жинс шалбар киіп, күміс былғары сөмке ұстап, сәнді көзілдірік таққан Селин Дион кетіп барады. Үстінде – «Титаник» х Vetements оверсайз худиі. Керемет қой?! Жұмбақ, жаңашыл жұлдыз! Классикалық Дион мен классикалық Роучтың тандемі сөзсіз сәтті шықты.

Оскардағы Меган

Кейінгі жылдары Меганның өмірі шырғалаңға толы болды. Дрейк, Ники Минаж бен Эминем сияқты рэперлер оның 2020 жылы бастан өткерген зорлық-зомбылық оқиғасын келеке еткен ән жазды. Меганның Тори Лейнздан жапа шеккеніне күмәндана қараған адам аз болған жоқ. Бірақ Меган мұның бәріне шыдап, біршама уақыт тасада жүрді де, былтыр наурызда күтпеген жерден қызыл кілемге оралды. Образын Лоу Роуч құрастырды.

Меган бітімін айшықтап көрсететін көйлектерді жақсы көреді. Мұны жақсы білетін Лоу оған fishtail (балық құйрығы) пішіндес қара көйлек ұсынды. Көйлектің көкірек тұсы терісі түлеген жыланды еске салады. Оны Мегтің жаңа альбомындағы синглы – Hiss концептінің тизері деуге де болады. Кейін Лоу Роуч рэпер қызға винтаж үлгідегі Пако Робанна образын құрастырып берді. Бірақ бұдан соң екеуінің серіктестігі тоқтады. 

 

Fashion Soulmates

Зендая мен Лоу бірін-бірі туысындай жақсы көретін дуэтке айналды. Танысуы да қызық. 14 жастағы Дисней жұлдызы Зендая Лос-Анжелесте шопиң жасап жүрген Лоумен кездесіп қалады. Сол сәттен бері Зендаяның әр образында Лоудың қолтаңбасы бар.

Енді аты шығып келе жатқанда Зендаяның образдары таңданыстан гөрі көбірек сұрақ тудыратын. Әр лугы қызу талқыланатын. Мысалы, 2015 жылы Зендая Вивьен Вествудтың ақ көйлегін киіп шыққанда Лоудың ұсынысымен шашын дредлокс стилінде өріп шықты. Сонда журналистің бірі «Зендаяның шашынан пачули майының не марихуананың иісі аңқып тұр-ау!» деп нәсілшіл әзіл айтқаны бар.

Лоу кезінде бес ірі бренд – Chanel, Saint Laurent, Dior, Gucci пен Valentino – Зендаямен жұмыс істеу туралы ұсыныстардан түрлі желеумен бірнеше рет бас тартқанын айтқан. Лоу бұл брендтермен енді серіктес болмайтынын, Зендая әлі күнге дейін (арнайы келісімшарт болмаса) Chanel не Dior-дың киімдерін кимегенін айтты.

 

Method styling

Роуч бір-бірімен үйлеспейді деп саналатын элементтерді образдарында сәтті ұштастырады. Арандатушы дерсің! 

Роучтың стилист ретіндегі method styling ұстанымы Зендаяның Dune және Challengers пресс-турындағы образдарынан көрінді. Оның Dune. Part 2 премьерасына киген робот бейнесіндегі таңғажайып образы көпті тәнті етті. Образдың жасалу барысы да қызық. Лоу Mugler сән үйіне 1995/96 костюм топтамасын сұрап хабарласқанда бренд бұл ұсынысқа қорқа қараған көрінеді. Олар костюм Зендаяға шақ келмеуі мүмкін деп уайымдапты. Алайда робот пішінді костюм әртіске құйып қойғандай жараса кетеді. Зендая кейінірек бұл киіммен тым көп жүріп қойып, басы айналғанын айтқан. Бірақ образ сәтті шыққаны сөзсіз!

Challengers-тің пресс-турындағы образы да керемет шықты. Әуелі Loewe изумруд жасыл түсті көйлегімен басталды. Кейін теннис киіміне ұқсайтын жылтырлаған көйлегі мен өкшесіне теннис добы қадалғандай туфли көздің жауын алады. Монакодағы теннис турнирінің қарсаңында киген ақ жемпірі мен макси белдемшесі фильмінің спорт тақырыбын ашып, old money үлгісіне сай келді. Бәрі Зендаяның ажарын ашты!

Қорытынды 

Атақты стилист Лоу Роуч ауыр күйзеліске түсіп, зейнетке шықты. Қазір жұмысы аздап өзгерді. Ол таяуда сенімділік туралы How to Build a Fashion Icon: Notes on Confidence From the World’s Only Image Architect кітабын басып шығармақ. Amazon-да алдын ала тапсырыс беруге болады.

Лоу Роуч бұдан былай Аня Тейлор Жой қызыл кілемге не киіп шығарын, қандай әшекей тағарын шешпес, бірақ сән әлемінен біржола кетті деуге болмайды. Оның түпкі мақсаты – дизайнер болып, өзінің сән үйін ашу. Сондықтан Лоу Роучтың атын ұмытуға асықпаңыз. Таяу жылдары имидж сәулетшісінің өз қолынан шыққан асқақ туындылардың куәсі болуымыз мүмкін.  

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Стиль
#мода
Как прошёл IV сезон Visa Fashion Week Tashkent
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки вошёл в шорт-лист кинопремии Alternativa Film Awards
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
Ликбез
КАК РАЗОБРАТЬСЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ФУТБОЛЕ?
«Время жить»: эмоциональные качели  с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
Культура
#кино
«Время жить»: эмоциональные качели с Флоренс Пью и Эндрю Гарфилдом
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски
Культура
#кино
«Жезтырнақ» — elevated horror по-казахски